Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

1.Салғырттық, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның өз міндеттерін кызметіне адал қарамауы немесе ұкыпсыз қарауы салдарынан орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер Бұл азаматтардың немесе ұйымдардың кұкықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге экеп сокса, —

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мер-зімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда ауыр зардаптарға экеп соққан дэл сол іс-эрекет -

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тадданып отырған қылмыстық құқық бұзушылық лауазымды немесе заңды көрсетілген басқа тұлғаның кызметке адалдык тұрғысынан карамауы немесе қалай бол-са солай қарауының нәтижесінде өзінің қызметтік міндеттерін атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауынан болады.

Қызметтік міндеттерді дұрыс атқармау деп лауазымды түлғаның өзінің қызметтік мін-детін қызмет талаптарына сэйкес емес, тиісінше толық көлемде орындамауы, нысаны мен мэнін сақтамай орындау эрекеттері түсініледі.

Қызметтік міндеттерін тиісті дэрежеде аткармау деген - лауазымды тұлғаның тиісті, қызметтік талаптарға сэйкес кызметтік міндеттерді кешіктіріп, белгіленген мерзімдерді бұзып орындау эрекеті. Қызмет борышы талаптарынан туындайтын белгілі бір функ­цияларды уақытынан кешіктіріп, дұрыс емес нақтыланбаған түрде нашар орындау ла­уазымды түлғаның өз қызметін дұрыс атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы деп танылады.

Қызметтік салақтық қү_рамындағы эрекеттің лауазымды түлғаның өз міндеттерін уақтылы емес жэне тиісті дэрежеде орындамауы - қызметтік өкілетті теріс пайдалану құрамындағы эрекеттерден (ҚК-тің 361-бабы) тек субъективтік жағы бойынша (заңда тікелей белгіленген) ғана емес, объективті белгілермен де айтарлықтай дэрежеде ажыра-тылады. Қызмет жағдайын теріс пайдалану құрамындағы эрекеттер лауазымды түлғаның өзінің қызмет жағдайын заңға қарсы пайдаланумен түсіндіріледі. Олар мүдделерге қарсы жасалады, лауазымды тұлғаның қызметтік міндеттерін өрескел бұзады. Қызметтік салактық құрамындағы эрекеттер - Бұлар неғұрлым белсенді, неғұрлым қарқынды түрде жасалуға тиісті эрекеттер еді, оларды солай жүзеге асырғанда ғана лауазымды тұлғаның қызметі бойынша қойылатын талаптарға сэйкес келер еді. Егер алдыңғы эрекет өзінің материалдық мазмұнына қарай заңсыз болып есептелсе, екіншісі - лауазымды тұлғаның осы эрекеттерді орындау кезінде тиісті дэрежеде қарқындылық көрсетпеуінің, белсен-ділігі жеткіліксіз болғанының салдары болып табылады.

Заңның нұсқап отырғаны: лауазымды тұлғаның өзінің міндеттерін орындамауы не­месе тиісті дэрежеде орындалмауы олардың қызметіне «адал карамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан» болады деп тұжырымдауында болып отыр.

Лауазымды түлға салақтық жіберу кезінде оған берілген өкілеттік, құзырет, өзіне тиесілі функцияларға тікелей қатысты эрекеттер жасайды, яғни ол эрекеттер оның қызметтік міндеттері аясында жүзеге асырылады. Лауазымды түлғаны өзінің міндет-терін атқармағаны, сол сияқты түрліше эрекетсіздік үшін кінэлі деп тану үшін ол жасауы тиісті болатын нақты қызметтік әрекеттердің дэл айқындалуы талап етіледі. Сондықтан бэрінен бұрын лауазымды түлғаның зандар мен заңдық актілерге сай тиісті қүзыретін анықтап алған жөн, яғни салақтыққа айыптау үшін лауазымды тұлға жол берген нақты кемшіліктерді айқындап алу қажет. Лауазымды тұлғаға оның міндетіне кірмейтін шара-ны қабылдамағаны үшін кінэ тағылуы тиіс емес.

Лауазымды түлғаның құзыретіне кіретін эрекетті жасамағанын тану кезінде, оның эрекетгі нақты жағдайдағы жасау мүмкіндігін анықтау керек. Мұндай мүмкіндіктің бол-мауы жауапкершілікті жоққа шығарады.

Заңға сэйкес салақтық қылмыстың материалдык құрамы болып табылады. Қылмыстық қүқық бұзушылық үшін жауапкершілік үшін қылмыстық зардаптардың - азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңсыз қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нү_қсан келтірілуін елеулі түрде (нұқсан кел-тіру түсінігін ҚК-тің 361-бабының түсіндірмесінен қараңыз) айқындауды талап етеді.

Қызметтік салақтықтың салдары көбінесе материалдық зиян келтіру түрінде көрінеді, бірақ салақтық нәтижесінде өзге де елеулі зияндар келтірілуі мүмкін.

Қызметтік салақтықтың субъективтік жағы менмендік немесе немқұрайдылық түріндегі абайсыздыкпен сипатталады.

Талданып отырған баптың 2-тармағы осы қылмыстың ауырлататын жағдайы ретінде өзге де ауыр зардаптардың болуын көрсеткен. Өзге де ауыр зардаптар - факті мэселесі. Оларды анықтау нақты іс жағдайына байланысты. Бұл аса ірі материалдық зиян, бірне-ше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, қандай да болмасын дэрі-дәрмек немесе өнімді сату нәтижесінде азаматтардың елеулі санының улануы, өндірістің толық тоқтап қалуы жэне т.б. болуы мүмкін.

Талданып отырған баптың ҚК-тің 114, 317-баптарында көрсетілген жэбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе қаза келтіруден ажырату құрамдарының объективтік жағы жэне субъектісі бойынша жүзеге асырылады.

Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша мүлдай зардаптар лауазымды адамдардың кэсіптік міндетіне жатпайтын салақтығына байланысты болады. Сондықтан да дэрігердің, басқа да медицина қызметкерлерінің кэсіптік міндеттеріне ү_ю>шсыздығы немесе оған адал қарамауы орын алса, онда олар лауазым адамы деп танылмауына байланысты іс-эрекеттерінен заңда көрсетілген зардап орын алған жағдайда, олар жеке адамға қарсы қылмыстар үшін Қылмыстык кодекстің 114, 317-баптары бойынша жауапқа тартылады.

16-тарау. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ Б¥ЗУШЫЛЫҚТАР