Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жагдайында немесе сотые уақытында жасалган іс-әрекеттер -

Ескерту.

Осы баптың бірінші бөлігінде кезделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметшіні, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Қылмыстық кұқық бұзушылық объективтік жағынан Қазақстан Республикасы­на кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау жэне тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті (жауынгерлік қызмет) атқарудың қағидаларын бұзу, егер де бұл эрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болуы арқылы сипатталады.

Жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелері Ішкі қызмет Жарғысымен, Қорғаныс ми­нистр!, Бас Штаб бастығы, Қарулы күштер түрлерінің Бас қолбасшысының бұйрығымен жэне директиваларымен белгіленеді.

Жауынгерлік кезекшілік атқару ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасына кенет­тен жасалған шабуылды дер кезінде байқау жэне тойтару бойынша не оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару қызметтерін бұзулар жатады. Жауынгерлік кезекшілік атқару құрамына кезекшілік уақытында қызмет орны-нан ауытқуға, бөгде жұмыспен айналысуға, өз бетімен кезекшілік орнын тастап кету-ге, кезекшілік орнын басқа біреуге уақытша болса да беріп кетуге, эскери техниканың дайындығына бөгет келтіретін істермен айналысуға тыйым салынады, сондай-ақ жауын-герлік кезекші өз қызметін атқару кезінде спирт ішімдіктерін, есеңгірететін, уытқұмарлык заттарды пайдалануға, байқау аппараттарын өз бетімен алып тастауға немесе келіп түскен бұйрықты орындамауға құкылы емес.

Қылмыстық құқық бұзушылық қүрамы жағынан формальдық-материалдық құрамға жатады. Өйткені қылмыс жауынгерлік кезекшілікті атқару ережелерін бұзудан мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болған реттерде аяқталған деп танылады.

Мемлекет қауіпсіздігі мүддесіне зиян келтірілгені немесе келтірілу қаупі болғаны нақты жағдайларға байланысты анықталады. Жауынгерлік кезекшілік ережелерін бұзумен мемлекет мүддесіне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Қылмыстык құкық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама касақаналықпен істеледі.

Осы баптың 2-тармағында ауыр зардаптарға экеп соққан эрекеттер үшін жауаптьшық белгіленген. Ауыр зардаптарға - Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттердің эскери барлау ұшактарының, су асты, су үсті соғыс кемелерінің еніп кетуі, адамдардың казаға ұшырауы, эскери техниканың істен шығуы, маңызды эскери шаралардың жүзеге аспай қалуы жатады.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ұрыс жағдайында не­месе соғыс уақытында жасалған құқық бұзушылықтық эрекеттер үшін жауаптылык Қылмыстық кодекстің 444-бабының 3-тармағында көрсетілген.

Кылмыстық кодекстің 444-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған эскери қызметші қылмысты жеңілдететін мэн-жайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

445-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу

1.Шекаралық нарядтың құрамына кіретін немесе Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өзге де міндеттерді орындайтын адамның Қазақстан Республикасының Мемле-кеттік шекарасын күзету жөніндегі қагидаларды бузуы, оның ішінде өткізу пункттерін-де бузуы, егер бул іс-әрекет мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса -