Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Қоршаган ортаға аса ірі запал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет —

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі жер қойнауын қорғау жэне тиімді пай­далану аясындағы қоғамдык қатынастар. Мұндай қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңы арқылы реттеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заңның диспозициясына сәйкес осы қылмыстың затына пайдалы қазбалар жатады.

Жер қойнауын қорғау жэне пайдалану ережелерін бұзу қылмысы объективтік жағынан: Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жобалау жэне жүргізу кезінде жер қойнауын қорғау жэне пайдалану қағидаларын, сол сияқты жер койнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-эрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге экеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығыназиян келтіруге экеліп соғуы арқылы сипатталады. Жер қойнауын қорғау жэне пайдалану ережелері арнаулы экологиялық жэне тау-кен заңдарында белгіленген.

Осы заңдарға сәйкес жер қазба байлықтарын өндіруге, соны жүргізуге лицензиясы бар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кэсіпорындар, жекелеген азаматтар құқылы. Осыған орай Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңында, жер қойнауын пайдалану нұсқауларында нақты құқықтары мен міндеттері айқындалған. Осыған орай олар кен байлығын тиімді пайдалану жэне қорғау; жер қойнауын пайдалануға байланыс-ты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу; рұқсатсыз құрылыстарды салуды жобалауды, салуды, орналастыруды жэне басқа заңсыз эрекеттерді жүзеге асырмауға міндетті.

Көрсетілген ережелерді бұзу едэуір зиян келтіруге экеліп соқса, іс-эрекет қылмыс бо-лып табылады.

Ірі залалға - пайдалы кен орындары кәсіпорындарын істен шығару; кен өндіру жұмысына кедергілер келтіріп жұмысты тоқтату; объектілерді, экологиялық жағдайын нашарлату; лицензияда көрсетілмеген кен игеру ісімен айналысу және т.б. эрекеттер жа-тады.

Қылмыс құрамы материалдық. Занда көрсетілген зардап орын алған уақыттан бастап ол аяқталған деп танылады. Баптың диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзумен келтірілген едэуір зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған жай немесе лауазымды адам.

Қылмыстық кодекстің 333-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп соққан дэл сол іс-эрекет - үшін жауаптылық көрсетілген. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларындағы экологиялық талаптарды бұзуға ай-наланы уландыру, ластау жұмыстарын жүргізу, жер қойнауына қауіпті жарылыс жасау, кен өндірудің қауіпсіздігін сақтамау әрекеттері жатады. Осы талаптарды сақтамау заңда көрсетілген зардапқа экеліп соғуы шарт.

334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану

1.Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бул іс-әрекеттер ірі запал келтірсе -

2. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -