Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

§2. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар

160-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу

1. Басқыншылық соғысты жоспарлау немесе дайындау -

2. Басқыншылың соғысты тұтандыру немесе жүргізу -

Қылмыстың тікелей объектісі - халықтар арасындағы бейбітшілік. Мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі жэне достығы.

Объективтік жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, эзірлеу немесе түтандыру арқылы жүзеге асырылады. Біріккен ¥лттар ¥йымының Бас Ассамблеясы өзінің 1974 жылғы 14 желтоқсандағы 3314 (XXIX) қарарында түңғыш рет басқын-шылықтың (агрессияның) айықтамасын берген. Онда Біріккен ¥лттар ¥йымының Жарғысына сай келмейтін тұрғыда бір мемлекеттің езінің қарулы күштерін екін-ші мемлекеттің егемендігіне, аумақтық түгастығына жэне саяси тэуелсіздігіне қарсы қолдану немесе басқадай тэсіддерді пайдалану арқылы оларға ықпал етуі басқыншылық (агрессия) деп танылады деп көрсетілген.

Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі - басқыншылык соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт түрғындарға қарсы соғыс эрекетгерін жүргізудің арнаулы жоспар-ларын жасау, соғыс эрекеттерін жүргізуге бағытталған эр түрлі эдістемелік құралдар жа-сау, соғыстың қүрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін жэне көлемін белгілеу эрекеттері жатады.

Басқыншылық соғысты эзірлеуге жоспарланған ү_рыс эрекеттерін жүзеге асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердің санын күрт көбейту, азық-түлік немесе жағар-жанармай қорларын үлғайту, соғыс жағдайына сай келетін жаттығуларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс ісіне моральдық түрғыдан бейімдеп дайындау т.с.с. эрекеттер жа-тады. Басқыншьшық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген түрғьща бастау жатады. Б¥¥ Бас Ассамблеясының 1974 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сэйкес басқыншылық актісіне: бір мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің аумағына басып кіруі немесе соғыс жолымен басып алуы, аннексия жасауы; басқа мемлекеттің аумағын бомбалау немесе басқа мемлекетке қарсы кез келген қару түрлерін қолдану;

басқа мемлекеттің құрылықтағы, теңіздегі немесе эуедегі күштфіне қарсы шабуыл жасау,1 т.с.с. эрекеттер жатады.

Көрсетілген қылмыс формальдық кұрамға жатады, сондықтан да заңда көрсетілген - басқыншылық соғысты жоспарлау, эзірлеу немесе тұгандыру эрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамдары, оның түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-тармағында берілген. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі — басқыншылық соғысты тұгандыру немесе жүргізгені үшін жауаптылық белгіленген. Басқыншылық соғыста тұтандыру деп соғыс іс-әрекеттерін жүзеге асыруды, соғыс қимылдарын іске қосуды айтамыз. Басқыншылық соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс өртін аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатқа толық жету эрекеттерін жалғастыруды айтамыз.

161-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру