Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дал сол іс-әре-кет-

3.Абайсызда адам өліміне немесе қоршаган ортаның радиоактивтік зақымдануына не­месе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - атом энергетикасы объек-тілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану қауіпсіздігі тэртібін рет-тейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық кұқық бұзушылыктың заты - атом энергетикасын өндіретін зауыттар: атом қалдықтарын көметін көмбелер, атом сұйыктарын өндіретін зауыттар, радиоактивті нэрселермен жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттары.

Қылмыстық күкьтқ бұзушылық объективтік жағынан Атом энергиясы пайдаланатын объектілерді орналастыру, жобалау, салу, пайдалануга беру, пайдалану, жөндеу, пайдала­нудан алып тастау кезінде, сол сиякты ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен немесе иондаушы сэулелену көздерімен жұмыс істеу кезін-де қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл іс-эрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соққан, кауіпсіздік ережелерін бұзу арқылы сипат-талады.

Қылмыстық кодекстің көрсетілген бабының диспозициясы бланкеттік болып табыла-ды. Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сактаудың тэртібі арнаулы нормативтік-құқықтық нормалар арқылы реттеледі.

Атом энергетикасы объектілеріне - атом (ядролық) энергияны пайдалану арқылы жұмыс істейтін кез келген қондырғылар мен құрылыстар жатады. Заң бойынша атом энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік ережелерін бұзу, оларды орналастыру, жоба­лау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезінде болуы мүмкін. Бұл операцияларды жүзеге асырудың тэртібі арнаулы нормативтік-құкыктық актілермен реттеледі.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың объективтік жағының белгісі - атом энергетикасы объектілерінде кауіпсіздік ережелерін сақтамау, кісі өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына экеліп соктыру мүмкіндігі болып табылады.

Қылмыстық кұқық бұзушылық құрамы формальдық. Қылмыстық құқық бұзушылық занда көрсетілген эрекеттерді істеген уақыттан және сол эрекеттер арқылы зардаптың нақты орын алу қаупі төнгенінен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі — арнаулы атом энергетикасы объ-ектілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану жұмыстары өзіне тапсырылған 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 276-бабының 2-тармағында абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге экеп соққан іс-эрекет, ал осы баптың 3-бөлігінде «абайсызда кісі өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соқтырған дэл сол эрекеттер» үшін жауаптылық белгіленген.

277-бап. Тау-кен немесе құрылыс жумыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу

1.Тау-кен немесе құрылыс жумыстарын жүргізудің ңауіпсіздік қагидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулыгына ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соңса -