Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§3. Имандылыққа қарсы қылмыстар

Имандылыққа қарсы топқа жататын қылмыстардың тікелей объектісі қоғамда орын алып отырған моральдық, крғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Олардың түрлері де сан алуан. Енді соларға жеке-жеке тоқталып өтейік.

307-бап. Заңсыз ойын бизнесін уйымдастыру

1. Ойын мекемесін заңсыз ашу не устау немесе ойын бизнесі саласындағы ңызметті заңсыз уйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнес! туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындагы қызметі лицензиясыз жүзегеасыру-

2. Мынадай:

1) кемелетке толмаган адамды пайдаланып немесе оны қумар ойындарына қатыстырып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) ірі мөлшерде табыс табумен;

4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаган;

2) аса ірі мөлшерде табыс табумен жасалған;

3)мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адам не оган теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам әзі неме­се сенім білдірген адам арқылы заңда белгіленген тыйым салуга ңарамастан жасаган іс-әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттер мұндай қызметте жеңілдіктер мен артықшылықтар берумен немесе өзге нысандагы жақтаушылыгымен байланысты болса, -

Ойын мекемесін заңсыз ашып, пайда табу, осы саладағы қызметті заңсыз пайдалану жаңа қылмыстық кодекс бойынша қылмыс ретінде қарастырылып, жауаптылық ҚК-тің 307-бабында көрсетіліп отыр.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда белсенді іс-әрекеттер арқылы:

Ойын мекемесін заңсыз ашу не үхтау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз үйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру жэне өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензия-сыз жүзеге асыру — эдістерін қолданып жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы формальдық заңда көрсетілген осы іс-эрекеттердің бірін жүзеге асырғаннан кейін қылмыс аякталған деп танылады. Олар: 1) заңсыз ойын бизнесін апгу; 2)немесе ұстау; 3) ойын бизнесі са-ласын заңсыз ұйымдастыру; 4) заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру; 5) заңнамада белгіленген құмар ойындар ұйымдастыру; немесе өткізу; 6) заңсыз ойын бизнесін лицен-зиясыз жүзеге асыру.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, заңсыз бизнес ойыны арқылы пайда табу ниетпен жасалады.

Қылмыстық субъектісі 16-ға толған, есі дүрыс адам.

Осы іс-эрекетті:

1) кэмелетке толмаған адамды пайдаланып немесе оны құмар ойындарына қатыстырып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) ірі мөлшерде табыс табумен;

4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса Бұл осы қылмыс қү-рамының ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 307-бабының, 2-бөлігі).

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаган;

2) аса ірі мөлшерде табыс табумен жасалған;

3) мемлекеттік функцияларды орындауға уэкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам өзі немесе сенім біддірген адам арқылы заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан жасаған іс-эрекеттер, егер Бұл іс-әрекеттер мүлдай қызметте жеңілдіктер мен артықшылықтар бе­румен немесе өзге нысандағы жақтаушылығымен байланысты болса, іс-эрекет қылмыс қүрамының аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 307-бабының, 3-бөлігі).

308-бап. Жезөкшелікпен айналысуға тарту