Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Қоршаган ортаға ірі залал келтірген не келтіру ңатерін туғызган, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумагында жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаган ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соңқан іс-әрекеттер -

Қылмыстың объектісі — экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жэне биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау аясындағы қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты - химиялық, радиоактивті, биологиялық заттар.

Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс ықтимал. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пай­далану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге экеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтіру қаупін төндіру арқылы сипат-талады.

Химиялық заттарға — өте жоғары уландыратын, зэрлі, тері-нерв жүйелеріне қатты эсер ететін, тұншықтыратын, тітіркендіретін жэне адам жүйесін зақымдандыратын нэрселер жатады.

Радиоактивті материалдарға - құрамында ядролық қосындылар бар заттар жатады. Мысалы, уран, плутоний т.б.

Биологиялық заттарға - адамдар, жануарлар мен өсімдіктер арасында жаппай ауру тарататын эр түрлі бактериялар, вирустар, жәндіктер т.б. жатады.

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу тэртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актілермен реттеледі. Яғни Қылмыстық кодекстің 325-бабында көрсетілген норма бланкеттік болып табылады.

Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу әрекеттері адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға айтарлықтай задал келтіру немесе кел-тіру қаупін төндіруі қажет.

Төнген қауіпке коршаған ортаның сапасының, табиғат объектілерінің жағдайларының улануға, ластануға байланысты тым нашарлап кетуі; экологиялық зиянданудан жануарлардың жаппай өлім-жітімге ұшырауына әкеліп соғуы: адамның денсаулыгына немесе корінаған ортаға нақты елеулі зиян келтіру мүмкіндігі төнуі жатады. Зиян келтіру қаупінің болғанын немесе болмағанын тергеу, сот органдары істің нақты жағдайларына байланысты анықтайды.

Қылмыстық кұқық бұзушылық құрамы материалдық. Ол диспозицияда тізбектелген іс-эрекеттердің бірін істеген жэне зардап орын алған уақыттан бастап аяқталған деп та-былады.

Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді. Ықтимал экологиялық қауіпті заттармен жұмыс істеу тэртібін бұзудың қоғамға қауіптілігін сезеді жэне соны істеуді тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жэне биологиялық заттарды ендіру мен пайдалану ережесін сақтауға міндетті 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 325-бабының 2-тармағында қоршаған қоршаған ортаға ірі залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дэл сол іс-эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Бұл қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық жауаптылық заңда көрсетілген зардаптардың біреуінің болса да орын алған уақытынан немесе ондай зардап болмаса да, бірақ іс-әрекет төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалса аяқталған деп таныла-ды.

Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы: тұрғындарды төтенше оқиғалардан қорғау жөніндегі жэне басқа заңдарға сэйкес Республиканың кей-бір аумақтары, объектілері шаруашылық немесе басқа қызметтерді дұрыс жүргізбеу эрекеттерімен қоршаған ортаға, тұрғындардың өміріне, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне тұрақты теріс эсер ететін елеулі жағдайларға байланысты қала, аудан, жеке объект төтенше экологиялық жағдай аумағы деп жариялануы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 325-бабының 3-тармағында: осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне экеп не адамдардың жаппай сыркаттануына экеп соқкан эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Жаппай сырқаттануда көп адамдар уақытша еңбек қабілетінен айырылып, катардан шығып қалады. Сырқаттың тікелей себебі - экологиялық қауіпті заттарды өндіру, пайда­лану ережелерінің бұзылуынан болып табылады.

326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

1.Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді немесе уытты заттар­ды жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бузу не оларды қайта өңдеу, саңтау немесе кему үшін Қазақстан Республикасына заңсыз әкелу, егер бул іс-әрекет қоршаган ортага айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе -