Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-арекет -

Жаңа Қылмыстық кодексте жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазым­ды адамға, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын кауіпсіздік шаралары туралы мэліметтерді, осы мэліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-эрекетіне байланысты белгілі болган адамның жария етуі қылмыс деп танылып, сол үшін жауаптылық көзделген (382-баптың 1-тармагы).

Бұл норма бланкеттік, өйткені көрсетілген қылмыстың объективтік жэне субъективтік белгілері жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші адамдарды мемлекеттік қорғау ту­ралы занда арнайы көрсетілген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың негізгі тікелей объектісі - жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың бірқалыпты, дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі - көрсетілген осы адамдардың немесе олардың туыстарының кауіпсіздігі болып табыла-ды. Осы адамдар қылмыстық кұқық бұзушылықтың жэбірленушілері болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 16-тармағында берілген. Жақын туыстары - ата-аналары, балалары, атасы, эжесі, неме-релері, інілері, қарындастары, жиені, асырап алған балалары, асырап алған ата-аналары, келіні, қү-дасы, жақын досы жэне т.б. жатады.

Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жағынан алғанда жоғарыда аталған жэбірленушілерге тікелей байланысты қауіпсіздік шаралары туралы мэліметтерді кез келген тэсілмен (ауызша, жазбаша, теледидар арқылы) жария ету жолымен эрекет немесе эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Заңда айтылған қауіпсіздік шараларына жауапты лауазымды адамның, оның жақын туыстарының жеке күзеті, тұрғын үй, мүлік, үй-жабдықтарын күзету, өртке қарсы, күзет сигнализациясы, телефон номері, көлік қүралдарының мемлекеттік тіркеу белгілері, қару жарағы, жеке қорғану құралдары, уақытша қауіпсіз жерге орналасуы, кркаттарының де-ректері жэне баска маңызды қызметіне байланысты мэліметтері жатады. Осы қауіпсіздік шаралары туралы мэліметтерді жария ету деп кез келген тэсілмен бөтен адамға осы мэліметтер сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-эрекетіне байланысты бел-гілі болған адамның жария етуі болып табылады. Кейде мүлдай жария ету эрекетсіздік арқылы осындай мэліметтері бар қүжаттарды, бейне жазбаларды жоғалту жолымен де істеледі.

Қылмыстық қүқық бұзушылық кү-рылысы жағынан формальдық және ол заңда көрсетілген іс-эрекеттер қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді бөтен адамга немесе адамдарға жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бү_зушылық субъективтік жағынан қасақана (тікелей немесе жана-ма) түрде істеледі.

Қылмыстық кү-кьіқ бұзушылыктың субъектісі арнаулы, 16-ға толған, осы мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе оның қызметтік іс-эрекеттеріне байланысты белгілі болған адам (жеке күзетшісі, хатшысы, көлік жүргізушісі, дэрігері, үй күтушісі жэне т.б.)-

Қылмыстық кодекстің 382-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - нақ сол эрекет ауыр зардаптарға экеп соққаны үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыс кү-рамы материалдық. Ауыр зардаптарға - жауапты лауазымды адамды не­месе оның жақын туыстарын өлтіруге оқталу, оларға ауыр дене жарақатын келтіру, үй-мүлкін жою т.б. зардаптар жатады. Кінәлінің зардап жөніндегі кінэ нысаны абайсыздық арқылы көрініс табады.