Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар

145-бап. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу

1.Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жагдайына, жынысына, нәсіліне, үлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тургылықты жеріне, қогамдық бірлестіктерге қатыстылыгына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу -

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдың бірлестік лидері жасаган дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық қүкьтк бұзушылықтың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1 -тармағынд а көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық жэне мүліктік жағдайына, жынысына, нэсіліне, үлтына, тіліне, дінге көзқарасына, наны-мына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша еш-кімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады.

Қылмыстық күкьтқ бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы немесе бостандығы болуы мүмкін. Қылмыстык құкық бұзушылықтың жәбірленушісі конституциялық тең құқықтылығы заңсыз бұзылған Қазақстан Республикасының аза-маттары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конституцияда, Заңдарда жэне халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген қү-қықтар мен бостандықтарды пай-даланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-баптың 4-тармағы).

Қылмыстық қүдық бұзушылық объективтік жағынан адамның (азаматтың) қүқықтары мен бостандықтарын тегі, элеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нэсілі, үлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тү_рғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жа-нама шектеу арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген кұқықтар мен бостандықтарды тіке-лей шектеу деп азаматтың (адамның) конституциялық кұқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір үлтқа, дінге, нэсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланысты бүзу (жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті үлтына, тіліне байланысты пайдалануға кедергі жасау, тү_рғын үй беруден шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген белгілерге байланысты тұруға тыйым салу т.б. эрекеттер жатады). Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жалақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кэсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін айтуына жол бер-меу немесе басқадай түрдегі эр түрлі кемсітулер жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық құфамы формальдық. Ол осы заңда белгіленген тең құқықтылықтар мен бостандықтарды тікелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан алғанда аталған қылмыстық құқық бұзушылық тек тіке-лей қасаканалықпен істеледі. Кінэлі адам азаматтық (адамның) конституциялық тең кұқықтарын бұзатынын сезеді жэне де завда (145-баптың 1-тармағы) көрсетілген бел-гілер бойынша оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық құқық бұзушылық ниет адамның құқығын үлтына, тіліне, дініне немесе басқадай белгілеріне байланысты олардың конституциялық тең куқықтылығын бұзу болып табылады. Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі 16-ға толған кез келген адам. Адам өзінін қызмет бабын пайдалана отырып немесе қоғамдык бірлестіктің жетекшісі осы эрекеттерді жасаса, онда олар осы қылмыстык құқық бүзушылықтың ауырлататын түрі бойынша жауаптылықка тартылады (ҚК-тің 145-бабының 2-тармағы). Көрсетілген ауыр-лататын қылмыстық кұқык бұзушылық кұрамының субъектісі — арнаулы (лауазымды адам немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі). Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 19 жэне 26-тармақтарында берілген.

150-бап. Сайлау қуқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмы-сына кедергі жасау

1. Азаматтың өзінің сайлау қуқықтарын немесе рефервндумга қатысу қуқыгын ер-кін жүзеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе рефе-рендум өткізу жөніндегі комиссиялардың жумысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауга және сайлаудагы не-месе референдумдагы дауыс беру нәтижелерін айқындауга байланысты міндеттерін атңаруына кедергі жасау -

2. Мынадай:

1) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен уласқан;

2) адам өзінің лауазымдық жагдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаган;

3) алдын ала сез байласу арқылы адамдар тобы немесе ңылмыстық топ жасаган;

4) электрондық сайлау жүйесі жумыс істеуінің белгіленген тәртібін бузу жолымен жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Азаматтардың ең маңызды саяси кұқьіқтарының бірі олардың сайлау құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мэжіліс депу-таттарын, Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау жалпыға бір-дей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Сайлауға, сайлануға, республикалық референдумға тек кана сот іс-эрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауда дауыс жасырын беріледі. Республика Конститу-циясы бойынша сайлаушылардың өз еркін білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді. Мрідай әрекеттер Заң бойынша, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық құқықтық нормалар арқылы да жазаланады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құкық бү-зушылық объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедер-гі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жү_мысына заңсыз араласу жэне дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға жэне сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау арқылы жүзеге асырыла- ды. Мысалы: сайлаушыларды сайлауға, референдумға қатысуға жібермеу, сайлау өтетін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе референдум туралы ойдан шығарылған мэліметтер таратып, оларды өткізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне түрлі кедер-гілер жасау, депутаттыкқа кандидаттарды ұсынуға жол. бермеу, дауыс беруге, оның нэтижелерін анықтауға эр түрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жалған мэліметтер беруге тырысу.

Қылмыстық құқық бұзушылык формальдық күрамға жатады жэне ол сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру эрекеттерін жасаған уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады.

Қылмыстық қүқық Бұлушылық субъективтік жағынан тек тікелей қасқаналықпен істе-леді.

Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауға эсері бол-майды.

Қылмыстық кодекстің 150-бабының 1-тармағындағы эрекеттер:

а) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;

б) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;

в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе қылмыстық топпен;

г) электрондық сайлау жүйесінің белгіленген тәртібін бү_зу арқылы жасалса — онда ол осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (150-баптың 2-тармағы).

Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе референдум комиссиясы мүшесіне немесе өзге де адамдарға сайлау комиссиясының жұмысына ке-дергі келтіруге байланысты мүліктік немесе басқадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уэде беру сатып алу деп танылады.

Депутаттыққа кандидаттар жөнінде жалған мәлімдеме тарату, сайлау немесе ре-ферендум өтетін жерді басқаша хабарлау, сайлау немесе референдум комиссия-сы орналасқан жерге шабуыл жасалуы мүмкін деген сөз тарату, алдау арқылы сайлау қүқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау деп танылады. Күш қолдану деп жэбірленушіге қол тигізіп, ұрып-соғып, денесіне жарақат салып, өз айтқанына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас тартқызу немесе сайлау комиссиясының жүмысына кедергі келтірулерді айтамыз.

Күш қолданамын деп қорқытуға, жэбірленушіні немесе оның жақынын өлтіремін, үйіне өрт қоямын, денесіне жарақат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп қорқытып сайлау қүқығының еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жүмысына кедергі жасауларды айтамыз. Сатып алу, алдау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту осы қылмысты жасаудың тэсілі болып табылады. Осы белгілердің біреуін жасаудың өзі осы баптың «а» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті болып табылады.

Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған эрекетгерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-тармағындағы осындай ұғыммен бірдей. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалган қылмыстың түсінігі қылмыстық құқық бүзушылықтың кодекстің 31-бабының 2, 3-тармақтарында берілген. Сайлау туралы заңға сэйкес электрондық сайлау жүйесінің тэртібі осы заңның 9-1 тарауында 50-1-50-8-баптарда арнайы белгіленген.

Қылмыстық қүдық бұзушыльщтың кодекстің 146-бабының 2-тармағындағы қылмыстың субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.

151-бап. Сайлау құжаттарын, референдум қужаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу

1.Сайлау қужаттарын немесе референдум қужаттарын бурмалау, бюллетеньдер-ге немесе қол қойылган парақтарга жалган жазбалар енгізу, дауыстарды көрінеу дурыс есептемеу не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көрінеу дурыс айқындамау не дауыс беру қупиясын бұзу, егер бул іс-арекеттерді Қазақстан Республикасының Президентіне кандидаттың сенім білдірілген адамы немесе депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сол сияқты сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасаса -