Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дал сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші бөлігінде иөзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының (осы Кодекстің 344, 345-баптарында аталған адамдарды қоспағанда) жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік қу_ралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, егер бү_л эрекет абайсызда адам денсаулыгына ауыр зиян келтіруге экеп соқса жауаптылық Қылмыстық кодекстің 351-бабы бойынша реттеледі.

Жол-көлік оқиғаларының катысушылары көлік құралдарын жүргізушілер ғана емес, белгіленген сақтық ережелеріне жауапсыз, немкеттілікпен қараудан, оған ауыр зардап келтіретін адамдар да болуы мүмкін.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 351-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып - жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігінің шарттары, қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі неме­се денсаулығы болады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты — көліктің барлық түрлері (теміржол, эуе, теңіз, су көлігі жэне автокөлік). Ат көлігі бұл қылмыстың затына жатпайды. Осыған орай егер адам ат көлігін пайдалану арқылы бөтенге жарақат келтірсе (мысалы, адамды ат арбамен немесе шанамен немесе салт атпен), онда ол жеке адамға қарсы қылмыс немесе меншікке карсы (белгілі бір жағдайларда) қылмыс үшін жауапты болады. Егер ат көлігін жүргізуші механикалық көліктің кауіпсіз жү_мыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді заңда көрсетілген зардаптарды келтіре отырып бұзса, онда оның эрекеті Қылмыстық кодекстің 300-бабымен саралануға жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы: а) темір жол, эуе, теңіз, су жэне автокөлік қозғалысы қауіпсіздігі жэне көлікті пайдалану ережелерін бұзумен; б) адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру түріндегі зардаппен; в) көрсетілген ережелерді бұзу мен зардаптың арасындағы себепті байланыстардың болуы арқылы сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 351-бабында механикалық көлік құралдарының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелердің бұзылуы туралы ғана сөз болып отыр. Талданып отырған бап бланкеттік диспозицияға негізделген, сондықтан да эрбір орын алған факт бойынша нормативтік актілерге жүгініп, кінэлінің белгіленген ережесінің нақты қайсы талаптарын бұзғанын өте мүдият анықтаған жөн.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының тағы бір міндетті белгісі көрсетілген ережелерді бұзу заңда көрсетілген зардапқа — адам денсаулығына ауыр зиян келтіру (351-баптың 1-тармағы) кісі өліміне (351-баптың 2-тармағы); екі немесе одан да көп адамның өліміне (351-баптың 3-тармағы) экеліп соғуы керек. Келтірілген зардап пен іс-эрекеттің арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік не­месе немқұрайдылық) істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген, оның ішінде лауазым адамдары болуы мүмкін (жолаушы, жаяу адам, велосипед мінген адам, ат көлігінің жүргізушісі, темір жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен адам, мал айдаушы т.с.с).

Қылмыстық кодекстің 344, 345-баптарында аталған адамдар осы қылмыстың (300-бап) субъектісі болып табылмайды.

352-бап. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату

Пойызды тоқтату-кранымен не ауа тежегіш магистралін ажырату жолымен немесе өзге тәсілмен қажет болмаган жагдайда өз бетінше тоқтату, егер Бұл адам өліміне неме­се өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Пойызды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистралдарын ажырату жолымен немесе өзге эдіспен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату, егер бұл кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга экеп соқса - кінэлі Қылмыстық кодекстің 352-бабымен жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - пойыздың бірқалыпты, қауіп-сіз жұмысы, қосымша тікелей объект адамдардың өмірі немесе денсаулығы, меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстьщ құқық бұзушылық объективтік жағынан: а) пойызды стоп-кранмен не ауа тежегіш магистральдарды ажырату жолымен немесе өзге де эдіспен қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату; б) одан қылмыстың зардабы - кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптардың болуы; в) олардың арасындағы себепті байланыс.

Өз бетімен тоқтату деп ешбір қажетсіз, негізсіз жүріп келе жатқан пойызды тоқтатуды айтамыз. Токтатудың тэсілдері эр түрлі: стоп-кранды пайдалану арқылы, ауа тежегіш магистралды ажырату, өзге эдіспен - қызыл жалаумен немесе қызыл от жанған эйнек арқылы, жолға көлденеңдеп тұрып алу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аса қажеттілік жағдайында (мысалы, ауыр жағдайдағы ауру адамға дэрігерлік көмек корсету) пойызды өз бетінше тоқтату қоғамға қауіпті іс-эрекет болып табылмайтындықтан, қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатпайды.

Пойызды қажетсіз өз бетінше токтатудың зардабы - кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардаптарға (адамдардың ауыр дене жарақатын алуы, пойыздың күйреуі, жолдың істен шығуы т.б.) экеліп соғады. Істелген іс-эрекет пен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыстык құқық бұзушылық субъективтік жағынан екі нысандағы кінэ түрімен (іс-эрекет жөнінде қасақаналық, ал одан туындайтын зардап жөнінде абайсыздық) істеледі.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың істелу ниеті эр түрлі болуы мүмкін, бірақ ол саралауға эсер етпейді. Егер кінэлі адам пойызды қасақаналықпен, адам өлтіру үшін тоқтатса, онда ол кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

353-бап. Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу

1.Жол, құрылыс жене басқа да ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын және жолдар менжол құрылыстарын, олардыңжабдықтарын пайдалануга, сондай-ақжолжүрісін уйымдастыруға жауапты адамдардың көлікте қолданылатын тәртіпті сақтау және жол жүрісі қауіпсіздігі қағидаларын бузуы, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -

2. Абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әре-кет-

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

4.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Жол, құрылыс жэне басқа да ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын жэне жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдыктарын пайдалануга, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыруға жауапты адамдардың көлікте қолданылатын тэртіпті сақтау жэне жол жүрісі қауіпсіздігі қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-эрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 353-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі жол қозғалысы қауіпсіздігі ере-желері жэне көлікте қолданылатын тэртіп, ал қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы, меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстьщ құқық бұзушылықтың объективтік жағы: а) жол құрылыс жэне басқа ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын жэне жолдарды жэне жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жауапты адамдардың көлікте қолданылатын тэртіпті кррғау жэне қозғалыс қауіпсіздігі қағидалары адамның денсаулығына абайсызда ауырлығы орташа дене зақымын келтіру зардаптары; в) көрсетілген ережелерді бұзу мен зардаптың арасындағы себепті байланыс.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының диспозициясы - бланкеттік. Көлікте қолданылатын тэртіп қорғау жэне қозғалыс қауіпсіздігі туралы ережелері арнаулы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетіледі. Осы көрсетілген ережелерді сақтамау заңда көрсетілген зардапқа үласса қылмыс болып табылады. Бұл жерде көлікте қолданылатын ережелерді бұзу - әрекетсіздікпен жүзеге асырылады. Жолдарды және жол құрылыстарын салуда — жүруге байланысты қауіпсіздік белгілері қойылмауы, мы-салы, жолдағы апандардың беті жабылмай қалады, нэтижесінде көлік соған құлап апат болады немесе жаңа салынып жатқан жолда жүруге тыйым салынған белгі қойылмайды, ал жүргізуші оған сеніп апатқа ұшырайды, сондай-ақ, жол астында орналасқан су, жылу коммуникацияларының бұзылуынан - жол бетіне жылу, су шығып тайғанақтау, жолдың бұзылуы, көріністі қиындатуы, қозғалысқа бөгет жасау сияқты құбылыстардан жол апа-ты, адамдарды бақытсыздыққа ұшырату немесе басқадай ауыр зардаптар болуы мүмкін.

Жол құрылысына қолданылатын жабдықтарды пайдалану ережелерінің бұзылуына -жол құрылысына қолданылған техника, жабдықтардың жол үстіне қалдырылуы, олардың көліктің қозғалысына бөгет келтіруі, сөйтіп көліктің соқтығысына, апатқа ұрынуына, нэтижесінде заңда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық зардабының пайда болуы-на тікелей әкеліп соғатын жэйттер жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының міндетті белгісі -қылмыстық құқық бұзушылық зардаптың - орташа ауырлықтағы дене жарақаты (353-баптың 1-тармағы); адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру (353-баптың 2-тармағы); абайсызда адам өлімі (353-баптың 3-тармағы), абайсызда екіден көп адам өлімі (353-баптың 4-тармағы) келтірілуі болып табылады. Келтірілген зардап пен көлікте қолданылатын ережелерді бұзудың арасын байланыстыратын себепті байланысты анықтау қажет.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - материалдық, ол занда көрсетілген зардап туындаған сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан кінэнің абайсыздық түрі арқылы істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, жол, құрылыс жэне басқа ұйымдарды басқару міндеттерін атқаратын, жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жауапты адамдар.

354-бап. Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу

1. Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қагидаларын бузу, егер бул іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлыгы орта­ша зиян келтіруге әкеп соқса -

2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге не ірі запал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-ерекет -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан /с-әрекет -

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Магистральдық қүбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ере-желерін бүзу, егер Бұл эрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге экеп соқса - жауаптылык Қылмыстық кодекстің 354-бабында көзделген.

Қылмыстық құкық бүзушылықтың тікелей объектісі магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі немесе денсаулығы, сондай-ақ меншік қатынастары болады.

Кейінгі кезде көліктің түріне — магистральдық кұбырлар жатқызылады. Магистраль-дық құбырлар арқылы белгілі бір қашықтыққа мұнай, газ өнімдері жеткізіледі. Бұл объектілерге қауіпсіздік ережелерін бұзу жарылысқа, ертке, адамдардың қаза болуына, қоршаған ортаның Бұлінуіне, ірі материалдық залалға экеліп соғады. Осы бап бойын-ша құбыр желісінің бір түрі - магистральдық құбыр іфілмыстың заты болып табыла-ды. Құбырлардың басқа түрлері - (қосымша жэне қоймалық, жер үсті жэне жер асты су кү_бырлары) қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда кінэлі адам мүлікті жою немесе Бұлдіру, қүрылыс, техника қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауаптылыққа тарты-лады.

Қылмыс объективтік жағынан: а) магистральдық қүбырларды салу, пайдалану неме­се жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу; б) занда көрсетілген зардаптардың орын алуы; в) осылардың арасындағы себепті байланыстың болуымен сипатталады.

Баптың диспозициясы бланкеттік болғандықтан магистральдық қүбырларды салу, пайдалану немесе жөндеудің қауіпсіздігін реттейтін эр түрлі арнаулы норматив-тік актілерге сілтеме жасайды. Тергеу жүргізуде немесе істі сотта қарауда іс бойынша қандай нормативтік акті басшылықка алынады, оның қайсы талаптары бұзылды, заңда көрсетілген зардаптың болуы осы талаптардың бұзылуына байланысты орын алды ма, бэрін жете анықтау керек. Адамды жауапқа тарту немесе тартпау мэселелері осыларды анықтауға байланысты шешіледі.

Қылмыстық қүкьіқ бү_зушылық үшін жауаптылыққа тарту үшін магистральдық күбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бүзу фактісінің ғана орын алуы жеткіліксіз, көрсетілген қауіпсіздік ережелерін бұзудың нәтижесі заңда көрсетілген зардапқа - адамның денсаулығына ауыр зиян (354-баптың 2-тармағы); абайсызда адамның өліміне (354-баптың 3-тармағы) абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне (354-баптың 4-тармағы) әкеп соққан эрекеттермен үлптасуы қажет. Осы тізбектелген қылмыстық кұкьіқ бұзушылықтардың зардабы магистральдық кү_бырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бүзумен се-бепті байланыста болуы шарт.

Қылмыстық құқық бүзушылық материалдық кү_рамға жатады. Ол занда көрсетілген зардаптардың біреуі болса да орын алған уакьітынан бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыстық құқық бұзушылык субъективтік жағынан тек кана абайсыздық нысанда (менмендік немесе немкұрайдылық) жасалады.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - көрсетілген жұмысты жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау өзіне жүктелген 16-ға толған адам.

355-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату

1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ қүбырларын қасақана зақымдау немесе қирату -

2. Мынадай:

1)абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соңңан;

2) бірнеше рет жасалган;

3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалган дал сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) қоршаган ортаны ластауга әкеп соққан;

2) ірі залал келтіруге әкеп соққан;

3) қылмыстық топ жасаган;

4) абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын қасақана зақымдау немесе қирату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыс болып саналып, кінэлі Қылмыстық кодекстің 355-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстың тікелей жэне қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 354-ба-бында көрсетілген объектілермен бірдей.

Қылмыстың затына барлық құбырлар, құбырлардан тарайтын қоймалық қосымша жер асты жэне жер үсті газ, су, жылу мұнай-газ құбырлары жатады.

Қылмыстық қуқық бұзушылық объективтік жағынан қылмыс заты — құбыр желісінің зақымдалуы немесе қиратылуы арқылы сипатталады. Зақымдалу деп құбырлардың тесілуі, ішінара істен шығуы, ал қиратылуы деп оның мүлдем іске жарамсыз болып қалуы. Құбырлардың зақымдануы немесе қиратылуы адамдар денсаулығына немесе қоршаған ортаға нақты зиян келтіру қатерін төндіруі қажет (газдың иісі шығуы, жанар-жағар майлардың кеңістікке таралуы, олардың өрт қаупін төндіруі, т.с.с).

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық, ол заңда көрсетілген құбырлардың зақымдануы немесе күйреуінен адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты зиян келтіру қатерін төндірген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстык құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 355-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: а) абайсызда адамдардың денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соқса; б) бірнеше рет жасалса; в) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, ал 3-тармағында аса ауырлататын түрі: а) қоршаған ортаны ластауға экеп соқса; б) ірі залал келтіруге экеп соқса; в) қылмыстык топ жасаса; г) абайсызда адам өліміне экеп соқса.

Қылмыстық кодекстің 355-бабының 2 жэне 3-тармақтарындағы қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық құрамға жатады жэне қылмыстық кұқық бұзушылық заңда көрсетілген осы зардаптардың накты орын алған уақытынан бастап аяқталған деп табылады.

356-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату

1.Қубырларды, оның ішінде мунай-газ қубырларын белгіленген пайдалану режимі-нен ауытқуға әкеп соққан не адамдардың денсаулыгына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің наңты қатерін төндірген, абайсызда жасалган зақымдау немесе қирату -

2. Мынадай:

1)абайсызда адамның денсаулыгына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге;

2) қоршаған ортаны ластауға;

3) ірі залал келтіруге;

4) абайсызда адам өліміне әкеп соқңан дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі құбырларды оның ішінде мұнай-газ құбырларын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігі.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан — құбырларды, оның ішін-де мұнай-газ құбырларын белгіленген пайдалану режимінен ауытқуына әкеліп соққан не адамдардың денсаулыгына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатерін төндіретін, абайсызда зақымдау немесе қирату жолымен сипатталады. Яғни қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан а) құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату; б) заңда көрсетілген зиян келтірудің нақты қатерін төндіру; в) осылардың өзара арасындағы себепті байланыстың орын алуымен сипатталады.

Баптың диспозициясы бланкеттік, құбырларды, мұнай-газ құбырларын пайдала­ну ережелерін реттейтін эртүрлі нормативтік актілерге сілтеме жасайды. Қылмыстық қү_қық бұзушылық материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардаптардың (зақымдану немесе қирату) бір орын алғаннан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құкық бұзушылық субъективтік жағынан тек қана абайсыздықтан жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі — көрсетілген жұмысты жүзеге асыру кезін-де пайдалану ережелерін сақтау өзіне жүктелген 16-ға толған есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 304-1-бабының бірінші бөлігінде аталған эрекет: а) абайсызда адам денсаулыгына ауыр немесе орташа ауырлыктагы зиян келтірсе; б) қоршаған ор­таны ластауға; в) ірі залал келтіруге; г) абайсызда кісі өліміне экеп соқса, осы қылмыс қүрамының ауырлататын түріне жатқызылып, жауаптылық ҚК-тің 356-бабының 2-бөлігі бойынша сараланады.

357-бап. Кеме капитанының апатқа ушырағандарға көмек көрсетпеуі

1.Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ушыраган адамдарга кеме капитанының көмек көрсетпеуі, егер осы көмекті өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі ңауіп төндірмей көрсету мүмкіндігі болган болса -

2.Теңізде немесе су жолында соқтыгысқан кемелердің бірінің капитанының басқа ке-мені қүтқару үшін абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан тиісті шаралар ңолданбауы, егер бұл шараларды өз кемесіне, оның экипажи мен жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей қолдану мүмкіндігі болган болса -

Теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеу-лі қауіп келтірмейтін болғанда көмек көрсетпеуі - қылмыс деп саналып, кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 357-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Бұл қылмыстық құкық бұзушылық құрамы Қылмыстық кодекске 1910 жылғы 23 ақ-пандағы Халықаралық Конвенцияға (теңізде күгқару жэне көмек көрсетуге байланысты ережелердің қолданылуы) сэйкес енгізілген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - теңізде немесе өзге де су жо­лында апатқа ұшыраған адамдардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, ал қосымша тікелей объектісі — бір немесе бірнеше адамның өмірі немесе денсаулығы.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың заты — кез келген санатгағы жэне бағытгағы теңіз немесе өзге де су көлігі болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жэбірленушісі болып теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған кез келген адам танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан әрекетсіздік күйде яғни кеме капитанының теңіз немесе басқа да су жолында апатқа ұшырағандарға заңда көрсетілген жағдайларға жэне шарттарға сэйкес көмек көрсетпеуі арқылы сипатталады.

Себепті жағдайларға байланысты (қатты дауылдың эсерінен) немесе көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылары үшін елеулі қауіп төндіретін (өрт, жа-рылыс болуы, суға бату қаупі төну) жағдайларда көмек көрсетпеу - қылмыстық құқық бұзушылық құрамын түзбейді. Көмек корсету немесе көрсетпеу мүмкіндігі техникалық сарапшылық қорытындысы негізінде анықталады.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық, сондықтан да ол көмек көрсетпеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстың зардабының болуы (адамдардың апатқа ұшырауы) немесе болмауының қылмысты саралауға эсері жоқ, бірақ жаза тағайындағанда сөз жоқ ескеруге жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының міндетті белгісі - қылмыстың жасалу орны болып табылады. Мұндай орынға - теңіз немесе өзге де су кеңістігі (өзен, көл, шығанақ, бұғаз т.с.с.) жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналық нысан-да жасалады. Кінэлі адам теңіз немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндігі бола отырып, көмек көрсетпегенін (эрекетсіздігін) сезеді жэне көмек көрсетпеуді тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы меншік түріне қарамастан, кез келген су көлігінің (теңіз, өзен, жолаушылар немесе жүк таситын) кемелердің капитаны. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі Қазақстан суларында жүзіп жүрген шетел кемелерінің капитаны болуы да мүмкін. Егер көмек көрсетпеу ашық теңізде орын алса, онда Халықаралық Конвенцияға сэйкес кеме капитаны қай елдің азаматы болса, сол елдің заңымен немесе оны үхтаған мемлекеттің заңы бойынша жауапқа тартылады. Егер кеме капитанының өзі апатқа ұшырап, басқа экипаж мүшелері көмек көрсету мүмкіндігі бола тұра көмек көрсетпесе, онда ол қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін (ҚК-тің 119-бабы) жауаптылыкка тартылады.

Теңізде немесе су жолында соктығысқан кемелердің бірінің капитанның басқа кемені қүтқару үшін тиісті шаралар қолданбауы абайсызда кеменің опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соқса, егер Бұл шараларды өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулі қауіп төндірмей қолдану мүмкін болса - ол үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағында көрсетілген. Бұл жерде соқтығысқан екі кеменің біреуінің капитанының өз кемесіне, оның экипажы мен жолаушьшарына елеулі қауіп төндірмей, басқа кемені қү_тқару үшін мүмкіндігі бола тү_ра тиісті шараларды қолданбағаны туралы сөз болып отыр. Егер мұндай мүмкіндігі бола тү_ра кеме капитаны көмек көрсетпесе, одан заңда көрсетілген зардап - кеменің апат болуы немесе өзге де ауыр зардаптарға (адам өліміне, дене жарақаты т.б.) экеп соқса, ол баптың осы бөлігі бойынша кінэлі болып, жауапқа тартылады.

Қылмыстық кодекстің 357-бабының 2-тармағы материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардаптардың бірі нақты орын алған сэттен бастап аяқталған деп та-нылады.

358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру неме се осындай адамның басқаруына жол беру

1. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы не осындай кемені басқаруды алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамга беру, сол сияқты алкогольден, есір-ткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның осындай кемені басқаруына лауа-зымды адамның немесе осы кеменің меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі -

2. Абайсызда адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер –

5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқңан іс-әрекеттер -

Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы не осындай кемені басқаруды алкоголь-дік, есірткілік немесе уыткумарлық масаң күйдегі адамға беру, сол сияқты алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның осындай кемені басқаруына лауазымды адамның немесе осы кеменің меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі -жаңа Қылмыстық кодексте дербес қылмыс құрамы ретінде қарастырылған. Қылмыс объ-ектісі эуе, теңіз, өзен, кемесін басқаруда реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объ-ективтік жағынан белсенді эрекеттер арқылы: 1) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйдегі адамға әуе, теңіз, өзен немесе шағын көлемді кемені басқаруды; 2) немесе аталған адамдарға көрсетілген көлік құралдарын басқаруға жол беруі жүзеге асырылады.

Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі. Қылмыс субъектісі - заңсыз іс-эрекетке жол берген лауазымды адам немесе кеменің меншік иесі; не иеленушісі.

Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дэл сол іс-эрекеттер үшін жауаптылык ҚК-тің 358-бабынын, 2-тармағында көзделген.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге экеп соққан іс-эрекеттер - (358-бап 3-тармағы);

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер - (358-бап 4-тармағы);

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соққан іс-эрекеттер - (358-бап 5-тармағы) осы құрамның аса ауырлататын түрі болып табылады.

359-бап. Басқаруға қуқығьі жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру

1.Лауазымды адамның не ауе, теңіз немесе өзен кемесі меншік иесінің немесе иеленушісінің осындай кемені басқаруга қуқыгы жоқ адамның осы кемені басқаруына жол беруі, егер бул іс-әрекет абайсызда адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян кел-тіруге әкеп соқса -

2.Абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге экеп соққан дәл сол іс-әре-кет-

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

4.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Лауазымды адамның не эуе, теңіз немесе өзен кемесі меншік иесінің немесе иеленушісінің осындай кемені басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені басқаруына жол беруі, егер бұл іс-эрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соқса - қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 359-бабының 1-тармағында көзделген.

Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян (359-бап 2-тармағы) абайсызда адам өліміне (359-бап 3-тармағы), абайсызда екі немесе одан да коп адамның өліміне экеп соққан әрекеттер осы құрамның ауырлататын немесе аса ауырлататын түрі болып табы-лады.

Қылмыс құрамы объективтік жэне субъективтік белгілері бойынша ҚК-тің 358-бабының құрамына ұқсас.

360-бап. Халықаралық ушу қағидаларын бузу