Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Басқыншылық соғысты түтандыруга насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру-

2. Бұқаралың ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялықжелілерді пай-далана отырып жасалган не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам жасаган дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстьщ тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру жэне өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан басқыншылык соғысты тұтандыруға насихат жүргізу жэне жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады.

Басқыншылық соғысты түтандыруға шакырулар ашық немесе көмескі түрде бо-луы мүмкін. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазба-ша, белгі берулер арқылы болуы мүмкін. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғысты түтандыруға қызмет етуі қажет. Мүлдай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылықка - кінэлінің үшінші бір адамның қатысқан (митингілерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын іс-эрекеттерін жүзеге асыруы неме-се байланыс кұралдары, почта арқылы соғысқа шақырулар мэтінін жүртқа жіберу, листов-калар тарату, осындай мағынадағы үндеулерді, плакаттарды, суреттерді көрнекті жерлер-ге іліп қою сияқты эрекеттер жатады. Қылмыс қү_рамы жағынан формальдық ь^үрамға жатады жэне осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-эрекетті — басқыншылық соғысқа жария түрде шақырган сэттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

Бұқаральщ ақпарат ісүралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пай-далана отырып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дэл сол эрекет - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (157-баптың 2-тармағы).

1 Международное право в документах. М., 1982. 673-бет.

Бұқаралық ақпарат құралдарына, ақпараттық-коммуникация желілеріне (эаспасөз құралдары, радио, теледидар т.с.с. жатады. Мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттің міндетін жэне мемлекеттік органдардың өкілеттілігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық жэне өзге де заңдарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленген мемле-кеттік қызметшілердің жоғары, бірінші жэне екінші лауазым санатгарына жататын лауа-зымда істейтін адамдар жатады (ҚК-тің 3-бабының түсіндірмесінің 26-тармағы).

162-бап. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізу

Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынган химиялық, биологиялық, ядролың, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, ием-дену немесе өткізу -

Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі жэне бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады.

Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға — ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға — уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай эсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа - эр түрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жа-тады.

Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады. Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау эрекеттері жатады. Алуға -көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тэсілмен — сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге - көрсетілген заттарды тегін немесе ақы алып тарату эрекеттері жатады.

Қылмыс құрамы формальдық жэне ол заңда көрсетілген осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.

172-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу

Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумагындағы қарулы қақтыгысқа немесе согыс ңимылдарына жалдамалылық белгілері болмаган кезде қасақана құңыққа сыйымсыз қатысуы -

Қылмыстың объектісі халыкаралық құқық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің, қарулы қақтығыстарға қатысу тәртібін қолдайтын қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан — белсенді эрекет күйінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана қүдыққа сыйымсыз қатысуы — қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша са-раланады. Қазақстан Республикасының азаматы шет мемлекет аумағындағы қарулы қақтығысқа не соғыс қимылдарына өз еркімен қатысса, оның іс-эрекеті осы бап бойын-ша сараланады. Егер мүлдай іс-эрекет жалдамалылық белгісі бойынша жүзеге асса, онда кінэлінің эрекеті ҚК-тің 170-бабында көрсетілген жалдамалылық бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, Қазақстан Республикасының азаматы.