Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке елеулі зиян келтірген салгырт ңарауы –

2. Ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, согыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалган іс-әрекеттер -

Ескерту.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке салақ қарауынан елеулі түрде зиян келтірілсе — кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 455-бабының 1-тармағы бойынша, ал ауыр зардаптарға экеп соққан дэл сол эрекет үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағы бойынша белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 453-бабының екінші бөлігімен көзделген ауыр зардаптар деп маңызды тапсырмалардың орындалмай қалуын, мемлекет қауіпсіздігіне катер төндіруді, апаттар мен аварияларды, адамдардың шығын болуын, эскери техниканың жойылуын немесе зақымдануын, ірі материалдық залалды, адамдардың денсаулығына келтірілген зиянды есептеуге болады. (ҚР Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы № 6 норма-тивтік қаулысының 28-тармағы).

Осы баптың бірінші жэне үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған эрекеттер үшін жауаптылық көрсетілген баптың 3-бөлігінде белгіленген.

Қызметке селқос қарау құрамының объективтік жэне субъективтік белгілері Қылмыстық кодекстің 371-бабындағы осындай құрамға ұксас: Бұл құрамдар бір-бірі-нен құрамның объект жэне субъект белгілері бойынша ажыратылады. Қызметке салақ қарау (453-бап) объектісі эскери басқару аппаратының белгіленген қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құкьіқ бұзушылықтың субъектісі - эскери лауазымды адамдар жэне эскери мекеме бастығы.

Қылмыстық кодекстің 453-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

§8. Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда әскери қызметті атқару тәртібіне қарсы қылмыстар

454-бап. Батып бара жатқан эскери корабльді тастап кету

1. Батып бара жатқан әскери корабльді өзінің қызметтік міндеттерін ақырына дейін орындамаган командирдің, сол сияқты командирдің тиісті өкімінсіз корабль командасы құрамындагы адамның тастап кетуі-

2. Согыс уақытында немесе ұрыс жагдайында жасалган дэл сол іс-әрекет -

Әскери тэртіп қандай қиын-қыстау жағдайға қарамастан қүрып бара жатқан эскери ке-мені командирдің тиісті өкімінсіз тастап кетуге жол бермейді. Мұндайда қатаң тэртіптің, әскери бекемділіктің үлгісі командирдің өзі болуы қажет. Кеме жарғысына сэйкес қүрып бара жатқан эскери кемені ең соңғысы болып оның командирі тастап кетуі керек. Батып бара жатқан әскери кемені бейберекет тастап кетудің қоғамға қауіптілігі сол мүлдай рет-те кеме ішінде бейберекетсіздік пайда болып, кеме экипажы мүшелерінің қаза болуына, эскери техниканың күйреуіне экеп соғуы мүмкін.

Қылмыстық қүқьтқ бұзушылық объективтік жағынан, 1) батып бара жатқан эскери кемені өзінің эскери міндеттерін ақырына дейін орындамаған кеме командирінің, сол сиякты, 2) командирдің оған тиісті өкімінсіз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуі арқылы сипатталады.

Талданып отырылған қылмыс (454-баптың 1-тармағы) бейбіт уақытта жасалуы мүмкін, егер осы қылмыс соғыс уақытында немесе ү_рыс жағдайында жасалса, онда ол үшін көтеріңкі жауаптылық Қылмыстық кодекстің 454-бабының 2-тармағында көзделген.

Қылмыстық кұқық бүзушылық субъективтік жағынан касақаналықпен істеледі.

Қылмыстық кү-кьщ бұзушылық субъектісі - кеме командирі немесе кеме командасындағы адам.

455-бап. Соғыс жүргізу қуралдарын қарсыласқа беру немесе қалдырып кету

Бастықтың өзіне сеніп тапсырылган әскери күштерді қарсыласына беруі, сол сияқты үрыс жагдайы мәжбүр етпеген ретте бекіністерді, жауынгерліи техниканы және сотые жүргізудің басқа да құралдарын қарсыласына қалдырып кету, егер аталган әрекеттер қарсыласына ықпал ету маңсатында жасалмаса -

Жауға соғыс жүргізу қүралдарын беру немесе тастап кету эскери борыш пен антты бүзудың ауыр түрі болып табылады. Осыған орай бастықтың өзіне сеніп тапсырылган эскери жүктерді жауға беруі, сол сияқты ұрыс жағдайы мэжбүр етпеген ретте бекіністер-ді, эскери техниканы жэне соғыс жүргізудің басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталган эрекеттер жауға жағдай туғызу максатында жасалмаса ол үшін жауаптылық ҚК-тің 455-бабында көзделген.

Бұл жерде қылмыстық құкьіқ бүзушылық бастыктың жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кетуі арқылы көрініс табады. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық қасақаналықпен сипатталады. Қылмыстық ниет эдетте корқақтықтан немесе жігерсіздіктен болуы мүмкін. Аталган эрекеттер жауға жағдай тугызу мақсатында істелмеуі керек.

Қылмыстық кұқық бұзушылық субъектісі - арнаулы, өзіне сеніп тапсырылган эскери күштерді жауға берген, эскери техниканы, басқа қүралдарды жауға қалдырган бастық.

456-бап. Тутқынға өз еркімен берілу

Қорңақтық немесе жігерсіздік салдарынан тутқынга өз еркімен берілу -

Тұтқынға өз еркімен берілу мемлекетке опасыздықтың арнаулы түрі, эскери қызметтен жалтарудың ең қауіпті нысаны болып табылады. Әрбір эскери қызметші ең киын де-ген жағдайлардың өзінде Отан алдындағы борышын адал атқаруға, тұтқынга өз еркімен берілмеуге міндетті.

Қорқақтық немесе жігерсіздік салдарынан өз еркімен тұгқынға берілгендік үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 456-бабында көзделген.

Қылмыстық құкық бұзушылық эрекет арқылы өз еркімен түтқынға берілу жолымен жүзеге асырылады. Әскери қызметшіні қарсылык көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда күшпен тұтқынға алу тұтқынға өз еркімен берілуге жатпайды, яғни мүлдай ретте адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Қылмыстық қү-қық бу_зушылык түткынға өз еркімен берілген сэттен аяқталған деп та-нылады. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бү-зушылық тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстық кү_қык бүзушылық субъектісі — кез келген эскери қызметші.

457-бап. Мародерлік

Шайқас алаңында өлгендер мен жаралангандардың заттарын жымқыру (мародерлік) –

Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын жымқыру - мародерлік деп танылады (ҚК-тің 457-бабы).

Қылмыстық қү-қық бү-зушылық объективтік жағынан алғанда өлгендердің, жараланғандардың заттарын жымқыру арқылы жүзеге асырылады. Жымқыру ашық, жа-сырын түрде бөтеннің мүлкін өз меншігіне айналдыру мақсатында жүзеге асырылады. Мүлдай морадерлік жэбірленушіге (мысалы, контузия алғандарға, жаралыларға) зорлық эрекеттері де көрсетілуі мүмкін. Мародерлік эрекеттері өлгендерге де, жараланғандарға да қолданылуы мүмкін. Мародерліктің жасалатын орны - үрыс эрекеті жүріп жатқан шайқас даласы. Мародерлік эрекеттері жэбірленушіні өлтіру немесе оған эр түрлі дене жаракаттарын келтірумен үштасса, кінэлінің эрекеті қылмыстардың жиынтығы бойын-ша сараланады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкден істе-леді. Қылмыстың мақсаты - пайдакүнемдік, жэбірленушінің мүлкін иемдену.

Қылмыстық қүқық бұзушылық субъектісі - кез келген эскери қызметші.