Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Ветеринариялық қагидаларды эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан бүзу-

2. Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген қағидаларды ауыр зардаптарга әкеп соққан бұзу -

Қылмыстың объектісі үй жэне жабайы жануарларды, қүхтарды жэне өсімдіктерді қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстың заты - жабайы жэне үй жануарлары, қүстар, балықтар, аңдар жэне басқа жануарлар, сондай-ақ өсімдіктер дүниесі.

Объективтік жағынан Қылмыстық кодектің 327-бабының 1-тармағындағы қылмыс малдэрігерлік ережелерді бұзу эпизоотиялардың тарауына немесе өзге де зардаптарға экеліп соғу арқылы сипатталады.

Малдэрігерлік ережелердің тізбегі Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шіл-деде қабылданған малдэрігерлік заңында берілген. Осы ережелерді бұзу індеттерге не­месе өзге де зардаптарга экеліп соққан жағдайда қылмыстық күкьтқ бұзушылық үшін жауаптылық орын алады.

Індеттер деп жануарлардың жаппай жұқпалы аурумен ауруы (эпизотия, түйнеме, топалаң, қарасан т.б.) өзге де ауыр зардаптарға, індетке байланысты ауылшаруашылық өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) өндіруді жою, белгілі бір тұрғын пунктеріне келіп-кетуді тыю т.б. сияқтылар жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық, ол занда көрсетілген зардаптар орын алған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыз-дықпен де жасалады.

Қылмыстық қуқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, малдэрігерлік ережелерді жэне өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес үшін белгіленген ережелер өзіне жүктелген адам.

Осы баптың (327-бап) 2-тармагында өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу, ауыр зардаптарға экеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.

Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес шараларын белгілейтін сан түрлі арнаулы қүқықтық-нормативтік актілер бар. Осыған орай өсімдіктердің аурула- ры мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердін нақты қайсысының бұзылғанын арнаулы заң құжаттары арқылы аныктау қажет. Баптың бұл бөлігінің диспози-циясы да бланкеттік. Белгіленген ережелерді бу_зу ауыр зардаптарға экеп соқса ғана кінэлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Ауыр зардаптарға - өсімдіктер ауруларының жаппай тарауы (эпифитотия); ірі көлемдегі ауылшаруашылык дақылдарының жойылуы немесе жануарлардың ауруы, орман ағаштарының ауруға ұшыраулары жатады.

343-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау

1. Экологиялық ластануға ұшыраган жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың мұндай іс-шаралар-ды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі -

2. Адам өліміне әкелу қатерін туғызган не адамның денсаулыгына ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соққан не ірі запал келтірген дөл сол іс-әрекет-

3. Осы баптың бірінші немесе екінші беліктерінде кәзделген, адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына не аса ірі запал келтіруге экеп соққан іс-әрекеттер -

Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру шараларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шаралар-ды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі (343-баптың 1-тармағы) не адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, не ірі залал келтірсе (343-баптың 2-тармағы) - кінэлі Қылмыстьщ кодекстің 343-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - экологиялық қауіпсіздікті реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан экологиялық ластау зардапта­рын жою жөніндегі шараны қолданбаудан, одан занда көрсетілген зардаптардың орын алуынан жэне эрекетсіздік пен зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Көрсетілген зардапты жою жөніндегі шараны қолданбау өзіне осы міндет жүктелген адамның белгіленген шараларды жүргізуден жалтаруы (сөзбұйдаға салып ұзаққа созуы, өз міндетін дер кезінде атқармауы) немесе тиісінше жүргізбеуі (жартылай шала жүргізуі, кешігіп жүргізуі немесе белгіленген талапқа сай емес күйде жүргізуі), заңда көрсетілген зардап - адам өліміне, не адамдардың жаппай ауруына, не қоршаған орта үшін өзге де ауыр зардаптарға экеп соқса 294-бап бойынша жауаптылық туындайды.

Өзіне міндет жүктелу - заң немесе басқадай нормативтік актілер, қызмет борышы бойынша, сот шешімімен белгіленуі мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылық қү_рамы материалдық, ол заңда көрсетілген зардап орын алған сэттен бастап аяқталған деп табылады. Іс-эрекет пен зардаптың арасын бай-ланыстыратын себепті байланыс болуы шарт.

Ққылмыстық құқық бұзушылык субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы 16-ға толған, өзіне осы бапта көрсетілген міндет жүктелген лауазымды немесе жай адам.