Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Баланы қасақана ауыстыру -

2.Пайдакүнемдік немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалган дәл сол іс-әрекет–

Заң (ҚК-тің 136-бабы) баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық жауаптылык белгілеген. Бұл қылмыстық құқық бүзушылықтың қоғамға қауіптілігі сол, баланы ауыс-тыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын эрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объек-тісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу жэне қалыптасу жағдайлары, олардың жэне отбасының мүдделері.

Қылмыстық құқық бү-зушылық объективтік жағынан баланы ауыстыру эрекеті арқылы жүзеге асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы басқа бір баламен ауыс-тыруды айтамыз. Мысалы қыз баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға, іштен мүгедек болып туған баланы дені сау балаға ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру жаңа туған балалар жөнінде - босану үйлерінде немесе балалар үйлерінде, немесе уақытша бақылаусыз далада қалған баланы ауыстырып алу арқылы жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз оның баласымен ауыстыруда осы қылмыстың құрамын қүрайды. Жаңа туған нэрестелерді екі жақтың да ата-аналарының өзара келісімі бойынша ауыстыру - қылмыстық кұқык бұзушылық қүрамын түзбейді.

Қылмыстық құқық бұзушылық формальдық қүрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сэттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтшде кінэлі адамның қылмысы эшкереленіп қалып, ол қылмысты ниетін ақырына дейін жеткізе алмаса, онда кінэлінің әрекеті осы қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталғандық болып табылады. Қылмыстық қүдық бұзушылық субъектив-тік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде тура көрсетілген. Кінэлі адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімінсіз ауыстыратынын сезеді жэне осы эрекетгерді істеуді тілейді. Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адамның эрекеті қылмыстық құқық бүзушылық болып табылмайды.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дү_рыс баланы нақты ауыстырған адам (бо-сану немесе балалар үйінің медицина қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.

Қылмыстық кодекстің 136-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - пайдакүнемдік немесе өзге де ү_ждансыз пиғылмен жасалған бала ауыстыру эрекеттері үшін жауаптылық көзделген. Пайдакүнемдік ниетке — баланы ауыстырып материалдық олжа, пайда табу эрекеттері, ал үждансыз ниетке - кек алу, қызғаныш, үлттық, нэсілдік пиғылда жасалған әрекеттер жатады.

137-бап. Бала асырап алу жөніндегі заңсыз әрекет

1. Бала асырап any, оны қорганшылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөніндегі заңсыз әрекеттер -

2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалган немесе лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайда-лана отырып жасаган дәл сол іс-әрекеттер -

Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тэрбиешіге беру жөніндегі заңсыз эрекеттер (137-бап).

Қылмыстың объектісі - асырап алынған баланың құқықтары мен заңды мүдделері. Объективтік жағынан бала асырап алу, оны қамқоршылыққа, қорғаншылыққа патронат-тық тэрбиешіге беру белсенді түрде заңсыз іс-эрекеттерді жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады. Неке жэне отбасы туралы кодексінде бала асырап алудың заңдылық тэртібі белгіленген. Осы заңды тэртіптің талабын бүза отырып бала асырап алу, қорғаншылық, патронаттық тэрбиеге беру қылмысты іс-эрекет болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен істелді.

Қылмыстың субъектісі - осы іс-эрекетті жасаған 16-ға толған, кез келген есі дүрыс адам.

Пайдакүнемдік ниетпен жасалған немесе лауазымды адам өзінің қызмет бабын пай-далана отырып жасаған дэл сол іс-эрекеттер (137-бап, 2-бөлігі) осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады. Заңсыз эрекеттер арқылы бала асырап алудан материалдық олжа табатындар пайдакүнемдік мақсатпен қылмысты іске барады. Қызмет бабын пайдаланатын адамдар тізбегіне ҚК-тің 3-бабының 26, 27, 28-тармақтарында түсінік берілген.

138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

Бала асырап алу фактісін қызметтік немесе кәсіптік ңұпия ретінде сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге де ұждансыз пигылмен жасаган, бала асырап алу қупиясын бала асырап алушының еркіне қайшы жария етуі -

Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кэсіптік қүпия ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу қүлиясын жария еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 138-бабында көзделген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол кінэлі адам асырап алған балаға немесе үшінші жаққа бала асырап алу қүпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған ата-ана-ларына орны толмас моральдық зиян келтіреді.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі - бала асырап алу туралы заңда белгіленген қогамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асырап алынғандар-дың мүдделері.

Қылмыстық қү-қық бүзушылык объективтік жағынан бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асырап алынғандар-дың мүдделері.

Қылмыстық құқық бүзушылык объективтік жағынан бала асырап алу қүпиясын жа-рия ету арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының неке жэне отбасы ту-ралы Заңына сэйкес бала асырап алуды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жэне бала асырап алу жөніндегі фактіні білетін өзге де адамдар бала асырап алу қүлиясын сақтауға міндетті. Аталған адамдар бала асырап алушының немесе асырап алынған баланың ер-кіне қайшы қызметтік немесе кэсіптік қүлияны не пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуі қылмыс болып табылады. Бала асырап алу қүлиясын жария ету деп ол туралы кез келген адамға, оның ішінде туыстары-на, таныстарына, асырап алынған адамның өзіне ауызша, жазбаша, басқадай байланыс немесе ақпарат қүралдарын пайдаланып отырып жасаған эрекеттерін айтамыз.

Қылмыстық құқық бүзушылық үшін жауаптылық бала асырап алу қүпиясын жария ету, оны асырап алушының еркіне қайшы түрде жүзеге асырыл-ғанда ғана пайда болады. Бала асырап алушының еркі деген ұғымға - оны асырап алған жүбайлардың екеуінің де еркі жатады. Осыған орай ерлі-зайыпты жү_байдың біреуінің екіншісінің еркінен тысқары жағдайда бала асырап алу қүлиясын жария етуде қылмыс қатарына жатады.

Қылмыстық құқық бүзушылық бала асырап алу қүпиясын жария еткен уақыттан бас-тап, қандайда бір зардаптың орын алған немесе алмағанына қарамастан аяқталған деп та-нылады. Қылмыстық қүқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам бала асырап алу қүлиясын жария етудің қоғамға қауіптілігін се-зеді жэне де осы құлияны жариялауды тілейді. Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кэсіптік қүпияны бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның жария етуі кез келген ниетті басшылыққа ала отырылып жүзеге асырылады. Ал бала асырап алу қүлиясын өзге адамдардың жария етуі пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен ғана жүзеге асырылады. Бұл түрғыдағы субъектілердің осындай ниеттермен істеген эрекеттері қылмыс құрамын қүрайды. Пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық (зұлымдық) ниеттердің түсінігі Қылмыстык кодекстің 136-бабында зерделенген.

Қылмыстық құкьщ бүзушылықгың субъектісі екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа: бала асырап алу қүлиясы қызметтік немесе кэсібіне байланыс-ты белгілі болған адамдар. Оларға - жергілікті өкімет органдары қызметкерлері, бала асырап алуға кеңес берген адвокаттар, АХАТ қызметкерлері жатады. Екінші топқа бала асырап алу фактісінен ха-бардар болған өзге де адамдар. Олар: жұбайлардың біреуі, жақын туыстары, таныстары. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің жас мөлшері 16-ға толған адам. Лауазым-ды адамдардың бала асырап алу қүлиясын жария етуі ауыр зардаптарға экеліп соқса (жэбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, психикалық науқасқа үліырауы т.с.с.) олардың эрекеті Қылмыстық кодекстің 361-бабымен саралануға жатады.

139-бап. Балаларын күтіп-бағауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жүбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару

Ата-ананың кәмелетке толмаган балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толган еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-багуға com шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндет-терін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-багуга com шешімі бойынша қаражат төлеуден үш ай-дан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мүқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-багуга com шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы -

Ата-ананың кэмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндет-терін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат телеуден үш ай-дан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз жэне материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы үшін жеке дара жауаптылық көзделген.

Қылмыстың тікелей объектісі кэмелетке толмаған, сондай-ақ кэмелетке жасы толған еңбекке жарамсыз балалардың, еңбекке қабілетсіз ата-ананың еңбекке қабілетсіз жұбайын лайыкты өмір сүруін камтамасыз ететін материалдық мүдделері. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жэбірленушілері - 18-ге толмаған балалар, 18-ге толған еңбекке жарамсыз балалар; еңбекке қабілетсіз ж^байлар, ата-аналар (соның ішінде бала асырап алғандар да).

Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 139-бабында көрсетілген қылмыс ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған, сондай-ақ 18-ге толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты эдейі төлеуден жалтаруы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының неке жэне отбасы туралы Заңына сэйкес алимент: 1) ата-аналардың, жұбайларының ерікті келісімі болған жэне ол нотариус арқылы куэландырылған жағдайда; 2) соттың шешімі бойынша өндіріледі. Бірақ Қылмыстық кодекстің 139-бабының талабына сэйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық соттың шешімі бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін ғана туындайды.

Балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден эдейі жалтаруға соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны орындаудан үнемі, үзақ уақытқа жалтарулар жатады. Заңда оның мерзімі үш айдан астам уақыт деп белгіленген. Еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз жэне материалдык көмекке мұқтаж жұбайы (зайыбы) күтіп бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы. Жалтарудың тэсілі эр түрлі: жұмыс орнын себепсіз жиі өзгерту, тңэғылықты жерін жасыру, қосымша жұмыс орнын немесе табыс көздерін жасыру т.с.с. болуы мүмкін. Әдейі жалтару деп тануға сот органының белгіленген қаражатты төлеу туралы ресми ескертуінің орындалмауы негіз болады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. К^ілмыстық құқық бұзушылық ниет эр түрлі болуы мүмкін: пайдакүнемдік, баланың анасына деген өшпенділік, кінәлінің баламен туыстығына күмэн келтіру т.с.с. көрсетілген қылмыстык ниеттердің қылмысты саралауға эсері болмайды.

Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық субъектісі бола сот шешімі бойынша қаражат төлеуге міндетті ата-аналар немесе соларға теңестірілген адамдар ата-анасын асырауға арнайы қаражатты сот шешімі бойынша төлеуден жалтарған кәмелетке толған олардан туған немесе өгей балалары, асырап алынған ұлдары, қыздары, көмекке мүқтаж жұбайын сот шешімі бойынша қаражат төлейтін адамдар танылады.

140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау

1. Кәмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаган адамды қадагалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жүмыскерінің кәмелетке толмаган адамның ал-когольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді түтынуына не қаңгыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар Іс-әрекеттер жасауына акеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиісінше орындамауы -

2. Кәмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген взге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаган адамды ңадағалауды жүзеге асыруга міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кәмелетке толмаган адамга қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы -

Кэмелетке толмаған адамды тэрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тэрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кэмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кэмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді түтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана экімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-эрекеттер жасауына экеп соққан, дэлелсіз себептермен орындамауы немесе тиісінше орындамауымен балаға қатал қараумен ұлітасса — жауаптылық Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша белгіленеді. Қылмыстық құқык бүзушылықтың объектісі - кэмелетке толмағандардың дене жэне психикалық жағынан дұрыс дамып, қалыптасуы.

Объективтік жағынан қылмыстық қүқық бүзушылық бірнеше балама эрекеттерді: а) кэмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау; б) осындай міндеттерді тиісті дэрежеде орындамау арқылы сипатталады. Өзіне жүктелген міндет-терді толық орындауға мүмкіндігі бола тү_ра оны орындамау немесе эрекетсіздік жасау міндеттемені орындамау, ал өзіне жүктелген міндеттерге салдыр-салақ, үстірт қарау мін-деттемелерді тиісті дэрежеде орындамау деп танылады.

Қылмыстық құқык бұзушылық үшін жауаптылыққа тартудың негізгі шарты - кэмелетке жасы толмаған балаға тэрбиелік қадағалаудың жоқтығынан алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық затгарды тұтынады, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен айналы-сады, немесе қылмыс, эртүрлі теріс қылықтар, қасақана экімшілік қүдық бұзушьшық іс-эрекеттерді бұзады.

Субъективтік жағынан қьшмыстык кұқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен жаса-лады. Кінэлі адам кэмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жөніндегі өзінің қрсықтық мін-деггерін орындамағанын, оларға жауапсыз қарағанын сезеді жэне сол эрекетгерді істеуді тілейді.

Кэмелетке толмаған адамды тэрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының не-месе өзіне осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кэмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кэмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен үласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы (ҚК-тің 140-бабы 2-бөлігі).

Баптың осы ауырлататын бөлігін қолданудың негіз шарты кэмелетке толмаған балаға қатыгездікпен қарау болып табылады. Қатыгездікке кэмелетке толмаған баланы үнемі сабау, ұрып-соғу, қорқыту, аштықта, ыстықта үстау, үрейін алу, жүйкесін бұзу т.с.с. жа-тады.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы: 1) кэмелетке толмаған баланың ата-анасы; 2) кәмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жолындағы міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдар, атап айтқавда - бала асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар; 3) кэмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тэрбие, емдеу немесе өзге де мекеменің қызметкерлері (мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметкерлері, орта мектептердің, кәсіптік-техникалық оқу орындарының, мектеп-интернаттардың жэне қиын балаларды тәрбиелейтін тэрбие мекемелерінің педа-гогтары, аурухана қызметкерлері жэне т.б.).

141-бап. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау

1. Жас баланың өмірі мен денсаулыгының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мін-деттерді қызметі бойынша осындай міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындайтын немесе мундай міндеттерді өзіне ерікті түрде алган адамның тиісінше орындамауы, егер бул жас баланың денсаулыгына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -