Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдік ниетпен жасалган дал сол іс-әрекеттер -

Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куэнің, жэбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жагдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаган көрінеу қате аударма -

Мүлдай эрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша шындықты ашуға бөгет келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала анықтаушы органдардың дұрыс қызмет атқаруын бұзады. Осыған орай қылмыстық құқық бұзушылыктың тікелей объ-ектісі - әділсоттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке тұлғаның кұқықтары мен мүдделері болады.

Құрылысы жөнінен Бұл кылмыстық кұқық бұзушылық формальдық құрамға жата­ды және қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мынадай эрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

1) Сотта, не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куэгердің, жэбірленушінің көрінеу жалған жауап беруі; 2) сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі; 3) дэл сондай жагдайларда сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаган көрінеу қате аударма,

Куэгердің, жэбірленушінің жалған жауабына олардың өздеріне мэлім болган фактілер женінде толық немесе ішінара шындыққа сай келмейтін мэліметтер беруі. Егер куэгер немесе жэбірленуші жэне мэлім болған фактілер туралы ештеңе айтпаса, онда олардың эрекеті жауап беруден бас тарту деп танылып, олар Қылмыстық кодекстің 421-бабы бойынша жауапты болады.

Зерттелген объект бойынша саналы түрде жалған, шындыкда жатпайтын немесе сенімсіз, екі ұшты іс материалдарына негізделген қорытындыны жасауы сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі деп білеміз. Іс үшін мэні бар процеске қатысушылардың деректерін, жауаптарын саналы түрде, эдейі бұрмалап, теріс аударуды аудармашының жасаған көрінеу бүрыс аудармасы деп білеміз.

Қылмыстық құқық бұзушылық формальдық құрамға жатады. Жэне ол занда көрсетілген эрекеттердің істелген уақытынан бастап, іске эсер еткеніне немесе эсер етпе-геніне қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталу уақыты қылмыстық іс жүргізу сатысына тікелей байланысты. Алдын ала тергеу немесе алдын ала анықтама жүргізу сатысында куэгердің, жэбірленушінің, аудармашының жа­уап беру хаттамасына қол қойған, ал сарапшының жазбаша қорытынды берген сэтінен, ал істі сотта қарау сатысында - куэнің, жэбірленушінің жауап беру немесе сарапшының кррытындының мазмұнын жариялаған, аудармашының жауаптар мен қорытынды мазмұнын аударған уақыттан бастап қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп таны­лады.

Заңда көрсетілген көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытынды беруі немесе атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашының қате аударуы деген сөздің өзі бұл қылмыстың субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкден жасалатынын көрсетеді. Заң бұл қылмысты белгілі бір ниетпен байланыстырмайды. Қылмыстық кұқық бұзушылық ниет айыпкердің жағдайын жақсарту немесе киындату, одан кек алады деп қорқу, пайдакүнемдік, қызғаныш т.с.с. болуы мүмкін. Егер куэ, жэбірленуші белгілі бір факті жөнінде шын қателесіп жауап берсе, сарапшы кэсіптік деңгейінің төмендігінен қате қорытынды берсе немесе аудармашы тілді немесе терминдердің ерекшелігін жете білмеуден дұрыс аудармаса, онда оларды ҚК-тің 420-бабымен жауапқа тартуға негіз жоқ.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - жасы 16-ға толған куэгер, жэбірленуші, сарапшы немесе аудармашы.

Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаумен, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсатта жасалған дэл осы эрекеттер - қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын түріне жатады (420-баптың 2-тармағы). Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың түсінігі ҚК-тің 11-бабының 4-5-тармақшаларында берілген. Сондай-ақ пайдакүнемдік мақсатта жасалған эрекеттерге түсінікті ҚК-тің 419-бабының 3-тармағында талдау жасағанда түсіндіргенбіз.

421-бап. Куәнің немесе жәбірленушінің айғақтар беруден бас тартуы

Куәнің немесе жәбірленушінің сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтар беруден бас тартуы -

Ескерту.

Адам өзіне, жұбайына (зайыбына) немесе өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар бе­руден бас тартқаны үшін, сондай-ақ діни қызметшілер - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиаторлар - медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар туралы, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар -қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде усталатын адамдар-мен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы және мән-жайлар тура­лы айғақтар беруден бас тартқаны үшін қылмыстықжауаптылыққа жатқызылмайды. Қылмыстық іс жэне Азаматтық іс жүргізу кодекстері куэгерге немесе жэбірленушіге сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу, сондай-ақ алдын ала тергеу жүргізу кезінде дұрыс жауап беруді міндеттейді. Куэгердің немесе жэбірленушінің шындыққа сай ке-летін айғағы дэлелдеменің көзі болып табылады. Бұлардың айғак беруден бас тартуы сот төрелігінің жүзеге асырылуына кедергі келтірудің нысаны ретінде қарастырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - сот, тергеу жэне анықтама органдары-ның біркалыпты дұрыс қызметі.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан куэнің немесе жэбірленушінің сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы арқылы көрініс табады.

Бас тарту эрекет арқылы (ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруден бас тарту) немесе эрекетсіздік арқылы (айғақ беру туралы ұсынысқа үндемей қою) көрініс табады.

Жалтаруға куэнің немесе жэбірленушінің сотка, тергеуге немесе анықтама органына шақыру туралы хабарлама ала тұра, себепсізден себепсіз келмеуі, жалтару мақсатымен тұратын орнын ауыстыруы, жасырынуы, бірнеше рет шақыруға мэн бермеуі т.е.с. жата-ды.

Бас тарту мен жалтарудың тэсілі қылмысты саралауға эсер етпейді. Қылмыстық құқық бүзушылық құрамы формальдық. Қылмыстық құқық бұзушылық занда көрсетілген адамдардың жауап беруден заңсыз бас тартуы немесе жалтаруы орын алған еэттен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстык қүқьтқ бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе-леді. Кінэлі адам айғақ беруден бас тартқанын немесе жалтарғанын сезеді жэне соны тілеп эрекет немесе эрекетсіздік жасайды. Қылмыстық ниет эр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда есепке алынады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, 16-ға толған куэ жэне жэбірленуші.

ҚК-тің 421-бабының ескертуіне сэйкес адам өзіне, жұбайына (зайыбына) немесе өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартқаны үшін, сондай-ақ діни қызметшілер - тэубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы, медиа-торлар -

медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы жэне мән-жайлар туралы, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар - қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдармен эңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған адамдарға қарсы жэне мән-жайлар туралы айғақтар беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету

Жариялауга жоп берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында бел-гіленген тәртіппен ескертілген адамның сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерін жария етуі, егер ол прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның келісуінсіз жасалган болса -

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сэйкес тергеуші қорғаушыға, куэлерге, жэбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге не­месе олардың заңды өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, қалыс адамдарға жэне тергеу іс-эрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан басқа адамдарға өзінің рұксатынсыз істелген мэліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершілігін ескерте отырып, қолхат алады.

Заң бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар егер бү_л тергеу мүдделеріне қайшы келмесе немесе басқа адамдардың кұқықтары мен заңцы мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде ғана жария етілуі мүмкін. Заңның осы көрсетілген талаптарын бұзу эділсоттылықтың мүддесіне орасан зиян келтіруі мүмкін.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың тікелей объектісі - тергеу жэне анықтама органдарының дұрыс қызметі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы жариялауға жол беруге болмай-тыны туралы заңда белгіленген тэртіппен ескертілген адамның алдын ала анықтаудың немесе сотқа дейінгі іс-жүргізудің деректерін прокурордың, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның келісімінсіз жария етуі арқылы сипатталады.

Тергеу эрекеттері (мысалы, тінту) жөніндегі мэліметтерді, сарапшылық тағайындап, куэлерді шақыру, заттай немесе эр түрлі қүжаттық дэлелдемелер жөніндегі деректерді сотқа дейін іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның, прокурордың келісімінсіз жұртқа жаю осы деректерді жария ету деп танылады.

Жария етудің тэсілі сан түрлі (ауызша, жазбаша, бұқаралық ақпарат кү_ралдарын пай-далану арқылы) болуы мүмкін. Қылмыстың істелу тэсілдерінің іс-эрекетті саралауға қатысы жоқ. Қылмыстық құқық бұзушылық қүрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады жэне ол алдын ала анықтаудың, алдын ала тергеудің деректерін жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Жария ету қылмыстық іс жүргізу процесінің алдын ала анықтау, алдын ала тергеу сатысында ғана іске асырылады.

Қылмыстық қү_қық бү-зушылық субъективтік жагынан тек қана тікелей қасаналықпен істеледі. Кінэлі адам өзіне деректерді жарияламау туралы ескерту жасалганына қарамастан, оны жариялаудың қоғамға кауіпті екенін сезеді, бірақ соны жариялауды тілейді.

Қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъектісі - қылмыстық іске қатысушы 16-ға толған арнаулы адамдар — куэ, жэбірленуші, сарапшы, аудармашы, қалыс адам, қорғаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер жэне т.б.

Егер мұндай деректерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері жария етсе, онда олар лауазымдық кьілмыстық қү_қық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылады.

424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

1.Мемлекеттік қорғауга жататын адамдарга қатысты ңолданылатын қауіпсіздік ша­ралары туралы мәліметтерді жария ету, егер бұл іс-әрекетті аталган мәліметтер оның қызметтік жумысына байланысты сеніп тапсырылган немесе белгілі болган адам жа-саса-