Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.Заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық қужатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауга кедергі жасау -

2.Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дәл сол іс-әрекеттер -белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқыгынан

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыс жасау кезінде өндіріп алу сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлың есептік көрсеткіштен асатын іс-әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау -

Ескерту.

Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген қылмысты жасаған және сот үкімі шығарылғанға дейін берешегінің бүкіл сомасын өтеген адамға бас бостандыгынан айыру тағайындалмайды.

Сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау сотты құрметтемеудің бір көрінісі болып табылады, мұндай эрекеттер соттың беделін кетірумен бірге әділсоттылыктың міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Қылмыстык құқық бұзушылыктың тікелей объектісі әділсоттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке немесе занды түлғалардың заңды құқықтары мен мүдделері.

Объективтік жағынан қылмыстық құқык бұзушылық занды күшіне енген сот шешімін немесе өзге де сот актісін кэнігі түрде (қасақана) орындамау сол сот актісін кәнігі түрде (қасақана) алты айдан астам орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жа­сау арқылы жасалады. Сот актісін кэнігі түрде орындамау қылмысы эрекетсіздік арқылы істеледі жэне ол созылмалы қылмысқа жатады. Орындамау кэнігі болуы шарт, яғни ол сот органдарының бірнеше рет заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындау жөніндегі талабын кінэлі адамның қасарысып, ашық бас тартып жүзеге асырмауы болып табылады.

Сот актілерін жүзеге асыруға кедергі келтіру белсенді эрекет күйінде жүзеге асы-рылады. Ол сот актілерін тығып тастау, кінэлі немесе жауапкер адамның мекен-жайын әдейі дұрыс көрсетпеу, сот орындаушысының мекен-жайды босату туралы заңды тала-бына қарсылық көрсету, т.с.с. арқылы көрініс табады. Кедергі жасау күш қолданумен, қорқытумен үласса, онда кінэлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 409-бабы бойынша саралануға жатады. Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тэркілеуге жата-тын мүлікке қатысты сот актілерін орындамаған жағдайда кінэлінің эрекеті Қылмыстық кодекстің 421-бабы бойынша тікелей сараланады.

Субъективтік жағынан Бұл қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық қүдық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Осы баптың 2-тармағында өкімет өкілі, мемлекеттік қызметші, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметкері, сол сияқты мемлекеттік мекеменің, коммерциялық неме­се өзге де ұйымның қызметкері жасаған дэл сол эрекеттер үшін қылмыстык жауаптылық белгіленген. Өйткені заңда көрсетілген осы лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамауы, сол сияқгы олардың орындалуына кедергі жасауының жай адамдарға қарағанда қоғамға қауіптілігі зор. Көрсетілген лауа-зым адамдарының Бұл эрекеті қызмет бабына қиянат жасаудың ерекше нысаны болып табылады. Қылмыстық кодекстің 430-бабының 2-тармағындағы қылмыстың субъек-тілері болып — өкімет өкілі, мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық немесе өзге де ү_йым қызметкерлері болады. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының тиісті тармағында берілген.

Қылмыстық кодекстің 430-бабының 3-тармағында осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қьшмыс жасау кезінде өндіріп алу сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлық есептік көрсеткіштен аса-тын іс-эрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау - үшін тұңғыш рет қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Сот актілерін сот органдарының өз кызметкерлерінің орындамауы немесе олардың орындалуына кедергі жасауы лауазымды қылмыстар болып табылады.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам. Осы баптың ескертуіне сэйкес жүбайы (зайыбы) жэне жақын туыстары жасаган қылмысты күні бүрын уэде берместен жасырғаны үшін адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

431-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгілеген әкімшілік қадағалаудан жалтару

Қадағалаудагы адамның тургылықты жерін өз бетімен тастап кетуінен немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылганнан кейін қадагалаудағы адамның таңдап алған тургылықты жеріне, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, бес тәулік ішін-де бармауынан көрінген, бас бостандыгынан айыру орындарынан босатылган адамдарга сот белгілеген әкімшілік қадагалаудан жалтару -

Бас бостандыгынан айыру органдарынан босатылган адамдарга сот белгілен-ген экімшілік қадағалаудан жалтару жеке қылмыс құрамы ретінде жаңа 2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 431-бабында көзделген.

Қылмыстың объектісі - бас бостандыгынан босатылган адамдарга әкімшілік қадағалау жүргізуді белгілейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан - қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерін өз беті-мен тастап кетуінен немесе бас бостандыгынан айыру орындарынан босатылганнан кейін қадағалаудағы адамның таңдап алған түргылықты жеріне, демалыс жэне мереке күндерін есептемегенде, бес тэулік ішінде бармауынан көрінген, бас бостандыгынан айыру орындарынан босатылган адамдарга сот белгілеген экімшілік қадағалаудан жал­тару арқылы істеледі.

Қылмыс белсенді әрекеттерімен, эртүрлі занда көрсетілген тэсілдерді қолдану арқылы істеледі. Заңда белгіленген қагидаларды бүзып жалтару - қылмыстың аяқталғанын біл-діреді. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыс субъектісі - қадағалаудан жалтарған адам.

432-бап. Қылмысты жасырып қалу

Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты күні бүрын уәделеспей жасы­рып қалу -

Ескерту.

Жубайы (зайыбы) немесе жақын туысы жасаған қылмысты күні бурын уәделеспей жасы­рып қалғаны үшін адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

Орын алған қылмысты, қылмысты мэліметтерді тиісті орындарға хабарлау - эрбір қоғам мүшелерінің азаматтық борышы. Занда белгіленген реттерде Қылмысты жасыру аса қауіпті іс-әрекеті ретінде сараланады. Жаңа 2014 жылы қабылданған қылмыстық ко-дексте сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты күні бұрын уэделесіп жа­сырып қалу - қылмыс ретінде ҚК-тің 432-бабында көрсетіліп отыр. Қылмыстың тікелей объектісі - эділсоттылық мүддесі.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда әрекетсіздік арқылы — сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстың орын алғанын білген адам куні бұрын уэделесіп жасы­рып қалу іс-эрекеттерін істейді.

Жасырып қалуға - ешкімге қылмыс туралы хабар бермеу, қылмыстың қаруын, құрамына қылмыс істеу амалдары, қылмыстың сыбайлас қатысушылары туралы білсе де, білмеген болып жүру. Егер мұндай іс-эрекет күні бұрын уэделесу арқылы істелсе - онда сыбайластықпен қылмысқа бірге қатысу қщэалы бойынша сараланады. Қылмыс субъективтік жағынан, қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.

433-бап. Қылмыстық қуқық бұзушылықты жасыру

1.Уәкілетті лауазымды адамның аның дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық қуқық бүзушылық туралы арызбен немесе хабарламамен жүаінген адамга қатысты алдау, азгыру, қорқыту немесе өзге де қуқыққа сыйымсыз врекеттер арқылы не аталган адамның өтінішін кез келген өзге тәсілмен жою немесе жасыру арқылы қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа қылмысты тіркеуден қасақана жасыруы -

2. Ауыр қылмысты жасыруга әкеп соққан дал сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) аса ауыр қылмысты жасыруга не ауыр зардаптарга әкеп соққан;

2) алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаган іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемле-кеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам немесе уәкілетті мемлекеттік органның басшысы жасаган не сол адамдардың нусқауымен жасалган іс-әрекеттер –

Уэкілетті лауазымды адамның анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құкық бұзушылық туралы арызбен немесе хабарламамен жүгінген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де құқыққа сыйымсыз эрекеттер арқылы не аталған адамның өтінішін кез келген өзге тэсілмен жою немесе жасыру арқылы қылмыстық теріс қылыкты немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты тіркеуден қасақана жасы-руы үшін қылмыстық жауаптылық жаңа Қылмыстық кодексте арнайы ҚК-тің 433-бабын-да көрсетіліп отыр.

Уэкілетті лауазымды адамның көпе-көрнеу дайындалып жатқан немесе істелген қылмыстық қуқық бұзушылықты эртүрлі тэсілмен жасыруы - қылмыстың объективтік жағынан белгісі болып табылады.

Жасыру тэсілдері Қылмыстық кодекстің 433-бабының 1-тармағында - алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де эрекеттер арқылы қылмыс туралы өтінішті жою, жасыру арқылы қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмысты тіркеу-ден эдейі жасыру арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік ниетпен іске асырылады.

Қылмыс субъектісі - қылмысты тіркеуге міндетті уәкілетті лауазымдық тұлға.

Ауыр қылмысты жасыру - осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 433-бабының 2-тармағы).

Ал осы баптың 1 немесе 2-тармактарында көзделген іс-эрекеттерді 1) аса ауыр қылмысты жасыруға не ауыр зардаптарға экеп соққан; 2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстарды жасырумен байланысты болса, онда мұндай іс-әре-кет қылмыстың аса ауырлататын түрі болып саналады (ҚК-тің 433-бабының 3-тармағы).

Ауыр зардаптардың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 4-тармағында көрсетілген.

Адамдардың алдын ала сөз байласуы арқылы адамдар тобы туралы түсінік ҚК-тің 31-бабында берілген.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемле-кеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам немесе уэкілетті мемлекеттік органның басшысы жасаған не сол адамдардың нұсқауымен жасалған іс-эрекеттер - (ҚК-тің 433-бабының 4-тармағы) үшін жауаптылық осы құрамның аса ауырлататын түрі бо­лып табылады. Қылмыс субъектісі - жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын немесе уэкілетті мемлекеттік органның басшысы.

434-бап. Қылмыс туралы хабарламау

Дайындалып жатқаны немесе жасалганы анық белгілі аса ауыр ңылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау -

Ескерту.

Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ діни қызметшілер тәубе үстінде өздеріне сеніп сырын ашқан адамдардың жасаған қылмыстары туралы хабарламағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - алдын-ала анықтама, тергеу жэне сот органдарының дұрыс қызметі.

Объективтік жағынан дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық не терроризм актісі туралы хабарламау арқылы сипатта-лады.

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық деп жасалғаны үшін осы Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған эрекеттерді айтамыз (ҚК-тің 11-бабының 5-тармағы).

Террористік қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 30-тармағында көрсетілген.

Аса ауыр қылмыстарға немесе терроризм актісіне жатпайтын қылмыс туралы хабар­ламау үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген.

Заң дайындалып жатқан немесе жасалған аса ауыр немесе терроризм актісі қылмыстарды хабарламағаны үшін ғана жауаптылық белгілеп отыр. Мүлдай хабарлама жасамаған адам осындай қылмыстардың орын алғанын нақты біледі, бірақ эрекетсіздік жасап сот, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокуратура органда-рына хабарламайды. Қылмыстық қүкық бү_зушылық құрамы формальдық жэне аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам дайындалып жатқан немесе істелген анық ауыр қылмысты хабарла-майтынын сезеді жэне соны тілейді.

Қылмыстық кұкьіқ бұзушылықтың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.

Лауазым адамдары осындай эрекеті үшін Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жауапты болады.

Қылмыстық кодекстің 434-бабының ескертуіне сэйкес қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қылмыС туралы, сондай-ақ діни кызметшілер өзіне сеніп сырын ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау

1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстықпроцесте адамныңжэне азаматтың қүқықтарын. бостандыңтары мен заңды мүдделерін қоргау, сол сияқты жеке және заңды түлғаларга заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін жене тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер Бұл іс-әрекеттер адамның және азаматтың қуқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды түлғалардың қүқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қогамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -