Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§4. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

184-бап. Диверсия

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорганыс қабілетіне нуқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюга, олардың денсаулыгына зиян келтіру-ге, кәсіпорындарды, ңұрылыстарды, қатынас жолдары мен қуралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қиратуга немесе Бұлдіруге багытталган жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату-

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184-бабына сэйкес Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығыназиян келтіруге, кэсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тір-шілігін қамтамасыз ету объектілерін каратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.

Диверсияның тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті жэне экономикалық күш қуаты болып табылады, өйткені диверсиялық актілер мемлекеттің өзін элсіретуге, Бұлдіруге бағытталған.

Объективтік жағынан диверсия бірнеше балама эрекеттердін жиынтығы бойын-ша көрініс табады. Қылмыстық кодекстің 184-бабының диспозициясында олар заң қорғайтын объектілерді қирату немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-эрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатпен жаппай улау немесе эпидемия-лар мен эпизоотиялар тарату деп көрсетілген.

Осыған орай қирату дегеніміз Қылмыстық кодекстің 184-бабында көрсетілген объ-ектілерді эр түрлі тэсілдермен (жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-эрекеттер арқылы) түкке жарамсыз етіп тастау;

- зақымдау деп көрсетілген объектілердің қалпына келтірілу мүмкіндіктері сақтала отырып, олардың уақытша немесе ішінара істен шығып қалуы болып табылады.

Кәсіпорындарға - заводтар, фабрикалар, басқа да өнеркэсіп объектілері жатады.

Құрылыстарға - электростанциялар, су соратын қондырғылар, қойма, ғимараттар жа-тады.

Қатынас жолдары мен құралдарына - көлік құралдарының барлық түрлері (теміржол, су, автокөліктері жэне көліктің басқа түрлері, көпірлер, тас жолдар жэне т.б.).

Байланыс құралдарына - телефон, телеграф байланысы, радиобайланысы, теледидар жэне т.б.

Халықтьщ тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне — халықты нанмен, жылумен, дэрі-дэрмекпен қамтамасыз ететін объектілер, медициналық қызмет көрсететін объек-тілер жэне тағы басқалар, мысалы нан заводтары, жылу станциялары, су қоймалары, дэріханалар, жедел жэрдем көмегі жэне т.б.

Субъективтік жағынан диверсия тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам заңда көрсетілген объектілерге қол сұғу арқылы өз әрекетінің мэнін сезеді жэне заңда көрсе-тілген зардаптардың тікелей орын алуын тілейді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып жасы 14-ға толған кез келген азамат танылады.

182-бап. Экстремистік топ қуру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу