Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Қарулы Бұлікке қатысу -

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 181-бабына сэйкес Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылысын қүлату немесе өзгерту не оның біртүтастығы мен түгастығын, сондай-ақ оның аумағына қол сұғылмауын жэне бөлінбеуін бұзу, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру мақсатында қарулы Бұлік үйымдастыру - қарулы Бұлік ұйымдастыру не оған белсенді түрде қатысу қарулы Бұлік деп танылады.

Қылмыстың тікелей объектісі болып - Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген саяси жүйесіне, аумақтық түлгастығына қылмысты түрде қол сұғу болып та-былады.

Қылмыс объективтік жағынан: а) қарулы Бұлік ұйымдастырудан немесе, б) қарулы Бұлікке белсенді түрде қатысудан түрады. Қылмыс эрекет арқылы істеледі.

Қарулы Бұлік ұйымдастыру деп бір немесе бірнеше адамның күш біріктіруінің нэтижесінде заңцы өкіметке қарсы адамдарды қасақана түрде қарулы көтеріліс (Бұлік) жасауға тарту, сондай-ақ Бұлікті басқаруға байланысты эрекеттерді айтамыз. Қарулы Бұлік - қаруцы, оқ-дэрілерді, жарылғыш заттарды қолданып жүзеге асырылады.

Қарулы Бұлікке белсенді түрде қатысу деп өкіметке қарулы қарсылық көрсету, өкімет өкіліне қарсы күш қолдануға қатысу; көлік құралдарын, байланыс жүйелерін, бұқаралық баспасөз қүралдарын, мемлекеттік органдардың тү_рғын жайларын күш қолданып басып алу жэне т.б. эрекеттерді айтамыз.

Қылмыс қүрамы қүрылысы жағынан формальдық кұрамға жатады. Қарулы Бұлік ұйымдастыру немесе оған белсенді түрде қатысу қылмыстан болған зардапқа қарамастан аяқталған қылмыс деп танылады.

Конституциялық кұрылысты қүлату немесе күштеп өзгерту немесе республиканың аумақтық түтастығын бүзу мақсатында қарулы Бұлікті ү_йымдастырушылар не болмаса қарулы Бұлікке белсенді қатысушылар. Қылмысты субъективтік жағынан тек қана тіке-лей қасақаналықпен жүзеге асырады.

Қарулы билікке қатысқандық үшін жауаптылық осы баптың 2-бөлігінде берілген.

Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат танылады.

180-бап. Сепаратистік әрекет

1. Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тутастығын, оның аумағына қол сұгылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау неме-се оган жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндагы материалдарды тарату маңсатында дайындау, саңтау немесе тарату-

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қогамдық бірлестік лидері жасаган не бұқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайда-лана отырып жасалган не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол әрекеттер -

3. Қазақстан Республикасының біртутастыгы мен тұтастығын, оның аумагына қол сұгылмауын және бөлінбеуін бузу не мемлекетті ыдырату мақсатында жасалган әрекеттер -

Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде бұл құрамдағы қылмыс «антикеңестік үгіт жэне насихат» деген атпен белгілі болды, оның диспозициясы кең мағынаны білдірумен бірге санкциясы өте қатал болған еді. Осыған байланысты өкіметке, оның органдарына қарсы кез келген көңіл толмаушылықтан шыққан ойлар, пікірлер антикеңестік үгіт немесе насихат ретінде бағаланды (Мысалы, антикеңестік идеяны, көзқарастарды тарату, Кеңестік қоғамдық немесе мемлекеттік құрылысты жек көру т.б.).

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не-месе аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға арналған бабы осы тұрғыдағы қылмыстың нақты тэсілдерін нақтылаумен бірге шақырулардың мэні мен бағытын нақты айқындап, конституциялық құрылысты күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұгастығын күшпен бұзуға бағытталған жария түрдегі үндеулерді қылмыс деп таныды.

Жаңа 2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 180-бабының 1-бөлігінде: Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын жэне бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату сепаратистік эрекет деп танылған.

Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, оның саяси жүйесі, қауіпсіздігі болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс: өкіметті күштеп басып алуға, өкіметті күштеп ұстауға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын жэне оның аумағының бірлігін күштеп бұзуға жария түрде үндеу жасау немесе осындай мазмұндағы материалдарды дайындау, сақтау, тарату арқылы жүзеге асырылады.

Жария түрдегі үндеу дегеніміз ауызша немесе жазба түрде адамдардың белгісіз тобын шерулерге, митингілерге, демонстрацияларға, жиындарға шақырып, конституциялық құрылысты, өкіметті күшпен басып алуға, мемлекеттің тұтастығын, аумағының бірлігін күштеп өзгертуге, бұзуға шақьірулар болып табылады немесе осы мазмүндағы материал-дарды көпшілік арасына тарату болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады.

Қьшмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген адам танылады.

Осы баптың 2-тармағында адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дэл сол эрекеттер - ал баптың 3-бөлігінде Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұгастығын, оның аумағына қол сұғылмауын жэне бөлінбеуін бұзу не мемлекетті ыдырату мақсатында жасалған эрекеттер — үшін ауырлататын қылмыстық құқық бұзушылық жауаптылық көзделген. Бүқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған шақыруларға - баспасөзде жарияланған мате-риалдар, радио немесе телехабарда, басқадай бұқаралық аіціарат құралдарын пайдаланып жасаған шақырулар жатады. Қызмет бабын пайдаланатын адамдар анықтамасы ҚК-тің 3-бабының 9-тармағында, қоғамдық бірлестік лидері туралы 21-тармағында, ал адамдар тобы немесе алдын-ала сөзбайласу арқылы адамдар тобының түсінігі — Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1, 2-тармағында берілген.