Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Лауазымды адам жасаган дэл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекет, егер оны жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса -

Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың мэні - түпнұсқа құжаттың мазмұнын өзгертуге не жалған жасанды ресми құжатты түгелдей жасау немесе беру болып табылады.

Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша қылмыстың негізіне — ресми құжаттар жатады. Ресми құжаттар деп мемлекеттік өкімет органдары берген жэне белгілі бір құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын, заңдық мэні бар белгілі бір фактілерді, оқиғаларды, өзге де жағдайларды куэлэндыратын жазбаша актілер түсініледі. Оларға мыналар жатқызылады: еңбек кітапшасы, оқу орнының дипломы, паспорт, эскери би­лет, зейнетақы, қызметтік куэлік, көліктің техникалық төлқркаты, орындау қағаздары, үкімнің көшірмесі, сақтандыру полисі, азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы. Мемлекет-тік өкімет органдарынан шыкдаған құжаттар аталған к¥Рамға негіз болып табылмайды.

Қызметтік жалған құжат жасау - белсенді іс-эрекет жасау жолымен ғана істелуі мүмкін. Әрекет тэсілдеріне қарай жалған құжат жасау 2 түрге бөлінеді: материалдық жэне интеллектуалдық. Материалдық жалған құжат жасаудың мэні - ресми кркаттың шын қалпы құжаттың сол нысанына қол сұғушылык жолымен, бұзумен жасалады (қол қою, көшірмелеу, мер, штамп жэне т.б.) немесе оның мэтінін қайта жазу, бұлар қолдан жасаудың материалдық ізін құрайды. Түгелдей жалған құжат жасау кезінде де материалдық жалғандық орын алады, өйткені мұнда құжат мазмұны жэне нысаны бойынша жалған болып табылады.

Интеллектуалдық жалғандық кезінде кркаттың түпнұсқасы оның мазмұнына қол сұғушылық нэтижесінде бұзылады. Бұл жағдайда кінэлі адам ресми құжатқа формальдық тұрғыдан алғанда жалған екендігінің белгілері болмайтын (кұжаттың нысаны емес, мазмұны ғана бұрмаланған) жалған мэліметтер енгізеді.

Материалдық түрге құжаттың ресми түпнұсқасын қолдан жасау немесе өшіріп жазу жолымен өзгеріске ұшыраған жағдайлар ғана жатады. Ресми құжаттарды қолдан жа­сау мыналардан тұрады: толықтай жалған құжат жасау (мысалы толем чегін жасау) не кркаттың түпнұсқасына бұрмалау енгізу (мысалы, ресми кркаттың мазмұнына қосып жазу, сан жэне эріпті өзгерту, фотосурет, марканы ауыстырып жапсыру жолымен, жаңа мэліметтер енгізумен озгертіледі). Жалғандықтың бұл түрінің эдістерінің көптігі соншалық олардың толық тізбесін келтіру мүмкін емес. Барлық жағдайларда жалған кркат түпнұсқаны қолдан өзгерту немесе жалган ресми кұжат дайындау немесе беру түрінде болады.

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстык кодексі бойынша қызметтік жалған кркат жасау, егер оны өзінің кызметтік жағдайын пайдалана отырып мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамға не оған теңестірілген адам жасаған жағдайда ғана болады. Егер ол қызметтік жағдайды пайдаланбай жасалса не жалған қркат жасау мемлекеттік окімет органдарынан емес, өзге ұйымдардан, мекемелерден, жеке тұлғалардан (қолхат, шарттар, міндеттемелер жэне т.б.) шыққан болса, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамын құрайды.

Қызметтік жалғандық — формальдық құрамы бар қылмыс. Ол қандай да болмасын қоғамға қауіпті зардаптардың болуына байланыссыз, Қылмыстық кодекстің осы бабын-да көрсетілген эрекеттердің біреуі жасалған сэттен бастап аяқталған деп есептеледі. Қызметтік жалғандық жасаған тұлға үшін жалған құжатты пайдаланғандығы немесе пайдаланбағандығының мэні жоқ, бұл жағдайда жазалау шараларын айкьшдау кезінде сот ескереді.

Жалған кркат жасау субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істе-леді. Жалған мэліметтерді енгізуші субъектінің өзі өзінің заңсыз эрекет жасағандығын, жалғандық жасағысы келгендігін сезеді, біледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қызметтік жалғандық құрамы пайдакүнемдік мақсаттың не­месе озге де жеке мүдделіліктің болуын талап етеді. Өйткені заңда қызметтік жалғандық жасау эрекеттер өзіне немесе басқа адамдар, ұйымдар үшін пайда мен артықшылықты алу немесе басқа адамға, ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалады. Пайдакүнемдік мақсат кінэлі адамның қызметтік жалған құжат жасау арқылы материалдық пайда табуға тырысатындығының алғы шарты. Дегенмен, оны алу бөтен адамның мүлкін кінәлі адамның өз меншігіне айналдыруымен байланысты болмауы тиіс. Өзге бір жеке бас мүддесі деп кінэлі адамның қызмет жағдайын пайдалану жолымен мүліктік емес сипаттағы пайда табуға тырысуы түсініледі. Өзге жеке бас мүддесінің мазмүлын кек алу, жағымпаздық, мансапқорлық, ықпалды қамкорлық, отбасылық, қызмет көрсету, ықпалды адамның қолдауы, қызметіне сай еместігін бүркемелеу жэне т.б. сияқты ниет-тер құрайды. Пайдакүнемдіктің немесе өзге жеке мүдделіліктің болмауы осы қылмыс қү_рамының жоқ екендігін білдіреді.

Қызметтік жалғандықты лауазымды адам жасаса осы қылмыстың ауырлататын түрі, ал жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады (369-бап, 2, 3-бөліктері).

1997 жылғы Қылмыстық кодекстен айырмашылығы түсіндіріліп отырған қылмыс субъектісі - мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды тұлға немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын тұлға.

370-бап. Қызметтегі әрекетсіздік

1. Қызметтегі әрекетсіздік, яғни мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамның не оган теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарга немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бул азаматтардың немесе уйымдардың қуқықтары мен заңды мүдделерін не қогамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуга әкеп соқса -

2. Лауазымды адам жасаган двл сол іс-әрекет -

3.Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган двл сол іс-әрекет-

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарга әкеп соққан іс-әрекеттер -

Қызметтегі эрекетсіздік, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың кү-Қыктары мен занды мүдделерш не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға экеліп соғуымен түсіндіріледі. Қызметтегі эрекетсіздік белгілері мынадай болып табылады:

а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның белгілі бір мүдделікке байланысты қызметін атқармауы.

б) егер Бұл азаматтардың немесе ұйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға соқтырса;

в) олардың арасында себептік байланыстың болуы.

Нақты бір түлғаны Қылмыстық кодекстің 370-бабы бойынша қылмыстық жауапкер-шілікке тарту үшін кінэлі түлғаның, атап айтқанда қандай нақты эрекетті жасамағанын анықтау қажет, одан эрі қарай осы эрекеттерді жасау оның қызметтік құзыретіне кіретіндігін анықтау және ең соңында, кінәлі түлғаның осы эрекетті жасауға іс жүзінде мүмкіндігі болғандығын анықтау қажет.

Әрекетсіздіктің тек осындай нақты мазмүлы ғана кінэлі түлғаны Қылмыстық кодекстің 370-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға негіз болады. Белгілі бір түрде эрекет ету міндеттілігі заңның немесе өзге де нормативтік актінің: шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерден, қызметтік ережеден, адамгершілік нормалары жэне т.б. тікелей көрсетуінен туындауы мүмкін.

Егер түлға оның қызметтік міндетіне жатпайтын эрекетті жасамаған болса, қызметі бойынша эрекетсіздік қүрамы болмайды.

Егер кінэлі түлға өзінің кызметтік міндеттерін пайдакүнемдіктен немесе өзге де жеке бас мүдделілігінен атқармаса, соның нэтижесінде азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұксан келтірілсе (елеулі түрде нұқсан келтіру жэне пайдакүнемдік немесе өзге де жеке бас мүдделілігі түсінігін Қылмыстық кодекстің 361-бабына түсіндірмеден қараңыз), қызметі бойынша эрекетсіздігі үшін қылмыстық жауапкершілік болады.

Қызметтік міндеттерді атқармаудан болған зардаптар — азаматтардың немесе ұйымдардың кү_қықтары мен занды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нүқсан келтірілуі арасындағы себептік бай-ланыс айқындалған болуы тиіс. Оның болмауы қылмыстық кұқық бұзушылық үшін жау-апкершілікті жоққа шығарады.

Егер қызметі бойынша әрекетсіздік пайдакүнемдіктен немесе өзге де жеке бас мүдделілігінен жасалмаған болса немесе азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірілмесе, онда Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 370-бабы бойын­ша қылмыстық жауапкершілікке жатпайды, бірақ олардың іс-эрекеті істің жағдайына қарай кызмет бойынша тэртіптік теріс қылық ретінде бағалануы мүмкін.

Субъективтік жағынан бул қылмыстық құқық бұзушылық тек қана қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Бұл туралы заңның өзінде - кінэлі түлғаның өзінің қызметтік міндет-терін орындамауы деп тура көрсетуі осыны дэлелдейді. Қасаканалық тікелей де, сол сияқты жанама да болуы мүмкін.

Қызмет бойынша эрекетсіздік субъектісі - мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адамның өзі (ІОС-тің 3-бабы 26,27, 28-тармағын қараңыз).

Лауазымды адам немесе жауапты мемлкеттік лауазым атқаратын адамның қызметте-гі эрекетсіздігі осы қылмыстық қү_қық бұзушылық кү-рамының ауырлататын (ҚК-тің 370-бабы 2-тармағы жэне аса ауырлататын (ҚК-тің 370-бабы 3-тармағы түрлері болып табылады.

Ауыр зардаптарға экеліп соққан іс-эрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 370-бабының 4-тармағында көрсетілген.

Лауазымды адам, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамның түсінігі ҚК-тің 361-бабының зерттегенде көрсетілген