Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалган дэл сол іс-әрекеттер -

3. Көрінеу жалган қужатты пайдалану-

Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-тармағында құқықтар беретін немесе мін-деттерден босататын куэлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау не­месе өткізгені үшін жауаптылық белгіленген.

Көрсетілген қылмыстық құқық бүзушылыктың қоғамға қауіптілігі қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау, өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік немесе мем-лекеттік емес ұйымдардың, кэсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нүқсан келтіріледі.

Қылмыстық қүқық бү_зушылықтың тікелей объектісі құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау, өткізудің заңмен белгіленген тэртібі болып табылады.

Қылмыстық құқық бүзушылық затына - куэліктер, ресми құжаттар, мөртаңбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады.

Қүқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куэліктерге тиісінше мемлекеттік немесе мемлекеттік емес орган беретін құжаттар (төлқұжат, эскери билет, көлік жүргізу куэлігі, қызметтік куэлік т.е.) жатады.

Мөрқағазға - баспа әріптері арқылы құжат мэтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін қағаз парағы жатады.

Ресми қүжаттардың, мемлекеттік наградалардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 383-бабына талдау жасағанда тоқталып өттік.

Көрсетілген қылмыстық қүкык бұзушылыктың объективтік жағы мынадай үш түрлі балама эрекеттерден түрады: 1) қүқықтар беретін немесе міндеттемелерден босататын куэлікті немесе өзге де ресми қүжатты қолдан жасау; 2) осы көрсетілген куэлікті неме­се ресми құжатты өткізу; з) қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау не­месе өткізу.

Қолдан жасауға жалған куэлікті немесе өзге де ресми құжаттарды дайындаулар жа­тады.

Ол эр түрлі эдіспен жүзеге асырылуы мүмкін: бастан аяқ шындыққа мүлдем сай келмейтін жалған куэлік немесе ресми қүжатты толык қолдан жасау, куэліктерге неме­се ресми құжаттарға кейбір жалған сөздерді жазу, цифрларды түзету арқылы ішінара өзгертулер енгізу; қосып жазу, сөйлемнің мэнін өзгерту, түзету енгізу, өшіру, цифрларды түзеу арқылы куэліктің немесе өзге де ресми құжаттың шын мағынасын өзгерту т.с.с. эрекеттер.

Мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды немесе мемлекеттік наградаларды толық күйде қолдан жасау осы заттарды дайындау деп саналады. Қүқықтар беретін немесе міндеттемелерден босататын куэлікті немесе өзге де ресми құжатты, қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды басқа адамға тегін немесе белгілі бір акыға, айырбас арқылы, қарызын өтеу үшін немесе уақытша пайдалануға беру осы заттарды өткізу деп танылады.

Қылмыстық құқық бүзушылық формальдық құ_рамға жатады жэне қү-рамның объек-тивтік жағында көрсетілген балама эрекеттердің біреуі жүзеге асқан уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жаса-лады. Жалган куэліктерді, ресми күжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасаған, даиындаған немесе өткізген адам өзшщ іс-эрекетінің қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді жэне соны біле түра қылмыстық ниетін жүзеге асырады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 385-бабында көрсетілген осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамы Қылмыстық кодекстің 369-бабындағы - қызметтік жалғандық жасаудан субъ-ектісі бойынша ажыратылады, Қылмыстық кодекстің 369-бабының субъектісі арнау-лы субъект — лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші, ал Қылмыстық кодекстің 385-бабының субъектісі басқару тэртібіне қол сұғатын кез келген адам (жалпы субъек-тісі).

Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-тармағында жогарыда (385-баптың 1-тармағы) көрсетілген эрекеттерді бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаған эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Бірнеше рет жасаған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында, ал адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған эрекет ұғымы Қылмыстық кодекстің 31-бабында берілген.

Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-тармағында жеке қылмыс құрамы — көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты - жалған кркат. Объективтік жағынан қылмыс көрінеу жалған құжатты пайдалану эрекеті арқылы көрініс табады.

Көрінеу жалған құжаттарды белгілі бір құкық алу немесе міндеттерден кұгылу мақсатымен меншік нысанына қарамастан мекеме, ұйым, кэсіпорынға, лауазым адамына ұсыну оны пайдалану деп танылады. Мысалы, жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломды қолдан жасап мекемеге өткізіп, қызметке орналасу; жол полициясына көлікті жүргізудің жалған куэлігін көрсету; жалған құжат жасап, жоғары оқу орнына түсу т.с.с. эрекеттер.

Қылмыстық құқық бұзушылық формальдық құрамға жатады жэне ол жалған құжатты тиісті органға немесе лауазым адамына ұсынған уақыттан бастап аяқталған деп таныла­ды.

Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам көрінеу жалған құжатты пайдаланғанын сезеді, біледі жэне соны пайдаланып, өз мақсатын жүзеге асырады.

Қылмыстық қү-қық бұзушылықтың субъектісі - жалпы 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 385-бабында көрсетілген осы қылмыстық күдық бұзушылық қүрамын оған ұқсас құрамдардан ажыратудың маңызы айрықша. Осы қылмыс құрамының ҚК-тің 151-бабында көрсетілген (сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бүрмалау немесе дауыстарды қате есептеу) құраммен аздаған ұдсастығы бар. Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі мынада: 151-баптың объектісі азаматтардың сайлау құкығы; ал 385-баптың объектісі басқару тэртібі. 151 -баптың заты - ресми қркаттардың арнаулы түрлері: сайлау кркаттары, референдум құжаттары болады, ал 385-баптың қылмыс заттары — 151-бапқа қарағанда едэуір ауқымды, 151-бапта көрсетілген қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қркаттарды бұрмалау арқылы (өткізу емес) көрініс табады, бұ_л баптың субъектісі - арнаулы сайлау комиссиясының мүшелері, референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшелері немесе ынталы топтың мүшелері. Осы көрсетілген екі бап бір-бірінен қылмысты істеу мақсаты арқылы да ажыратылады. 151-бапта сайлау немесе ре­ферендум құжаттарын бұрмалау, ал 385-бапта жалған құжаттар белгілі бір құ_қық алу немесе міндеттен босану үшін немесе оны өткізу мақсаты басшылыққа алынады.

Қылмыстық кодекстің 385-бабындағы құрам осы Кодекстің 231, 232-баптарын-да көрсетілген қылмыс кұрамдарынан қылмыстың заты бойынша ажыратылады. 231, 232-баптардағы қылмыстың затына - жалған ақша, бағалы кағаз, жалған төлем карточка-лары, өзге де есеп айырысу құжаттары жатады, ал 385-баптың затына - есеп айырысуға жатпайтын ресми құжаттар жатады.

Азаматтық немесе кылмыстык іс бойынша айғактарды бұрмалауда (416-бап) жалған құжаттар арқылы жасалуы мүмкін. Бү_л жерде құжат сот ісі бойынша өтетін айғақ болып табылады. Яғни айғақты бұрмалау арқылы қылмыстың басқа объектісі - эділ соттылықты жүзеге асыру тэртібі зардап шегеді. 416-бапта көрсетілген қылмыс арнаулы субъект -азаматтық іске қатысушы адам, оның өкілі, аныктама жүргізуші адам, тергеуші, проку­рор немесе қорғаушы арқылы істеледі.

386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік қуралын өткізу

1.Сәйкестендіру нөмірін, шанақтың, шассидің, қозгалтқыштың нөмірін қолдан жасау немесе жою, сондай-ақ квлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісін қолдан жасау, көрінеу қолдан жасалган немесе жалган мемлекеттік тіркеу белгісін пайдалану, сол сияқты көрінеу ңолдан жасалган сәйкестендіру нөмірі, шанақтың, шассидің, ңозғалтқыштың нөмірі бар немесе көрінеу ңолдан жасалган мемлекеттік тіркеу белгісі бар көлік қуралын өткізу не көрінеу ңолдан жасалган нөмірі бар шанақты, шассиді, қозғалтқышты өткізу -