Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Қоршаган ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырңаттануына әкеп соңқан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумагында жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - жерді қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - өнеркэсіп, ауыл шаруашылық, жеке пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективті жағынан: жерді өнеркэсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы хи-микаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды немесе өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, та-сымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қагидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше Бұлдіру, егер бұл іс-эрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтіруге экеп соққан іс-әрекеттер арқылы сипатталады.

Сонымен Бұл қылмыстың объективтік жағы негізінен мынадай 3 түрлі белгіден құралады: а) Қылмыстық кодекстің 332-бабының диспозициясында көрсетілген ереже-лерді бұзу; б) адамның денсаулыгына немесе қоршаған ортаға зиян келтірілу; в) іс-эрекет пен келтірілген қылмыстың зардабының арасындағы себепті байланыс.

Жерді уландыру: ластаудың немесе басқадай Бұлдірудің көздері болып: тыңайтқыштар, (азот, фосфат, калий микротыңайтқыштары), өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштар (ауксиндер: гиббореминдер, цитокининдер және т.б.), улы химикаттар (пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер, акарицидтер, зооцитер, фунгуцидтер, бактерицидтер), тазартылмаған өндірістік-тұрмыстық қалдықтар жатады.

Көрсетілген заттарды қолданудың, сақтаудың, пайдаланудың, тасымалдаудың жэне көмудің тэртібін белгілейтін көптеген құкықтық-нормативтік актілер бар. Оларға жер қатынастары туралы зандар, табиғат қорғау зандары, қауіпті химиялық, биологиялық, радиоактивті заттарды тіркеу туралы арнаулы ережелер т.б. жатады.

Көрсетілген заң немесе басқадай нормативтік-құқықтық актілердің талабын бұзу адамның денсаулыгына немесе қоршаған ортаға ірі залал келтіреді.

Адамның денсаулыгына жеңіл, орта, ауыр дэрежелі жарақат келтірілуі мүмкін.

Қоршаған ортага зиян жануарлар дүниесінің немесе ауыл шаруашылық емес өсімдіктердің, орман ағаштарының опат болуы, су объектілерінің ластануы жэне су биоресурстарының құруы, атмосфералық ауаның ластануы арқылы келтіріледі.

Заңның диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыстың болуы шарт.

Қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрамға жатады және ол занда көрсетілген зардаптардың бірінің орын алған сэтінен бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың субъектісі 16-ға толған жай немесе лауазымды адам.

Қылмыстық кодекстің 332-бабының 2-тармағында қоршаған ортаға аса ірі залал кел-тіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекеттер - үшін жауаптылық белгіленген.

333-б а п. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бузу

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жобалау және жүргізу кезінде жер қойнауын қоргау және пайдалану қагидаларын, сол сияқты жер қойнауын пайдаланудың барлық сатысында жалпы экологиялың талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаган ортага ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе -