Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана оты-рып жасаган іс-әрекеттер -

Азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге экеп сокқан күш қолдану не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тінтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесіне заңсыз кіріп кету, сол сияқты бөтен біреудің жер учаскесін заңсыз басып алу (201-бап) қылмыс болып табылады. Бү_л норма Қылмыстық кодексте алғаш рет көрсетіліп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясына сэйкес жер мемлекеттің меншігінде, сондай-ақ жеке түлғалардың меншігінде де болады. Заң бойынша өзіне бекітілген жер учаскесіне бөтеннің заңсыз кіріп кетуі егер ол елеулі зиянға экеліп соғатын болса, қылмыс құрамын құрайды. Қылмыстық құ_қық бұзушылықтың объектісі жерге байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғу.

Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық эрекет арқылы заңда белгілен-ген зардапты келтірумен ұштасады. Бұл жерде эрекет бөтеннің жер учаскесіне заңсыз кіріп кету арқылы көрініс табады. Заңсыз кіру дегеніміз жерге меншік иесінің немесе жерді занды иеленушінің келісімінсіз, оның занды құқықтарын аяққа басып жер уча-скесіне басып кіруді айтамыз. Мұлдай басып кіру азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне елеулі зиян келтірумен ұштасуы керек. Елеулі зиян Бұл бағалау категориясы болып табылады. Оны нақты жағдайларға байланысты тергеу, сот органда-ры анықтайды. Заңсыз кіру мен келтірілген елеулі зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет.

201-баптың негізгі күрамында күш қолдану не күш қолданумен қорқыту арқылы не-месе адамдар тобымен немесе заңсыз тінтумен үласып жасалған нақ сол әрекеттер, сол сияқты бөтеннің занды учаскесін заңсыз басып алғаны үшін жауаптылық белгіленген.

Заңсыз тінтуге - жэбірленушіге тиісті жер учаскесіне негізсіз, рұқсатсыз тінту амал-дарын жүргізу, ал жер учаскесін заңсыз басып алуға — жердің меншік иесін немесе өзге де иеленушісін заңға кайшы эрекеттер арқылы тиесілі жерінен ығыстырып тастап, заңсыз, негізсіз оған иелік ету немесе билік жүргізу болып табылады.

201-баптың 2-тармағында қылмыстың ауырлататын түрі осы баптың бірінші тармағында көзделген эрекеттерді адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасаған эрекеті үшін жауаптылық белгіленген.

Қызмет бабын пайдаланып жерге заттай қүқықтарды бұзған жағдайда кінэлінің іс-эрекеті 201-баптың 2-тармағымен ғана сараланады және Бұл жерде меншік түріне қарамастан мемлекеттік немесе коммерциялық не өзге де үйымдардың заңмён белгілен-ген лауазым адамдары осы іс-эрекеттің субъектісі болып табылады.

Субъективтік жағынан жерге заттай қүдықтарды бұзу тікелей қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік ниетпен істеледі.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адамдар, ал осы баптың 2-тармағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін арнаулы субъект- қызмет бабын пайдаланған адам.

§6. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар

202-бап. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе Бұлдіру

1. Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе Бұлдіру-

2. Мынадай:

1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалган;

2) абайсызда денсаулыңқа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соққан;

3) жәбірленушінің өзінің қызметтік немесе қогамдық борышын орындауына байланы-сты не оның жақын туыстарына қатысты нақ сондай уәждермен жасалган;

4) әлеуметтік, үлттық, нәсілдік немесе діни араздық уәжі бойынша жасалған;

5) ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) абайсызда адам өліміне;

2) аса ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер -

Бөтеннің мүлкін айтарлықтай зиян келтіру арқылы қасақана жою немесе Бұлдіру ғана қылмыстық іс-эрекет деп танылады. Айтарлықтай зиян деп айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін зиян мөлшерін айтамыз (ҚК-тің 3-бабының 2-тармақшасы).

Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың затына кез келген мүлік: қозғалатын не-месе қозғалмайтын, оның ішінде азаматтық айналымнан алынған мүліктер де жата-ды. Қылмыстық кодекстің 294, 350, 384-баптарында көрсетілген заттарды жою неме-се Бұлдіру жеке қылмыстық құқық бүзушылық құрамы болып табылатындықтан онда көрсетілген заттар осы қылмыстық қүқық бұзушылық қүрамына жатпайды.

Көрсетілген баптағы қылмыстық қүқық бүзушылық объективтік жағынан бөтеннің мүлкін жою немесе Бұлдіру әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Бөтеннің мүлкін жою деп оны мақсатты пайдалануға мүлдем жарамсыз етіп тастауды, нәтижесінде ол түкке жарамсыз болып өзінің шаруашылық-экономикалық қүндылығын толық жоюын айтамыз.

Бөтеннің мүлкін Бұлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету, соның нэтижесінде мүлік өзінің мақсатты пайдаланылуының бір бөлегін жоғалтады, сөйтіп ол өз қалпына кел-тірілмесе немесе толық жөнделмесе пайдалануға жарамсыз болады.

Бұл қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған, есі дүрыс азамат танылады, ал ауырла-татын мэн-жайлар негізінде мүлікті қасақана жойғаны немесе Бұлдіргені (202-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстық қүқық бүзушылық үшін жауаптылыққа 14 жасқа толған адам тартылады.

Субъективтік жағынан қьшмыстық қүқық бұзушылық кінэлінің йасақаналық ныса-ны арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қасақаналық тікелей немесе жанама да болуы мүмкін.

Кінэлі адам бөтеннің мүлкін құқыққа қайшы қасақана жою немесе Бұлдіру арқылы өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның меншік иесіне едэуір мүліктік зиян келтіруі мүмкін екенін алдын ала біледі жэне осы зардаптардың болуын тілейді неме-се осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық құқық бүзушылықтың ниет жэне мақсаттың істі саралауы үшін, яғни осы қылмыс құрамын өзіне ұқсас немесе жақын, қоғамға қауіпті іс-эрекеттерден жіктеу үшін маңызы зор. Мысалы бұзақылық ниетпен бетеннің мүлкін қасақана жою немесе Бұлдіру эрекеті осы көрсетілген баппен емес, қылмыстық құқық бүзушылықтың кодекстің 293-бабымен сараланады. Кінэлінің ұрланған мүлікті қылмыстық құқық бұзушылықтың ізін жасыру мақсатымен жоюы Қылмыстық кодекстің 188-бабымен қамтылатындықтан, осы баппен қосымша саралануға жатпайды.

Өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті эдістермен; абайсызда денсаулық-қа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге экеп соққан; жэбірленушінің өзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзінің жақын туыс-тары жөнінде нақ сондай себептермен жасаса; элеуметтік, үлтгық, нэсілдік немесе діни араздықты себептер бойынша немесе ірі залал келтіре отырып жасалса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (202-баптың 2-тармағы).

Абайсызда адам өліміне, немесе аса ірі залал келтіруге экеп соққан осы іс-эрекеттер бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе Бұлдірудің аса ауырлататын түріне жатады (202-баптың 3-тармағы).

204-бап. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе Бұлдіру