Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері

Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің 2-бабында қылмыстық құқық қорғау объектілерінің қатарына тұңғыш рет бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі мүддесі қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жеке тарау берілген. Мұндай қылмыстар халықаралық қылмыстарға жатады. Мүддай қылмыстар үшін жауаптылықтың негіз-гі қайнар көзі Халықаралық эскери трибунал Жарғысы (Нюрнберг, 1948) болып табы-лады. Осы Жарғыда бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы кылмыстардың жауаптылығының негіздері жэне олардың түрлері: 1) бейбітшілікке қарсы қылмыстар; 2) соғыс қылмыстары; 3) адамзатқа қарсы қылмыстар нақты көрсетілген. Халықаралық Конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті халықаралық қылмыстар деп жа-риялады. Б¥¥-ның 1991 жылғы 43 сессиясы бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексінің жобасын қарап, оны мемлекеттердің үкіметінің қарауына, пысықтауына жібер-ді. Осы көрсетілген Кодекс жобасына сэйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың 12 құрамы көрсетілген.

Халықаралық нормада осы тұрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты анықтамалар беру мен оларды топқа бөлу элі аяқталған жоқ, мұның өзі мемлекеттердің ұлттық қылмыстық кодексін қабылдауда осы мэселеде белгілі бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақ Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 4-тарауында халықаралық кұқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы түрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.

Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың топтық объек-тісі халықаралық қү-қық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардың кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (Мысалы, ҚК-тің 158-бабындағы — химиялық, биологиялық жэне жаппай қырып-жоятын қарулар) болады.

Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғамға қауіпті іс-эрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар дені формальдық қү-рамға жатады. Тек қана Қылмыстык кодекстің 161-бабындағы қылмыс - экоцид кұрамы үшін қоғамға қауіпті зардап - экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал қайсыбір қу_рамдар белгілі бір мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс, жай адамдар. Кейбір қылмыс құрамының субъектісі - арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын адам (161-баптың 2-тармағы), қызмет бабын пайдаланған адам (174-баптың 2-тармағы). Тіке-лей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.

Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (160-бап); басқыншылық соғысты түл^андыруға насихат жүргізу жэне жария түрде шақыру (161-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру неме-се тарату (162-бап); шетелдік қарулы қақтығысқа қатысу (172-бап). Соғыс қылмыстары: соғыс жүргізудің тыйым салынған кұралдары мен эдістерін қолдану (163-бап); соғыс заңдарымен дэстүрлерін бұзу (164-бап); жалдамалылық (170-бап).

Адамзатқа қарсы қылмыстар: геноцид (168-бап); экоцид (169-бап).

Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен үйымдарға қарсы қылмыс: халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (173-бап); қарулы қақтығыстар уақытында халыкаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бүзушылықтар (165-бап); қарулы қақтығыс уакытында эрекетсіздік не қылмыстың бүйрық беру (166-бап); халықаралык шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайда-лану (167-бап).

Әлеуметтік, нэсілдік үлттық, діни, тектік-топтық жэне рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгітгеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сүғу; әлеуметтік, үлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (174-бап).