Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§3. Қазақстан Республикасынын мемлекеттік шекарасынын мызғымастығына қол сұғатын қылмыстық құқық бүзушылықтар

392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп эту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының көрсетілген пункттерінен жалган қүжаттар арңылы немесе үшінші түлгалардың жарамды қужаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіленген тәртіпті буза отырып қасақана заңсыз кесіп өту -

2. Қылмыстық топ жасаган не куш қолданып немесе оны қолдану қатерін тендіріп жасалган дал сол іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қол сүғылмайтындығын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Мемлекеттік шекараның түсінігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңында берілген.

Қылмыстық қүқық бүзушылық объективтік жағынан алғанда Қазақстан Республи-касының Мемлекеттік шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған қүжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты бел-гіленген тэртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс күзетілетін Мемлекеттік шекарадан кез келген тэсілмен жаяу, көлікпен, эуе ке-месімен, сумен жүзу арқылы Қазақстан Республикасының аумағына немесе оған шека-ралас мемлекеттің аумағына заңсыз — белгіленген құжатсыз жэне тиісті рұқсатсыз өткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бүзушылық формальдық қүрамға жатады. Бұл жерде айта кететін нэрсе - күзетілетін мемлекеттік шекара­дан заңсыз өту ғана қылмыс деп қарастырылады. Егер шекара ТМД елдері арасында күзетілмейтін болса, онда одан өту қылмыс деп карастырылмайды. Мемлекеттік шекара­дан өту, Қазақстан Республикасынан кету жэне оған келу тәртіптері Мемлекеттік шекара туралы Заңмен жэне халықаралық келісімдермен реттеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан алғанда тікелей қасаканалықпен істеледі. Кінәлі адам Қазақстан Республикасының күзетілетін Мемлекеттік шекарасынан белгіленген күжатсыз жэне тиісті рүқсатсыз эдейі заңсыз өтетінін сезеді жэне соны іс-теуді тілейді.

Абайсызда не амалсыздан, аса қажеттілік жағдайда мемлекеттік шекарадан өту қылмыстық қүқық бүзушылық деп танылмайды. (Мысалы, эуе, су кемесінің апатқа ұшырау қаупі туғанда, басқа елдің аумағына амалсыздан қонуы, күрделі ауа райына бай-ланысты адасып шекараны бүзу т.б.)

Мемлекеттік шекараны бұзудың ниеті мен мақсаты іс-эрекетті саралауға қатысы жоқ, олар тек жаза тағайындағанда ескеріледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 392-бабының 2-тармағында осы қылмыстың мынадай ауырла-татын түрлері: 1) қылмыстық топпен (ҚК-тің 31-бабының 3-тармағын қараңыз); 2) не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дэл сол эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Күш қолдану деп жэбірленушіге жеңіл, ауырлығы орта дэрежедегі жарақат келтіру-ді айтамыз. Одан зор жарақат келтірген жағдайда қылмыс жиынтығы бойынша сарала-нады. Күш қолданбақ болып қорқытудың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 380-бабында тоқталғанбыз.

393-бап. Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау

Шетелдіктің не азаматтыгы жоқ адамның оган қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шыгарып жіберу туралы шешімді орындамауы –

Кейбір реттерде мемлекеттік шекара туралы заңды бұзып, өз бетімен Республика аумағына еніп, кері қайтпайтындар да кездеседі. Осыған орай Қазақстан Республикасы-ның 2001 жылғы наурыздың 16-сындағы заңына сэйкес Қылмыстық кодекске қосымша енгізіліп, онда шетел азаматтарының жэне азаматтыгы жоқ адамдардың өздеріне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы шешімдерді орындамауы үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының шекарасына қол сұғылмайтын қатынастарды реттейтін қоғамдық қатынастар объектив-тік жағынан қылмыстық эрекет арқьшы Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өкілетті органдардың шешімін орындамау арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық кұқық бүзушылық кұрамы формальдық, шығарып жіберу туралы шешімді орындаудан бас тарткан кезден бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құ_қық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстық қү_кық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы 16-ға толған, шетел азаматта-ры жэне азаматтығы жоқ адамдар.

394-бап. Заңсыз көші-қонды үйымдастыру

1. Көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұргын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарга, шетелдіктерге жвне азаматтыгы жоқ адамдарга Қазақстан Республикасының аумагы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды үйымдастыру -