Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.Ірі залал келтірген, багалы қагаздармен операциялар жүргізу қагидаларын бузу

2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз баиласуымен жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстық кодекстің 228-бабында ірі зиян келтіріле отырылып бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Көрсетілген қылмыстық құ_қық бұзушылық құ_рамы объектісі, заты, субъективтік жағы жэне субъек-тісі бойынша Қылмыстық кодекстің 227-бабындағы құраммен ұқсас.

Бұл қылмыстық құ_қық бұзушылық құрамы объективтік жағынан заңмен белгіленген бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бү_зу эрекеттері бойынша істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бланкетті диспозицияға негізделген. Сондықтан да қылмыс құрамын дұрыс анықтау үшін осы қү_рамға байланысты арнаулы заңдарды, нормативтік актілерді дұрыс басшылыққа алған жөн.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуға: ұсынбалы ордерлік жэне атаулы бағалы қағаздарды заң қү-жаттарына сэйкес шығармау, бағалы қағазға қойылатын талаптардың орындалмауы, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттерін, бағалы қағаз нысанына қойылатын талаптардың т.б. бү.зылуы жатады. Іс-эрекеттен ірі зиян келтірілсе, қылмыстық і^үдык бұзушылық кұрамы орын алады.

Қылмыстық кұқық бұзушылық құрамы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстық қу-қық бұзушылық қүрамының ауырлататын түрлеріне бірнеше рет, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша (228-баптың 2-бөлігі) немесе қылмыстық топ болып жасаған әрекеттер (228-баптың 3-бөлігі) жатады.

229-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау

1. Багалы қагаздар нарыгында айла-шаргы жасау, ягни бағалы қагаздар нарыгы субъектілерінің усыныс пен сураныстың объективті араңатынасы нәтижесінде багалы қагаздарга орныққан бағадан жогары немесе төмен бага белгілеуге және (немесе) устап туруға не багалы қагаз саудасының көрінісін жасауга багытталган әрекеттері, егер бул әрекеттер азаматқа, уйымга немесе мемлекетке ірі залал келтірсе –

2. Мынадай:

1) бірнеше рет;

2) аса ірі залал келтірген;

3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган дәл сол іс-әрекет-

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

Қылмыстық объектісі - бағалы қағаздар нарығын занды түрде жүзеге асыратын қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан - бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, яғни бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге жэне (немесе) ұстап тұруға не бағалы қағаз саудасының көрінісін жасауға бағытталған эрекеттері, егер бұл эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру арқылы істеледі.

Объективтік жағынан қылмыстьщ құқық бұзушылық қү_рамы белсенді іс-эрекеттерді жүзеге асыру - үхыныс пен сұраныстың арақатынасынан пайда болған бағалы қағаздарға орныққан бағаны жоғары немесе төмен белгілеу әдістерін қолдану арқылы жүзеге асы-рылады. Қылмыс құрама-материалдық заңсыз эрекеттерден азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіріледі.

Бұл жерде ірі залал деп айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомадағы за-лалды айтамыз (ҚК-тің 3-бабы 38-тармағы).

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкден, пайдакүнемдікпен мақсатпен істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі 16-ға толған есі дү_рыс адам.

Мынадай:

1) бірнешерет;

2) аса ірі залал келтірген;

3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дэл сол іс-эрекет - осы құрамның ауырлататын, ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-эрекеттер — қылмыстық крсьіқ бұзушылықтың аса ауырлата-тын түрі болып табылады.

ҚК-тің 229-бабының 2, 3-бөліктеріндегі корсетілген белгілердің түсініктері ҚК-тің 220-228-баптарындағы түсініктермен ұқсас.

230-бап. Инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттер

1.Багалы қагаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәміле (мәмілелер) жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты қасақана пайдалану немесе үшінші тұлгаларга инсай-дерлік ақпаратты қасақана заңсыз беру не үшінші тұлгаларга инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділікті қасақана заңсыз беру, сол сияқты инсайдерлік аңпаратқа негізделген, багалы қагаздармен (туынды қаржы ңүралдарымен) мәміле (мәмілелер) жасасу туралы ұсынымдарды үшінші тұлгаларга қасақана беру, егер Бұл іс-әрекеттер азаматқа, үйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе -

2. Мынадай:

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған:

2) аса ірі залал келтірген;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыс объектісі — бағалы қағаздармен мэмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану ережелерін ретгейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан - бағалы кағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мэміле (мэмілелер) жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты қасақана пайдалану немесе үшінші тұлғаларға инсайдерлік акпаратгы қасақана заңсыз беру не үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділікті касақана заңсыз беру, сол сияқты инсайдер-лік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен (туынды қаржы қңэалдарымен) мэміле (мәмілелер) жасасу туралы ұсынымдарды үшінші тұлғаларға қасақана беру, егер бұл іс-эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру жолымен істелсе іс-эрекет ҚК-тің 230-бабының 1-бөлігі бойынша сараланады.

Мынадай:

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған:

2) аса ірі залал келтірген;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дэл сол іс-эрекеттер - осы құрамның ауырлататын түріне (230-бап, 2-бөлігі), ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер — қылмыс құрамының аса ауырлататын түріне жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді, қылмыс субъектісі — занда көрсетілген іс-эрекеттерді істеген 16-ға толған, есі дүрыс адам. 230-баптың 2, 3-бөліктеріндегі Қылмыстық құ_қық бү-зушылық құрамының түсініктері ҚК-тің 220—225-баптарында көрсетілген.

231-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу

1.Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің жалган банкноттары мен монеталарын, мемлекеттік багалы қагаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа да багалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындагы бағалы қагаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу -

2. Мынадайі

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) ірі мөлшерде;

4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтіп жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқык бүзушылықтың объектісі Қазақстан Республикасының ақша қаражат жүйелері болып табылады.

Қылмыстық қүқық бүзушылықтың заты - Қазакстан Республикасы ¥лттық Банкінің банкноттары мен мэнеттері, мемлекеттік бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қагаздар. Бұлар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» заңымен реттеледі.

Объективтік жағынан іс-эрекеттер мынадай екі нысан арқылы сипатгалады:

1) жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау; 2) жалған ақша мен бағалы қағаздарды сақтау; 3) жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткізу. Ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау толық немесе ішінара жүргізілуі мүмкін. Дайындау тэсілі қылмысты саралауға эсер етпейді. Дайындау эрекеттері қолдан немесе техника құралдарын пай-далану арқылы (баспаханалық тэсілмен, ротапринт, ксерокөшірме арқылы суреттерін қолдан жасау т.б.) жүзеге асырылады.

Әрекетті Қылмыстық кодекстің 231-бабымен саралау үшін дайындалған ақша немесе бағалы қағаздар осы аталған заттардың түпнүсқасымен — көлемі, түсі, нысаны, басқадай реквизиттері жөнінен бірдей, үқсас болуы қажет. Егер жалған ақша немесе бағалы қағаз дөрекі эдістермен жасалып, оның түпнүхкасына көрінеу сай келмесе, нэтижесінде мұндай жалған дүниені жаппай таратуға мүмкіндік жойылса, онда кінэлінің эрекеті нақты жағдайларға байланысты алаяқтық ретінде саралануы мүмкін. Жалған ақша неме-се бағалы қағаздардың біреуін болса да дайындау осы қылмыстық кұқық бүзушылықтың аяқталғанын білдіреді. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды айналымға шығару оны өткізу деп танылады. Сақтау деп дайындалған жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткізгенге дейін өз иелігінде үстап түруды айтамыз.

Өткізу — жалған ақша немесе бағалы қағаздарды төлем құралы ретінде пайдалану, айырбастау, сыйға беру, атқарылған жүмыс немесе қызмет көрсету ақысы ретінде төлеу эрекеттерін жүзеге асыру арқылы көрініс табуы мүмкін. Осы көрсетілген эрекеттердің біреуін істеу арқылы жалған ақша немесе бағалы қағаздардың біреуін өткізсе кылмыстық құқық бұзушылык аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құқық бүзушылық тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы мақсатпен істе-леді. Кінэлі адам жалған ақша немесе бағалы қағаздарды өткізу мақсатымен жасағанын, сақтағанын немесе оны өткізгенін біледі жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстық қүқық бүзушылықтың субъектісі — жалпы субъект. 16-ға толған, есі дү_рыс кёз келген адам.

Қылмыстық қүқық бүзушылықтың кодекстің 231-бабының 2-тармағында қьшмыстың ауырлататын белгілері: 1) адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен; 2) бірнеше рет; 3) ірі мөлшерде жасалған эрекеттер; ал осы баптың 3-тармағында осы қылмыс құрамының өте ауырлататын белгісі: жоғарыда көрсетілген эрекетгерді қылмыстық топ боп жасаған жағдайлар көрсетілген.

232-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу