Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§2. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті эсер ететін жэне улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-эрекеттер болып табылады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296-303-бап-тарында осы тұрғыдағы қылмыстық құкьіқ бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті эсер ететін жэне улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстық қүқық бүзушылықтың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы болып табылады.

Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына — есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті эсер ететін жэне улы заттар жэне Қылмыстық кодекстің 301-бабына сэйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланы­латын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудің жэне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл ша­ралары» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы Заңымен, «Есірт-кі, психотроптық заттар, прекурсорлар жэне олардың заңсыз айналымымен теріс пайда-лануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2008 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңымен, «Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құралдар жэне прекур­сорлар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай — тізім деп аталады) жүзеге асыры-лады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сэйкес, 1971 жьшғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, Б¥¥-ның Есірткі заттардың жэне психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.

296-бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жумыс істеу

1.Қогамдық орындарда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекур-сорларды медициналық емес тутыну-

2.Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, ңайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау-

3. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптың заттарды, сол тектестерді вткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта вңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау -

4.Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді вткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау -

Ескертулер.

1.Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, сол тек­тестер, прекурсорлар жэне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекур­сорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі жэне аса ірі мөлшері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі жэне аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді.

2.Жеке тутыну үшін сатып алған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, пре­курсорларды өз еркімен тапсырған не есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған не есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға не-месе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлікті табуға белсенді түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігінде есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен откізу максатынсыз заңсыз жұмыс істеуге заң тиым са-лады.

Қьшмыстың заты есірткі, психотроптық заттар, сол тектес заттар, прекурсорлар — бұлардың барлығы да адамның психикасын тікелей эсер ететін, денсаулығын бұзатын зиянды заттарға жатады. Осыған орай осы баптың 1-бөлігінде -

Қоғамдық орындарда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорлар-ды медициналық емес тұтынуға - қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қоғамдық орындарда осы заттарда өз бетінше тұтыну қылмыс болып табылады, егер оны тұтынуға медициналық рұқсатнама жоқ болса.

Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша:

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау — қылмыстың ауырлататын түріне жатады. Баптың бү_л тармағында өткізу мақсатынсыз заң тыйым салған заттарды дайывдап, қайта өндеу, иемдену, сақтау, тасымалдау - қылмыс болып табылады. Осы көрсетілген тыйым салынған эрекеттердің біреуін болса да (дайындау, немесе сақтау) істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді.

Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өндеу, иемдену, сақтау, тасымалдау - үшін қылмыстық жауаптылық осы баптың 3-бөлігінде, ал осы баптың 4-тармағында -

Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау үшін аса ауыр­лататын қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қылмыс құрамы объективтік жағынан белсенді іс-эрекеттер арқылы жасалады. Субъ-ективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен іске асыры-лады.

Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.

ҚК-тің 296-бабының арнайы ескертуіне сэйкес:

1. Есірткі жэне психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар жэне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген. Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі жэне өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі жэне аса ірі мөлшері өздері тектестері болып табылатын есірткі жэне психотроптық заттардың шағын, ірі жэне аса ірі мелшеріне сэйкес келеді.

2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркімен тапсырған не есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған не есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды эшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлікті табуға белсенді түрде ыкдал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу

1.Есірткі, психотроптың заттарды, сол тектестерді өткізу маңсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу -

2.Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты;

4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер -

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде иөзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді білім беру үйымдарында не иөрінеу кәмелетке толмаған адамға өткізу -

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-тармағында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасы-малдау, оларды женелту не өткізу — үшін қылмыстык жауаптылық белгіленген, ал осы баптың 2-бөлігінде есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу максатынсыз ірі мөлшерде иемденіп алу тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың заты есірткі заттар, жэне сол тектестер, психотроптық заттар. Есірткі заттар - адамның психикасына эсер ететін, одан эрі организмді Бұлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын жэне т.б. заттар жатады.

Психотроптық заттар жэне сол тектестер - адамның психикалық функциясына эсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға амино-рекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б. жатады.

Қылмыстық құқық бү-зушылық объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, күшті эсер ететін жэне улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» №3 қаулысында, Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 30 сэуірдегі №2, 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №19, 2003 жылғы 7 шілдедегі №7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен тиісінше түсінік берілген.

Жоғарғы Соттың осы каулысының 3 тармағына сэйкес жоғарыда көрсетілген заттар­ды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы есімдіктерді не­месе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жүмысы біткеннен кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну керек.

Кінэлінің арнайы рү_қсатсыз көрсетілген заттарды езінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез келген қасақана эрекет заңсыз сақтау болып табылады.

Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар неме-се құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы не-месе басқа да эр түрлі тәсілдермен арнайы рүқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана эрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл эрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, қү_ралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мумкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған түлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, қүралдардың, преісурсорлардың заңсыз иесі — өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, қүралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ү-йымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады.

Осы көрсетілген эрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мүлдай эрекеттер күзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рүқсатынсыз жасалуы тиіс. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттар мен нэрселерді өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз алу, тасымалдау, сақтау үшін жауаптылық ҚК-тің 297-бабының 2-тармағымен сараланады.

Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құ-ралдарын, психотроптық заттарды өте ірі мелшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну қажет.

Жиынтық кестеге сэйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-эрекетте көрсетілген қылмыс кұрамы болмайды.

Қылмыстық құқық бұзушылық қүрылысы жөнінен формальдық күрамға жатады. Сол себепті ол заңда көрсетілген эрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам есірт-кі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алғанын жэне сақтағанын сезеді жэне сондай эрекет істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-тармағында мөлшеріне байланыссыз есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, тасымалдау не­месе сақтау, дайындау, өндеу, жөнелту, не өткізгені үшін жауаптылық белгіленген. Ал осы көрсетілген заттарды өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз алу, тасымалдау, сақтау, тағайындау, өңдеу немесе жөнелту ҚК-тің 297-бабының 2-1 тармағында көрсетілген қүрам бойынша саралануға жатады.

Көрсетілген заттарды заңсыз иемденіп алудың, тасымалдаудың және сақтаудың түсініктеріне осы баптың бірінші бөлігін талдағанда тоқталып өттік. Кез келген эдейі жасалған эрекет нэтижесінде белгілі бір есірткі немесе психотроптық зат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса онда оларды дайындау болып табылады.

Ал сол заттардың пішінін өзгерту (үсату, таблеткаға қалыптау, пилюла, пасталар жа-сау т.б.) заңсыз дайындау болып табылмайды.

Белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз өңдеу болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, үстау, кейбір бөлшектерден ажырату жэне баска да түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі зат алынбаса) заңсыз қайта өңцеу деп есептелмейді. Мұндай эрекеттер жеке қылмыс болып табылады.

Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген байланыс кұралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы жібе-. руді айтамыз. Жоғарыда көрсетілген заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға кез келген тэсілмен заңсыз беру (сату, сый-лау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т.б.) осы заттар­ды заңсыз өткізу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағындағы қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі - заңда көрсетілген заттар­ды өткізу мақсатында иемденіп алу немесе сақтау болып табылады. Өткізу мақсатында заңсыз иемденіп алу немесе сақтау пиғылымен жа-салғандығы жөнінде мэселені шешу үшін бұл заттарды шын мэнінде өткізуге дайындалғанын дэлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (мысалы, жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана пайдаланатынын жоққа шығармайтын фактілердің болуы — заттардың бөлшектенуі, құралдар мен жабдықтардың бөлініп қойылуы, кінэлінің басқалармен есір-ткіні қолданатын фактілерінің орын алуы т.б.).

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса ауырлата-тын түрлері: Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді.

а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-ба-бын қараңыз);

б) бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз);

в) есірткі заттарға немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде; Есірткі немесе психотроптық заттардың ірі немесе өте ірі мөлшерге жататыны немесе

жатпайтыны жиынтық кесте арқылы анықталады.

Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық көзделген (ҚК-тің 3-бабының 26-тармағын қараңыз)

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды немесе психо-троптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді;

а) қылмыстық топ жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз);

б) білім беру ұйымдарына;

в) көрінеу кэмелетке толмаған адамға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.

298-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу-

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып:

4) өмірге немесе денсаулыққа ңауіпті емес куш қолданып не сондай куш қолдану қатерін төндіріп жасалган дал сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаган;

2) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай куш қолдану қатерін төндіріп жасалган іс-әрекеттер -

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптың заттарга, сол тектестерге қатысты жасалган іс-әрекеттер -

Қылмыстың затына есірткі заттар жэне психотроптық нэрселер жатады. Олардың си-паттамасы ҚК-тің 297-бабында көзделген қылмыс құрамын талдағанда толық берілді.

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы не­месе меншігі болады.

Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы - талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.

Жымқыру деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нэрселерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып, кінэлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз, тегін алып қоюын немесе айналдыруын айтамыз.

Есірткі заттарды жэне психотроптық нэрселерді жымқыру эр түрлі тэсілдер қолданыла отырып істелуі мүмкін. Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы қылмыстар жымқырудың - ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылык, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жымқырудың алаяқтық нысаны арқылы кейбір реттерде қолдан жасалған рецептер арқылы есірткі заттарды, психотроптық нэрселерді медициналық мекемелерден немесе дэріханалардан заңсыз алады.

Наркотикалық заттар немесе психотроптық нэрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның (фармацевтің, провизордың, дэрігердің, медбикелердің жэне басқа адамдардың) иеленіп алуы немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін.

Ауырлатпайтын жағдайда тонау арқылы көрсетілген заттарды жымқыруға салған рет-те кінэлінің эрекеті Қылмыстық кодекстің 298-бабының 1-тарамағымен сараланады.

Есірткі заттарды немесе психотроптық нэрселерді жымқыруға қылмысы осы көрсетілген заттарға кінэлінің толық нақты, иелік жасаған, яғни осы заттар тиісті адамдардың иелігінен шыққан уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Талданып отырылған қылмыс құрамының объективтік жағының екінші бір бел-гісі есірткі заттарды немесе психотроптық нэрселерді қорқытып алу болып табылады. Қорқытып алудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 194-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы қорқытып алу нақты қылмыстық занда көрсетілген заттар -есірткі заттар немесе психотроптық нэрселер жөнінде ғана болып отыр. Осыған орай қорқытып алу формальдық қылмыс құрамы болғандықтан қылмыс есірткі заттарды немесе психотроптық нэрселерді қорқытып талап еткен уақыттан бастап, кінэлінін талабының қанағаттандырылғанына немесе орындалмағанына қарамастан аяқталған деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 298 жэне 188-191-баптары бэсекеге түскен жағдайда, артықшылық арнаулы нормаға - Қылмыстық кодекстің 298-бабына берілуі керек, өйткені ол қылмыстық құқықтың арнаулы нормасы болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатымен істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған адам.

Қылмыстық кодекстің 298-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

1) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз);

2) элденеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз);

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК-тің 3-бабының 19, 26-тармағын қараңыз);

4) өмірге немесе денсаулықка қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса (ҚК-тің 191-бабын караңыз) жауаптылық көзделген.

Қылмыстық кодекстің 298-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрлері:

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш колданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-эрекеттер үшін ауырлататын жағдайда қылмыстық жауаптылық белгі белгіленген (298-баптың 3-тармағы).

Ал осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған іс-эрекеттер—үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 298-бабының 4-тармағында көрсетілген.

299-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуга көндіру -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет жасалган дал сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) көрінеу кәмелетке толмаган адамга не екі немесе одан да көп адамга қатысты;

2) куш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

3) қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Қылмыстың заты - есірткі немесе жүйкеге эсер ететін заттар.

Қылмыстың объективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы сипатталады. Оның бірінші нысаны - баска адамды есірткі немесе психотроптық заттарды түтынуға кеңестер беру, үсыныс, өтініш жасау, алдау, организмге осы заттарды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту арқылы көндіру болып табылады. Екінші нысанының мағынасы басқа адамды есірткі немесе психотроптық заттарды түтынуға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы көндіруге байланысты болады.

Есірткі заттарды түтынуға оларға жататын таблеткаларды (кодеин, барбамид) не­месе үлтақтарды (кебу морфин, апиын) ішке жүту, инъекция арқылы (морфий, кока­ин), үлтақтарды дем арқылы ішке тарту (кокаин, эфир), тарту арқылы (гашиш) немесе құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді (бетол, қызғалдақ) шайнау арқылы қабылдау жатады.

Қылмыс формальдық құрамға жатады жэне ол адамды көрсетілген заттарды тұтынуға көндірген уақытган бастап (жэбірленушінің тұтынған немесе тұгынбағанына я болмаса тұтынудан басқаның бөгет болуына байланысты бас тартқанына қарамастан) аяқталған деп саналады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касаканалықпен істеледі. Кінэлі өзін басқа адамның наркотикалық немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндіргенін сезеді және соны тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

ҚК-тің 299-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;

б) бірнеше рет жасалса.

Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында жасалған эрекеттері.

а) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі екі немесе одан да көп адамдар жөнінде;

б) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалған кылмысты топ жасаған эрекеттер қылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 299-бабының 3-тармағы). Ал ҚК-тің 299-бабының 4-тармағында:

а) осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер, егер олар абайсызда жэбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген. Ауыр зардаптарға абайсызда жэбірленушінің денсаулығына кел-тірілген залал, есірткіге тэуелді болу, жэбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, жүйке ауруына ұшырауы, ВИЧ инфекциясын жұқтыру жатады.

300-бап. Қүрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-есіру

1. Өсіруге тыйым салынган өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе қүрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сүрыптарын егіп-өсіру -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) ірі мөлшерде жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Қылмыстың заты болып құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктер саналады. Бұлар апиын, үндістандық, оңтүстік-манчжурия, оңтүстік Шу, оңтүстік архон сорасы, кокаин бұтасы, кат, Қазақстан Республикасында өсетін, бірақ өсіру ушін тыйым салынган немесе ол үшін арнаулы рұксатты қажет ететін өсімдіктер: ұйықтататын көкнэр түріндегі өсімдік, сора тұқымдас өсімдік.

Қылмыстың объективтік жағы өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораны, көкнэрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктер сорттарын өсіру арқылы сипатталады. Егу немесе өсірудің эрқайсысы жеке қылмысты іс-эрекет болып табылады.

Егу дегеніміз құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің тұкымын, көшеттерін кез келген жер учаскесіне (оның ішінде такьір жерге де) отырғызу болып табылады.

Өсіру дегеніміз құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді күту (суару, арам шөбін тазалау, қатарын жү_мсарту) арқылы оны пісіп-жетілу деңгейіне жеткізу болып табылады.

Сораны, көкнэрді немесе қүрамында есірткі заттар бар баска да есімдіктерді өсіру деп соларды себуді жэне көбейтуді айтамыз. Қылмыс формальдық қүрамға жатады. Ол заң өсіруге тыйым салған қү_рамында есірткі заттар бар өсімдіктерді егу немесе өсіру эрекеттерінің біреуін істеген уақыттан бастап-ақ аяқталған деп табылады. Осындай өсімдіктердің тұқымын жинау есірткі заттарды дайындауға окталғандық деп бағаланады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмысты сара-лау үшін тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді есіру мақсатының эсері болмайды. Егер кінэлі адам өсірілген өсімдіктерден есірткілік заттарды дайындаса, сақтаса, тасымалдаса, жөнелтсе немесе өткізсе, онда іс-эрекет қылмыстардың жиынтығы ҚК-тің 297, 300-баптары бойынша сараланады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобының алдын ала сөз байласып (ҚК-тің 31-бабы); элденеше рет (ҚК-тің 12-бабы); ірі мөлшерде (нақты жағдайларға байланысты өсімдіктің түрі, егістіктің көлемі жэне т.б. анықталады) үшін жауаптылық көзделген.

301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық немесе улы заттарды дайын-дау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, қурал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы

1. Есірткі, психотроптың заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауга немесе ңайта өңдеуге арналган қурал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу -

2.Есірткі, психотроптық заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланы­латын заттарды, ңурал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізу -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) бірнеше рет жасалган іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қыл-мыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың денсаулығы.

Қылмыстың затына заң улы заттарды, есірткі заттарды немесе психотроптық заттар­ды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын зат, аспаптарды немесе жабдықтарды жатқызады.

Қылмыстык кодекстің 301-бабының 1-тармағында: Есірткі заттар немесе психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауга немесе үқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, үқсату, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізгені үшін жауаптылық көзделген. Улы заттардың тізбегі арнаулы нормативтік-құкықтық ак-тілерде көрсетілген. Осы улы заттарды дайындауда, ұқсатуға қажетті құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен дайындау, ұқсату, иемденіп алу, сақтау, тасы-малдау, жөнелту, заңсыз өткізу осы қылмыстың объективтік жағынан белгілерін түзеді. Дайындау, ұқсату, тасымаддау, жөнелту сақтаудың, өткізудің түсініктеріне Қылмыстық кодекстің 297-бабында толық тоқталып өткенбіз.

Қылмыстық кодекстің 301-бабының 2-тармағында: Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткізу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткізгені үшін жауаптылық көзделген.

Есірткі заттарға немесе психотроптық заттарға - химиялық құрылымдары мен қажеттері бар, құрылымы мен қасиеттері жағынан еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, I, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, оларды шектен тыс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті Үкімет қаулыларымен, Б¥¥-ның халықаралық конвенцияларымен (1988 ж.) есірткі заттар немесе жүйкеге эсер ететін заттар ретінде бекітілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи болып табылатын заттар жатады.

Есірткі немесе психотроптық заттарды дайындауға пайдалану мақсатында қолдан не­месе өндірістік жолмен жасалған заттар немесе соған ыңғайланған құралдар (тұрмыстық-шаруашылық бағыттағы заттардан басқа) соларды жасауға арналған құрал жэне аспаптар болып саналады. Бұл заттардың міндетті белгісі - олардың арнаулы бақылауда болуы болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайын­дау үшін пайдаланылатын аспаптарды немесе жабдықтарды заңсыз дайындау: сатып алу, сақтау, тасымалдау жөнелту немесе соларды заңсыз өткізгені арқылы көрініс табады.

Көрсетілген заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды дайындауды ретке келтіретін арнаулы құқықтық-нормативтік актілер бар. Осыған орай қылмыс құрамының диспози-циясы бланкеттік болып табылады.

Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе элденеше рет жасаған эрекеттері үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 301-бабының 3-тармағында көзделген. Қызмет бабын пайдаланып, қылмыс істеу түсінігі ҚК-тің 3-бабында алдын ала сөз байласқан адамдар тобының түсінігі ҚК-тің 31-бабында, ал элденеше рет қылмыс істеудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында айтылған.

Қылмыстық топ жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер үшін жауаптылық осы баптың (301) төртінші тармағында белгіленген. ¥йымдасқан топтың түсінігі Қылмыстык кодекстің 31-бабында берілген.

Қылмыстық кодекстің 301-бабында көрсетілген. Қылмыс құрамы формальдық, ал заңның диспозициясында көрсетілген улы есірткі заттарды немесе психотроптық заттар­ды дайындау үшін пайдаланылатын заттардың аспаптардың немесе жабдықтардың айна­лым тәртібін бұзған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан - қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Өйткені көрсетілген заттардың айналым тэртібін бұзған адам олардың тэртібін ретке келтіретін нормативтік-құқықтық нормалардың талабын өрескел бұзғанын сезеді жэне соны бұзуды тілейді.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы, занда көрсетілген заттарды дайындау үшін пайдала­нылатын заттарды, аспаптарды немесе жабдықтарды өндіруге лицензиясы бар, олардың өндіру тэртібін қатаң сақтауға жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар.

302-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тутыну үшін притондар уйымдастыру немесе оларды устау жэне осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру

1.Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар уйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру -

2. Мынадай:

1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

2) бірнеше рет;

3) қылмыстық топ жасаған дал сол іс-әрекеттер -

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі — халықтың денсаулығы, ал қосымша тікелей объектісі - адамгершілік. Қыпмыстың заты - занда көрсетілгендегідей есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынатын притондар болып табылады.

Притон деп есірткі немесе жүйкеге эсер ететін заттарды қолдануға жүйелі түрде берілетін тұрғын үй (жеке үй, пэтер) немесе тұруға болмайтын үйлерді (кафе, ресторан, клуб, дискотека, сарай, монша және т.б.) жатады. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумыньщ 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 қаулысының 16-тармағы).

Қылмыстың объективтік жағы бірнеше эрекеттен тұрады - притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру.

Притондар ұйымдастыру деп оларды құруға арналған эрекеттерді (іздеу, жалдау, үйлерді жэне жиһаздарды осыған сай етіп жабдықтау, шприцтерді, наркотик заттар­ды эзірлеу, т.с.с), ал үй болған жағдайда есірткі немесе жүйкеге эсер ететін заттарды қолдануға ниеті бар адамдарды соған тарту, олардың құпиялылығын қамтамасыз ету т.е.с эрекеттерді айтамыз.

Притонды ұстау оның жүйелі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған эрекеттерден тирады (оны материалдық жағынан қамтамасыз ету, күзету, жөндеу, клиенттерге қызмет көрсету, қолдану үшін құралдар мен жабдықтарды табу, т.е.с).

Үй-жай беру деп осы іс-эрекеттерді жүзеге асыратын қолайлы баспаналарды табу, беру, жалдауларды айтамыз.

Қылмыс формальдық құрамға жатады. Сондықтан ол притондар ұйымдастыру неме­се ұстау эрекеттерінің бірін орындаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналық арқылы сипатталады. Кінэлі адам есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастырғанын жэне ұстағанын сезеді жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді.

Қьшмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі - арнаулы, мақсат - наркотикалық заттарды жэне психотроптық заттарды тұтынуды қамтамасыз ету болып табылады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 302-бабының 2-тармағында осы қылмыстың мынадай ауыр-лататын түрлері: адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған немесе элденеше рет жасалған, немесе қылмыстық топпен жасалған дэл сол әрекеттер үшін жауаптылық бел-гіленген.

Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі Қылмыстьщ кодекстің 3-бабында берілген. Әлденеше рет жасалған қылмыстың түсінігі (ҚК-тің 12-бабында), ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстың эрекеті (ҚК-тің 31-бабында) берілген.

303-бап. Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бузу

1. Есірткі, психотроптық немесе улы заттарды өндіру, дайындау, қайта өңдеу, ием-дену, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою қағидаларын бузу, егер бул іс-әрекетті аталған қагидаларды саңтау міндетіне кіретін адам жасаса -