Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Жалган төлем карточкаларын, сондай-ақ багалы қагаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу қужаттарын өткізу мақсатында жасау немесе өткізу-

2. Бірнеше рет жасалган немесе қылмыстық топ жасаган дәл сол іс-әрекеттер-

Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем жэне есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 232-бабында белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі — төлем карточкалары мен өзге төлем жэне есеп құжаттарын дайындауды, айналымға шығаруды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - төлем жэне есеп карточкалары, бағалы қағаз болып табылмайтын өзге есеп айырысу құжаттары.

Төлем жэне есеп карточкалары банктегі ағымдағы есеп, банк ашқан банк клиенттері-не берілген төлем құжаттары болып табылады. Өзге есеп құжаттарына (бағалы қағаз бо-лып табылмайтын) - түрлі аккредитивтер, авизо, төлем тапсырмалары және осыларға теңестірілген заңмен белгіленген құжаттар жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мына нысандардағы іс-әрекеттерді жасау арқылы сипатталады: 1) жалған төлем жэне есеп карточкаларын дайындау; 2) осы заттарды өткізу. Қылмыстық қүкьтқ бұзушылықтың объективтік жағының бұл белгілерін Қьшмыстық кодекстің 231-бабына талдау жасағанда толық ашып кеттік. Қылмыстық құқық бұзушылық осы эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Өйткені бұл і^ылмыстық кұқық бұзушылық формальдық құрамға жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы мақсат - жалған төлем карточкаларын, өзге есеп құжаттарын дайындау немесе өткізуді басшылыққа ала отырылып істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъек-тісі 16-ға толған, кез келген адам.

Осы баптың 2-тармағында қылмыстың ауырлататын белгісі: бірнеше рет немесе қылмыстық топ жасаған эрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Олардың түсінігі ҚК-тің 12, 31-баптарында көрсетілген.

233-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану

1. Айтарлықтай залал келтіруге әкеп соққан, акцизделетін тауарларды акциздік мар-калармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қагидаларын бузу -

2. Көрінеу жалган акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу -

Айтарлықтай залал келтіруге экеп соққан акцизделетін тауарларды акциздік марка-лармен жэне (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тэртібі мен ере-желерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау немесе алу, сол сияқты оларды пай-далану немесе өткізу эрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің 233-бабында жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі акцизделетін тауарларды акциздік мар-калармен немесе есепке алу-бакылау маркаларымен таңбалаудың тәртібімен ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - акциздік алым және есепке алу-бақылау маркалары. Акциз жанама салықтың бір түрі. Көбінесе көпшілік қолданыстағы тұтыну тауарларын, сонымен бірге коммуналдық, көліктік басқа да кең тараған қызметтерге са-лынатын салықтың бір түрі. Ол тауар бағасының немесе көрсетілген қызметтер үшін бел-гіленген тарифке кіреді, сөйтіп ол табыс көзіне айналады. Осыған байланысты салықтың осы түрін төлегендерге акциздік алым маркалары беріледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы бірнеше эрекеттерді істеумен сипатталады. 1) Айтарлықтай залал келтіруге экеп соққан акцизделетін тауарлардың акциздік алым жэне есепке алу-бақылау маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу. Айтарлықтай залал деп айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе алатын соманы ай-тамыз; 2) акциздік алым жэне есепке алу-бақылау маркаларын қолдан дайындау; 3) осын-дай акциздік маркаларды алу; 4) сол сияқты қолдан жасалған акциздік жэне есепке алу-бақылау маркаларды пайдалану; 5) қолдан жасалған акциздік жэне есепке алу-бақылау маркаларды өткізу. Осында көрсетілген дайындау, алу, пайдалану, өткізу әрекеттерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 231, 232-баптарына талдау жасалғанда айтылды. Айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын сомада келтірілген залал едэуір залал деп таныла-ды. Құрылысы жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық материалдық құрамға жатады.

Көрінеу жалған акциздік марканы жэне (немесе) есепке алу бақылау маркасын өткізу мақсатында эзірлеу немесе алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (233-баптың 2-тармағы).

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне мақсатпен жасалады. Кінэлі адам акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасы-мен таңбалаудың тэртібі мен ережесін бұзады, акциздік алым маркаларын қолдан дайын-дайды немесе көрінеу қолдан жасалған акциздік марканы алады, пайдаланады немесе өткізеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген адам.

234-бап. Экономикалық контрабанда

1. Кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не қужаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалану арқылы жасалган не декларациялаусыз немесе анық емес декларациялаумен уштасқан, ірі мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттар- ды, оның ішінде осы Кодекстің 286-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, кедендік шека-ра арқылы өткізуге тыйым салынган немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы қағидалары белгіленген тауарларды, заттар мен қундылықтарды Кеден одагының кедендік шекарасы арқылы өткізу -

2. Мынадай:

1) бірнеше рет;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын адамга күш қолданып;

4) аса ірі мөлшерде;

5) адамдар тобының алдын ала сәз байласуымен жасалган дәл сол іс-арекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктврінде кәзделген:

1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оган теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган іс-эрекеттер, егер олар өзінің ңызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

2) қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің 286-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмэнді декларациялаумен ұштасқан ке-дендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу — Қылмыстық кодекстің 234-бабында көрсетілген экономикалық контрабандының түсінігін береді.

Экономикалық контрабандының тікелей объектісі - кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен өзге заттарды (Кодекстің 286-бабында көрсетілгендерді қоспағанда) рет-тейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - Қылмыстық кодекстің 286-бабында көрсетілгендерден басқа тауарлар мен өзге заттар болып табылады.

Осы тауарлар мен өзге заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде кедендік шека-радан өткізген эрекеттер осы қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын құрайды. Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармағында, егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса ірі мөлшерде жасалған эрекеттер деп танылады деп түсіндірілген.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мына іс-эрекеттерді істеумен си-патталады: экономикалык контрабанда заттарын кеден шекарасынан өткізу, қылмыстық құқық бүзушылық жасау орны - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы; қылмыс істеу тэсілдері - контрабанда заттарын кеден бақылауынан жасырын, не қркаттарды не-месе кедендік теңцестіру құралдарын алдап пайдалану, не декларацияланбаған немесе күмэнді декларация алумен ұштасқан, кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған не-месе өткізуі шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнаулы ережелері белгілен-ген тауарлар мен кундылықтарды ірі мөлшерде өткізу.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулы-сында «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықты заңдарын қолдану жөніндегі тэжірибелер туралы» Қаулысында осы мэселеге терең талдау берілген.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын түрде өтуге (эр түрлі тэсілдерді қолданып заттарды жасырын өткізу, кеден шекарасын сырт айналып кету, бір затқа екінші бір затты қосып ізін жасыру т.б.) жатады.

Қркаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалануға кеден орган-дарына эр түрлі жалған құжаттар немесе тендестіру құралдарын көрсету, көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау арқылы кеден шекарасынан етуге тырысу немесе заңсыз жол-мен алынған құжаттар мен тендестіру құралдарын алдап пайдалануға тырысулар жата-ды.

Декларацияланбаған немесе күмэнді декларацияланумен ұштасқан эрекеттерге - декларациялануға міндетті тауарлар мен құндылықтарды кеден декларациясына ен-гізбеу; кеден декларациясына жалған мэлімет енгізулер жатады.

Кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуге шектелген тауарлардың тізімі арнаулы нормативтік актілермен реттеледі.

Кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері де сондай тәртіппен реттеледі. Қылмыстық кодекстің 234-бабының диспозициясы бланкеттік. Мұндағы кедендік ше-кара, кедендік декларация т.б. ұғымдардың түсінігі Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде берілген, ал қандай тауарлар мен заттардың, құндылықтардың кедендік ше-карадан өткізілу немесе өткізілмеуі немесе оларға шек қойылуы арнаулы нормативтік актілерде белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрылысы жағынан формальдық құрамға жата-ды. Жоғарыда көрсетілген заңсыз эрекеттер тауарларды, заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде контрабандалық жолмен өткізумен ұштасса, қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе-леді. Қылмыстық қрсық бұзушылықтың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын (бірне-ше рет; адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып, аса ірі мөлшерде, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен жасалса), ал 3-тармағында аса ауырлататын (мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; қылмыстык топ жасағаны эрекеттер) белгілері көрсетілген.

Бірнеше мэрте жасалған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 2-бабында берілген.

Адамның өзінің қызмет бабын пайдалануы. Мұнда кеден қызметі органдарының, сондай-ақ заңмен белгіленген мемлекеттік органдардың, басқа да лауазым адамдарының кеден шекарасынан өту барысында қызметін пайдаланып қиянат жасауы, кеден бақылауын жүзеге асырушыға күш көрсету эрекеттері туралы сөз болып отыр. Мемле-кеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адамның түсінігі ҚК-тің 3-бабының 27, 28-тармақтарында берілген.

Қылмыстық кодекстің 3-бабының 3 жэне 38-тармақтарына сэйкес осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың щны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жэне егер өткізілген тауарлардың ьсұны он мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған эрекеттер деп танылады.

235-бап. Үлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау

¥йым басшысының немесе дара иәсіпкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазаңстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуга жататын ірі мөлшердегі үлттық және шетел валютасындагы ңаражатты шетелден қайтармауы -

Қылмыстық кодекстің 235-бабы бойынша: ұйым басшысының немесе жеке кэсіпкердің Қазақстан Республикасының зандарына сэйкес Қазақстан Республикасының уэкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын ұлттық жэне шетел валютасындағы қаражатты шетелден ірі мөлшерде қайтармауы - қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі — мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттейтін коғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - ұлттық жэне шетел валютасы.

Шетел валютасы дегеніміз мемлекеттердің ақша жүйесінде айналымға шығарылған банкноттары болып табылады. Олар мысалы АҚШ-та - доллар, Англияда - фунт стер-линг, ГФР-де неміс маркасы т.б. Бұл қаражаттар Қазақстан Республикасының уэкілетті банкіндегі шоттарға аударылуға жататын болса, бірақ солай етілмей шетелде қалып қойса, онда ол осы қылмыстық құкық бұзушылық құрамының заты болып қарастырылады. Бұл ретте қылмыстық құқык бұзушылықтың жауаптылықтың негізгі шарты — қайтарылмаған ұлттық жэне шетел валютасы ірі мөлшерде болуы қажет. Қылмыстық кодекстің 3- бабының 38-тармағына сэйкес егер қайтарылмаған ұлттық жэне шетел валютасындағы қаражат сомасы он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса ірі мөлшерде жасалған деп танылады деп түсінік берілген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы шетелден аударылуға жататын ұлттық жэне шетел валютасын қайтармау, яғни әрекетсіздік арқылы сипатгалады. Мұндай ріттық жэне шетелдік валюта Қазақстан Республикасынан сыртқары жерлерге сатыла-тын тауарлар үшін немесе атқарылған жұмыс, қызмет көрсетулер үшін Республиканың уэкілетті банкіндегі шоттарға белгіленген уақытта міндетті түрде аударылуға тиіс. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық нақты адамның осы ұлттық жэне ше-телдік валютаны Қазақстан банкіне аударуға нақты мүмкіндігі болған ретте жэне соған міндетті болса, бірақ соған қарамастан бұл эрекетті жүзеге асырмаған жағдайда орын ала-ды. Яғни ұлттық жэне шетелдік валюта шетелдік банктің шотында немесе басқа жерде болуы, оны Қазақстан Республикасының уэкілетті банкіне аударуға белгілі бір адамның міндетті бола отырып, соны жүзеге асыруға, нақты мүмкіндігі бола отырып, соны істеме-уін кінэлі адамның әрекетсіздігі деп білеміз. Егер ұлттық жэне шетелдік ұйымның теріс әрекеттерінен (мысалы коммерциялық алаяқтықтан) басқа көрсетілген валюталар басқа мақсаттарға жұмсалса немесе ондай қаражаттарды табу мүмкіндігі болмаса, онда адам-ды осы қаражатты шетелден қайтармады деп жазықсыз жазғыруға негіз жоқ.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының тағы бір белгісі шетел-ден қайтарылмаған валютаның мөлшері болып табылады. Заңда ол ірі мөлшер деп көрсетілген.

Қылмыстық құқық бұзушылық ұлттық жэне шетел валютасындағы қаражатты қайтармаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осыған орай арнаулы норма- тивтік актілер мен басқадай ресми кркаттар негізінде валюталық қаражатты шетелден қайтарудың мерзімін дәлме-дәл анықтау қажет.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі адам ірі мөлшердегі үлттык жэне шетел валютасындағы қаражатты ше-телден қайтармағанын жэне қолданылып жүрген заңдарға сэйкес оның Қазақстан Республикасының уэкілетті банкісіндегі шотына міндетті түрде аударылуға жататынын сезеді жэне оны Қазақстан Республикасына қайтармауды тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы ұйым басшысы немесе жеке кэсіпкер.

236-бап. Кедендік телемдер мен алымдарды төлеуден жалтару