Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Қажетті қорганыс шегінен шыгу кезінде жасалган, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру -

2. Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

Қылмыс объективтік жағынан алғанда денсаулықка қажетті корғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтірудің түсінігіне, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасаған кісі өлтіруді талдағанда тоқталғанбыз.

Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 109-бабында көрсетілген. Осы бап (112-бап) бойынша тек қасақана ауыр зиян келтірген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды, қажетті қорғаныс шегінен шығу арқылы басқа жағдайларда келтірілген зиян келтірушілік үшін жауаптылық белгіленбеген.

Абайсызда жэбірленушінің өліміне экеп соққан дэл сол іс-эрекет осы құрамның ауыр-лататын түріне жатады (ҚК-тің 112-бабы, 2-бөлігі).

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен келеді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру

Қылмыс жасаган адамды устап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру-

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралар-ды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 109-бабын-да толық берілген. Ал қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде қажетті шараларды асыра қолданудың шарттары Қылмыстық кодекстің 23, сондай-ақ 103-баптарында көрсетілген.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру

1. Денсаулыққа абайсызда ауырлыгы орташа зиян келтіру -

2. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян келтіру -

3. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру -

4. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіру –

Қылмыстық кодекстің 114-бабының 1-тармағында денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіргені, ал 2-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян 3-тармағында абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген. Осы баптың (111-бап) 4-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген.

Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленбеген.

Көрсетілген кылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

115-бап. Қорқыту

Өлтірумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, сол сияқты қорңытудың іске асатынына қауіптенудің жеткілікті негіздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш ңолданумен не мүлікті өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту-

Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың өмірі мен денсаулығы.

Қылмыс объективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп қү.ртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тэсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады.

Заңда қорқытудың нақты түрлері - (өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті өртеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тэсілді қолдану) нақты көрсетілген. Қорқытуды білдіру тэсілі сан алуан (ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір адам арқылы сэлем айту, белгілі бір нақты эрекеттер жасау) болуы мүмкін.

Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты - жоғарыда көрсетілген қорқыту тэсіл-дерінің іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі болып табыла-ды. Мұлдай негіздер эр түрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байла-нысты шешіледі: кінэлінің корқыту әрекеттерін жасау тэсілдері, оның қару-жарағының болуы; жеке тұлғасының ерекшеліктері (бұрын сотталғандығы, эмоциялық жай-күйі, т.с.с.)- Қьшмыс формальдық құрамға жатады жэне ондай қорқытулар жэбірленушіге мэлім болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер өлтіремін деген қорқыту қару-жарақ сатып алумен ұштасса, онда кінэлінің эрекеті кісі өлтіруге даярланғандық болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет эр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда есепке алынады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.

116-бап. Адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою

1. Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адамның агзалары мен тіндерін алып қоюга мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасасу -

2. Мынадай:

1) кінәлі адамга дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;

2) көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты; 3) екі және одан да көп адамга қатысты;

4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган;

5) бірнеше рет;

6) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды ңолданып;

7) кінәлі адамга жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты;

8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;

9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

10) жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдаланып жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан не қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің Бұл түрі адамның ор-гандарын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады.

Медицинадағы бұл жетістік ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамдардың органдарын немесе тінін алуға мэжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына экеліп соқты. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте осы тэдэғыдағы қылмыспен күрес жүргізетін арнаулы норма — П6-бап пайда болды. Бұрынғы Қылмыстық ко-дексте мұндай норма болмаған еді. Қылмыстың объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдары мен тінін алуға мэжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тініне қатысты заңсыз мэмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.

Мэжбүрлеу дегеніміз донорға күш қолдану, қорқыту, материалдық жэне басқадай тэуелділігін пайдалану арқылы оны еріксіз органдары мен тінін беруге көндіру бо-лып табылады. Адам органдарын немесе тінін алу тек қана донордың келісімі бойын-ша жүзеге асырылады жэне мұндай іс-эрекеттер арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдары мен тіні донордың келісімінсіз, занда көрсетілген басқадай талаптарды көрінеу бүза отырып, жүзеге асырылса, онда мұндай эрекет заңсыз деп танылады. Адам органдары мен тініне қатысты заңсыз мэмілелерге донордың келісімінсіз немесе заңда көрсетілмеген негіздерсіз эртүрлі келісім-шарттарды жүзеге асыру, органдар мен тіндер-ді заңсыз айналымға салу жэне т.б. эрекеттер жатады. Қылмыс қү_рамы формальдық жэне ал ҚК-тің 116-бабының 1 -бөлігінде көрсетілген заңсыз іс-эрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті эр түрлі болуы мүмкін: ауру адамға жэрдем көрсету; бастығының алдында жақсы көріну; пайдакүнемдік немесе атаққұмарльщ жэне т.с.с.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.

Егер қылмыс кінэліге көрінеу дэрменсіз күйде екендігі белгілі немесе көрінеу кэмелетке толмағанға қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты адамдар тобы-мен, алдын-ала сөз байланысуы бойынша адамдар тобымен; бірнеше рет, қару неме-се қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; кінэліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі эйелге қатысты; алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен; өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып; жэбірленушінің материалдық немесе өзге де тэуелділігін пайдаланып жасалғанда, онда бұл эрекеттері осы құрамның ауырлататын түрі болып табылады (116-баптың 2-тармағы).

Осы баптың бірінші немесе екінші тармақгарында көзделген, абайсызда жэбірленушінің қайтыс болуына немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соққан не қылмыстық той жасаған іс-эрекеттер - осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (113-баптың 3-тармағы). Өзге ауыр зардаптарға жэбірленушінің психикалық дертке ұшырауы, өзін-өзі өлтіру немесе ауыр дене жарақатын алу т.с.с. жатады. Қылмыстық кодекстің 113-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай қылмыс занда көрсетілген осы зардаптардың біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.

117-бап. Соз ауруын жұқтыру