Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Экстремистік топ қуру, сол сияқты оган басшылық ету -

2. Экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып не ңогамдық бірлестік лидері жасаған іс-әрекеттер -

Ескерту.

Экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Жаңа Қылмыстық кодексте Бұл бап тұңғыш рет арнайы көрсетіліп отыр. Қылмыс-тың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті, экономиалық күш-қуат болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан экстремистік топ құру оған басшылық жасау, олардың іс-эрекетіне белсенді түрде қатысу арқылы көрініс табады. Субъективтік жағынан қылмыс құрамының Бұл түрі тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыс субъектісі осы топты құрған, соған басшылық еткен немесе топтық эрекетке қатысқан 16-ға толған есі дү_рыс адам.

183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рүқсат беру

Үлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтікжәне діни араздыңты тутандыруга багытталған, тектік-топтық айрықшалықты, согысты насихаттайтын, билікті күштеп басып апуға, билікті күштеп устап тұруга, мемлекеттің қауіпсіздігіне нүқсан келтіруге немесе конституциялық қурылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумақтық тутастыгын бузуга шақыруды қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және басқа да буқаралық ақпарат қүралдарында жариялауга руқсат беру-

Қылмыстық топтық объектісі мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар, қылмыстың тікелей объектісі ұлттық, рулык, нэсілдік, элеуметтік, діни араздыққа тудыру, соғысты насихаттау, билікті басып алуға, билікті күштеп ұстап тү_руға, конституциялық қү_рылысты Бұлдіруге, ел аумағының тұтастығын бұзу қарсы бағытталған қоғамдық қатынастарға қол сүғу болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық белсенді эрекет арқылы, бапта көрсетілген іс-эрекеттерді жүзеге асыру арқылы көрініс табады.

Қылмыс субъектісі - бүқаралық акпарат қүралдарына экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат берген 16-ға толған адам.

§5. Мемлекет қупияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар

185-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету

1.Мемлекеттік қупияларды құрайтын мәліиеттерді заңсыз жинау,сол сияқты құқыққа сыйымсыз алынган, мемлекеттік құпияларды ңұрайтын мәліметтерді тарату,мемле-кетке опасыздың жасау немесе тыңшылық белгілері болмаган кезде-

2.Адамның өзіне ңызмет, жумыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылган немесе мәлім болган мемлекеттік құпияларды қурайтын мәліметтерді жария етуі, мемлекетке опасыздық жасау белгілері болмаған кезде -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса,-

Мемлекет қүпия болып табылатын мэліметтердің жария болмауын, оның заңда бел-гіленген тэртіппен сақталуын талап етеді. Мемлекеттік қүпияны заңсыз алу, жария ету Қазақстан Республикасының қорғаныс жэне баска да мүдделеріне ерекше қауіп туғызады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі мемлекеттік құпияларды сақтаудың заңда белгіленген тэртібіне қол сұғу болып табылады.

Осы қылмыстың затына мемлекеттік құпияларды құрайтын мэліметтер жатады.

Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мэліметтердің тізімі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Қазакстан Республикасындағы мемле-кеттік құпиялар туралы» арнаулы заңында көрсетілген.

185-бапта көрсетілген қылмыс құрамының объективтік жағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мэліметтерді заңсыз жинау, тарату, заңсыз алу, жария ету бойынша сипаттала-ды.

Арнайы заңмен, нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген ережеге қайшы түрде мемлекеттік құпияларды алу заңсыз алу деп танылады.

Заңда заңсыз алудың тэсілдері: құжаттарды ұрлау, мемлекеттік құпияларды білетін адамдарды, олардың туыстарын сатып алу оларды қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсіру, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану немесе өзге де заңсыз эдіс деп көрсетілген. Осы әдістердің кез келгенін пайдаланып мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жинау егер кінэлінің эрекетінде мемлекетке опасыздық белгілері құрама болмаса, онда Қылмыстық кодекстің 185-бабының 1-тармағы бойынша жауапты болады.

Жария ету дегеніміз - өзіне сеніп тапсырылған немесе қызметі, жұмысы бойынша бел-гілі болған адамның мемлекеттік құпияны заңсыз іс-эрекеттер арқылы бөгде адамдарға мэлім етуі болып табылады.

Бөгде адамдар деп өзінің атқаратын жұмысы немесе қызметі жөнінен мемлекеттік құпия болып табылатын мэліметтерге ешқандай қатысы жоқтарды айтамыз.

Мемлекеттік күпия эр түрлі тэсілдермен — ауызша эңгімеде, баяндама арқылы, хат жазысу немесе басқадай баспасөз беттерінде жарияланған материалдар арқылы немесе басқа адамдарға құпия құжаттарды көрсету, суретке салып алуға рұксат беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай іс-эрекеттерді жасаған адам Қылмыстық кодекстің 185-бабыньщ 2-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Егер осындай іс-эрекеттерден ірі залал немесе ауыр зардаптың тууы орын алса, онда кінэлі осы баптың (185-бап) 3-тармағы бойынша жауаптылыққа тартылады. Қылмыс мемлекеттік құпия болып табы-латын мэліметтер басқа адамға жария болғаннан бастап аяқталған деп табылады.

Субъективтік жағынан бұл кылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Егер Бұл эрекетті істеген адам мемлекетке опасыздық істеу ниетін басшылыққа алса, онда бұл адамның эрекетінде Қылмыстық кодекстің 175-бабында көрсетілген қылмыс құрамы орын алады.

Қылмыстың субъектісі болып мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе мұндай мэліметтер өзіне қызметі немесе жүмысы бойынша белгілі болған 16-ға толған адамдар танылады.

Ауыр зардаптың жэне ірі заладың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 4, 38-тармақтарында көрсетілген

186-бап.Мемлекеттік қупиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту

1.Адамның өзіне қызмет, жүмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында кәзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылган мемлекеттік құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді абайсызда жогалтуы, егер жогалту мемлекеттік қүпияларды қурайтын маліметтер жеткізгіштермен жүмыс істеудің белгіленген қагидаларын бузу салдары болып табылса -