Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§6. Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар

458-бап. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту

1.Мемлекеттік қупиясы жоқ әскери сипаттағы қупия мәліметтер жеткізгіштер-ді ңызметі бойынша сеніп тапсырылған адамның абайсызда жоғалтуы, егер жогалту аталган жеткізгіштермен жумыс істеудің белгіленген қагидаларын бузудың салдары бо-лып табылса -

2.Мемлекеттік қупиясы жоқ әскери сипаттагы қупия мәліметтерді қызметі бойынша сеніп тапсырылган немесе белгілі болган адамның жария етуі -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі залал келтіруге немесе взге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соңқан іс-әрекеттер -

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалган іс-әрекеттер -

5.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, согыс уақытында жасалган іс-әрекеттер -

Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына қабылданған эрбір эскери қызметші эскери купияны қатаң сақтауға, эскери кұпиясы бар құжаттарды заңда бел-гіленген тәртіппен қорғауға ант қабылдайды.

Қылмыстық құкық бұзушылыктың заты - эскери сипаттағы құпия мэліметтері бар құжаттар.

Мемлекеттік құпиясы жоқ эскери сипаттагы құпия мэліметтері бар құжаттарды неме­се заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметі бойынша сеніп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгіленген ережелерін бұзудың салдары болып табылса, онда мұндай іс-эрекет үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 458-бабының 1-тармағында көзделген. Мұнда мемлекеттік құпиясы жоқ эскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттар мен заттарды жоғалту туралы сөз болып отыр. Жоғалту осындай кркаттар мен заттар өзіне сеніп тапсырылган эскери қызметшінін салақтығынан немесе жауапсыздығынан болады. Аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгіленген ережелерін бұзуға - осы кркаттар мен заттарды сақтаудьщ, алып жүрудің, жөнелтудің сақтық шараларын сақтамау жатады. Қылмыстық құқык бұзушылық формальдық құрамға жатады, ол көрсетілген заттар мен құжаттар жоғалған сэттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылык абайсыздықпен жасалады.

Осы баптың 2-тармағында мемлекеттік құпиясы жоқ эскери сипаттағы құпия мэліметтерді осы мэліметтер сеніп тапсырылған немесе қызметі бойынша белгілі болған адамның жария етуі үшін жауаптылық белгіленген.

Әскери сипаттағы құпия мәліметтердің тізімі арнаулы нормативтік-құқықтық актілер-де көрсетіледі.

Әскери сипаттағы құпияға мэліметтерді осы мэліметтер өзіне сеніп тапсырылған не­месе қызметі бойынша белгілі болған адам жариялауға құқылы емес.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық, сондықтан да ол осындай құпияны жариялаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыз-дықпен де істелуі мүмкін.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктеріңде көзделген, ірі залал немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан эрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 458-бабының 3-тармағында көзделген.

Ауыр зардаптарға белгіленген эскери шаралардың іске аспауы, әскери бөлімнің қызметіне ірі материалдық залал келу, әскери құрылымның қызметіне елеулі нұқсан келу т.с.с. жатады.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағ-дайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған іс-эрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 458-бабының 4-тармағында, ал дэл осындай іс-эрекет соғыс уақытында істелсе, қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 458-бабының 5-тармағы бойынша сараланады.