Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет-

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Жалпыға мэлім, тау-кен немесе құрылыс жүмыстарын жүргізу эр уақытта да адамдарға, қоршаған ортаға, жануарлар немесе өсімдіктер элеміне белгілі бір қауіп туғызуы мүмкін. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауга ере-кше мэн берген жөн.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - тау-кен немесе қүрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстық қү_қық бұзушылық объективтік жағынан тау-кен немесе кұрылыс жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бү_зу, егер бұл абайсызда адам

денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге экеп соғу арқылы сипат-талады.

Тау-кен жұмысына жер асты байлығын ашық карьерлерден, шахталардан, үңгірлерден алу, қазу, бұрғылау құрылыс жұмыстары, шахталарды жабдықтау, шахта қү_рылыстарын салу т.б. жұмыстар жатады.

Құрылыс жұмыстарына - үйлерді, көпірлерді, жолдарды, кэсіпорындарды салу, олар-ды жөндеуге, тұрғызуға байланысты эрекеттер жатады.

Тау-кен немесе құрылыс жріыстарын жүргізу тэртібі арнаулы нормативтік құқықтың актілерімен реттеледі. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 277-бабының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстың зардабы абай-сызда адамға ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-тің 106, 107-бапта-ры). Бұл қылмыстың қылмыстық кұқық бұзушылық болу үшін іс-эрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан кінэнің абайсыздық нысаны (менмендік немесе немқұрайдылық) арқылы жасалады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.

Қылмыстық құқық бұзупіылықтың Кодекстің 277-бабының 2-тармағында абай-сызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (ұйымдарға немесе азаматтарға ірі материалдық залалдар) экеп соқкан дэл сол эрекеттер үшін, ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соққан іс-эрекет - қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың (277-бап 3-бөлігі) ауыр түрі көрсетілген.

278-бап. Сапасыз салынған қурылыс

1.Қүрылыс уиымдары басшыларының, жұмыс жүргізушілердің жэне қурылыстың сапа-сын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынган, аяқталмаган немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, электр станция-ларын, тургын үйлерді немесе өзге де қурылыс объектілерін пайдалануга тапсыруы және (немесе) қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі, егер Бұл абайсызда адамның денсаулыгына ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -

2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқңан іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - құрылыс жұмыстарын жүзеге асырудың қауіпсіздік ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құдық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі - адамның өмірі, денсаулығы.

496

Объективтік жағынан Бұл қылмыстық қү_қык бүзушылық құрамы қү_рылыс ұйымдары басшыларының, жү-мыс жүргізушілердің жэне құрылыстың сапасын басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың жэне жобалау кұжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен қүрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, электр станцияларын, тұрғын үйлерді немесе өзге де қүрылыс объектілерін пайдалануға тапсыруы жэне (немесе) пайдалануы қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі, егер Бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтірумен көрініс табады. Қылмыс құрамы - материалдық.

Кінэлінің іс-эрекеті салдарынан 278-баптың негізгі құрамында көрсетілген зардап орын алған сэттен бастап қылмыс аяқталған деп табылады.

Заңсыз іс-эрекет пен одан пайда болған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет.

Қылмыстық құ-қық бүзушылық құрамы бланкеттік диспозицияға негізделген.

Құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүзеге асырудың ережелері арнаулы нормативтік-қү_қық актілермен реттеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін. Қылмыстық қүқық бұзушылық субъектісі - арнаулы: құрылыс ұйымдарының басшылары, жұмыс жүргізушілердің жэне құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асырған лауазымды түлғалар.

Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан эрекеттер осы қылмыстың ауырлататын (278-бап 2-тармағы), ал абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соктырған әрекеттер қылмыстың өте ауырлататын (278-бап 3-тармағы) түріне жатады.

Сапасыз құрылыс құрамының ауырлататын жэне өте ауырлататын құрамы субъективтік жағынан абайсыздықпен істелінеді.

279-бап. Сәулет, қала құрылысы және қурылыс қызметі саласындағы қағидаларды не­месе нормативтердің талаптарын бұзу