Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның атагын өз бетімен иемденіп алу-

2.Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атңаратын лауазымды адамның атагын осы негізде қылмыс жасаумен уштасқан өз бетімен иемденіп алу -

3.Билік өкілеттіктерін алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституция-сында белгіленген лауазымды атңаратын лауазымды адамның атагын өз бетімен ием-деніп алу -

Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауа­зымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иемденіп алу үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 390-бабының 1-тармағында белгіленген. Бұл жерде кьілмыс объ-ективтік жағынан — билік өклінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын ла­уазымды атағын өз бетімен иеленіп алуы аркылы істеледі. Осындай атағы бар екеніне басқа біреуді сендіру кьілмыс құрамының негізгі бөлігін құрайды. Мысалы, өзін облыс экімі екендігін растайтын қркатты көрсетуі, немесе ауданның сот судьясы екендігіне күмэн келтірмейтін айғақтар.

Ал осы қылмыстың ауырлататын түрі 390-баптың 2-тармағында көрсетілген.

Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың келтіретін зияны — жауапты мемлекеттік лау-азым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иеленген адам қылмыстық іс-әрекет жасау арқылы мемлекеттің өкімет немесе басқару органының беделін түсіреді, жұрт алдында мұндай органдардың дұрыс қызметіне орасан зор нұқсан келтіреді. Мысалы, өзін облыстық жол инспекциясының бастығы ретінде көрсетіп, жүргізушіден пара алған жалған жауапты өкімет өкілі, сөз жоқ, осы органның қызметін түкке тұрғысыз, аяқ асты етумен бірге көпшілік арасында бұл органның беделін түсіреді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі басқару тэртібін қамтамасыз ететін жа­уапты өкімет өкілі мен лауазымды адамның бірқалыпты кызметі, ал қосымша тікелей объектісі басқару органының беделі болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс эрекет күйінде жауапты лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену арқылы жүзеге асырыла-ды. Өз бетімен иелену деп заңсыз, негізсіз көрсетілген адамдардың атағын, оған құқығы жоқ адамдардың иелік етуін айтамыз.

Бұл жерде жауапты лауазымды өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену фактісі орын алса, қылмыс аяқталған деп танылады (мысалы, осындай жалған атақпен тексеру жүргізу, аталған адамдардың функциясын жүзеге асыру, лицен-зиясыз эрекет жасауға жол беру т.е.с).

Жоғарыда көрсетілген атақтарды иелену арқылы кінэлі адам заң тыйым салған басқа да қылмысты эрекеттер жасаса (заңсыз тінту жасаса, пара алса, тұрғын үйден шығарып жіберсе т.б.), онда оның эрекеті қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады. Өйткені б^л көрсетілген баптың диспозициясы басқадай істелген қылмыстарды қамти алмайды.

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының тиісті тармағында берілген.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық, занда көрсетілген іс-эрекет орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, жа­уапты мемлекеттік лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену максатымен істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі — 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 390-бабының 3-бөлігінде билік өкілеттіктерін алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымды атқаратын адамның атағын өз бетімен иеленгені үшін жауаптылық белгіленген. Бірнеше лауазы­мды тұлғалардың тізбегі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленді, мысалы: Республика Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңес, соттар мен сот төрелігі, прокуратура органдарының лауазымды адамдары. Кінэлінің Қазакстан Респуб-ликасы Конституциясы бойынша белгіленген осындай лауазымды атқарған адамның атағын өз бетінше иеленуі осы қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталғанын білдіреді. Егер кінэлі адам осындай атақты иемденумен бірге басқадай қылмысты іс-эрекеттерге жол берсе, онда оның эрекеті қылмыстық құкьіқ бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады.

397-бап. Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану

Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл эмблемалары мен айырым белгілерін, сол сияқты Қызыл Жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл Кристалл атауын заңсыз пайдалану -

Басқару тэртібіне қарсы қылмыстардың ерекше бір түрі - Қызыл Жарты ай жэне Қызыл Крест эмблемалары мен айырым белгілерін, сол сияқты Қызыл Жарты ай мен Кызыл Крест атауын заңсыз пайдалану болып табылады (332-бап).

Кызыл Жарты ай мен Кызыл Крест ұйымдарына зор міндеттер жүктелген. Осы ұйымның жарғысына сэйкес Қызыл Жарты ай мен Кызыл Крест ұйымдары бейбіт уақытта халықты санитарлық қауіпсіздікті нығайтуға, стихиялық апаттардан зардап шеккендерге материалдық жэрдем көрсетуге, медициналық-санитарлық көмек беруге жұмылдыруға бағытталған.

Халықаралық Женева Конвенциясына (1864, 1929, 1949 жылдардағы) сэйкес бұл ұйымдар, олардың қызметкерлері ерекше артықшылықтар мен жеңілдіктерді, ерек­ше қорғануды пайдаланады. Осыған байланысты Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қоғамы өздеріне ғана тэн болып табылатын эмблемалар мен айырым белгілерін пайдалануға құқылы. Мұндай эмблемалар мен айырым белгілері осы ұйымдарға, олардың қызметкерлеріне ерекше қамқорлық, қол сұғылмаушылық құкығын береді. Осы артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдалану мақсатымен кінэлі адам Қызыл Жар­ты ай жэне Қызыл Крест эмблемалары мен айырым белгілерін заңсыз пайдаланып, осы қоғамның қызметіне залал келтіреді.

Объективтік жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық эрекет арқылы - заңсыз эм-блемаларды жэне айырым белгілерін (Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқык бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен істе-леді. Қылмыстық ниет эр түрлі (кэсіпкерлік қызметпен, жеке пайдасын ойлау т.с.с.) бо-луы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған адам.

398-бап. Байланыс желілері мен құрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жата-тын объектілерді күзету қағидаларын бүзу