Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§1. Коммерциялық жэне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бүзушылықтардың жалпы сипаттамасы

Коммерциялық жэне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы тарау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі мүлдем жаңа тарау болып табылады. Бұрынғы кеңестік замандағы Қылмыстық кодекс-те мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кэсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар үшін бірдей жауаптылық белгіленіп, олар ла-уазымды қылмыстық қү_қық бұзушылықгар деген арнаулы тарауда көрсетілген еді. 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің жобасын талқылау жэне оны қабылдау кезеңінде қоғамымызда орын алған орасан элеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің тала-бына сай келетін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық заң қабылдау қажеттілігі туын-дады. Осыған орай мемлекеттік өкімет билігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа жеке тарауға, коммерциялық жэне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар езінше жеке тарауға бөлінді. Осылай бөлінуте негіз болған басты белгілер: Біріншіден, қылмыстық қүқық бұзушылықтың объектісіне байланысты. Коммерциялық және өзге (мемлекеттік емес) ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар осы ұйымдардың занды мүдделеріне, дұрыс қызметіне ғана қол сұғады. Мұндай ұйымдарда істелетін қоғамға қауіпті іс-эрекеттер ешуақытта да мем-лекеттік ұйымдардың мүдделеріне қол сұқпайды. Екіншіден коммерциялық жэне өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық куқық бұзушылық субъектісінің ерекшелігінде. Заңға сэйкес меншік нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымда, мем-лекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы не мемлекетгің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ү_йым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнау-лы өкілеттік бойынша ұйымдастырушьшық-экімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұ_йымдарда басқару қызметін атқаратын адам осы түрғыдағы қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып та-былады.

Яғни жоғарыда көрсетілген субъектілер мемлекеттік қызметші қатарына жат-пайды жэне мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын пайдалана алмайды, бү_л түрғыдағы субъектілер өздері қызмет атқаратын коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызмет мүддесіне ғана зиян келтіруі мүмкін.

Бұл тарау 2014 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодексте өзгеріссіз қалды.

Коммерциялық жэне өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құкық бұзушылықтар өз құрамдарының объективтік жэне субъективтік жағының белгілері бойынша да ерекшеленеді.

Объективтік жағынан Бұл тараудағы қылмыстық қүқық бұзушылықтар эрекет не-месе эрекетсіздік арқылы кінэлінің коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың сеніп тапсырған өкілеттіктерін теріс пайдалануы арқылы жүзеге асырылады. Яғни қылмыстық құқық бүзушылык қиянат осы үйымдардың шеңберінде жүзеге асырылады. Субъектив-тік жағынан Бұл қылмыстық кү_қық бүзушылықтың көбінесе кінэнің екі нысаны арқылы жүзеге асырылады. Енді осы тарауда эрбір қүрамға жеке-жеке тоқталып өтейік