Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§7. Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар

339-бап. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және қурып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөлік-терімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және қүрып кету ңаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануга тыйым салынган өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - құ_рып кету қаупі төнген жануарлар мен осімдіктердің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты — Қазақстан Республикасының Қызыл кіта-бына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері жэне олар мекен-дейтін жерлер.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан алғанда Қазақстан Рес-публикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін жэне құрып кету қаупі төнген түрлерш немесе олар мекендейтш орындарды заңсыз ол-жалап алу, өткізу, сақтау, өткізу, экелу, экету, сынып жіберу, тасымалдау немесе сақтау сондай-ақ оларды жою арқылы сипатталады.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген түрлері жазылады. Оларды заңсыз олжалауға, алуға, өткізуге, сондай-ақ жоюға заң мүлдем тыйым салады.

Қызыл кітапқа жазылған жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін орындарына -жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің өсіп-өнуіне бөлінген жер, су үсті бөліктері жатады. Мысалы Қорғалжын аумағы — аққулар мекендейтін орын. Каспий жағалауы - ерекше сирек құстар мен балықтар өсетін орын. Өсімдіктердің сирек кезде-сетін түрлері өсетін - Тянь-Шань шыңы т.б.

Қылмыс құрамы қңэылысы жөнінен материалдық. Ол занда көрсетілген зардаптың сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін заңсыз олжалау, алу, өткізу неме­се жою эрекеттерінің біреуін, сол сияқты олардың мекендейтін жерлеін жою істеген уақыттан аякталған деп танылады.

Қылмыстық қүдық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.

342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумактар режимін бұзу

1. Ерекше қоргалатын табиги аумақтар режимін айтарлықтай запал келтіруге әкеп соққан бұзу-

2. Ерекше қорғалатын табиги аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының объ-ектілерін айтарлықтай запал келтіруге әкеп соққан қасаңана зақымдау немесе жою -

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің қорғалуы мен сақталуын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың заты - мемлекет қорғауына алынған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (қорықтар, ұлгтық, тарихи-табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендарийлер, курортты жэне демалыс, туризмге арналған аймақтар).

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізімі жэне оларды пайдалану тэртібі «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары» туралы арнаулы заңында көрсетілген.

Қылмыстың (342-баптың 1-тармағы) объективтік жағы: а) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу; б) осы режимді бұзудан айтарлықтай залал келтіру арқылы сипатталады.

Ережелерді бұзуға (мемлекеттік табиғи қорықтардан басқа) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды Бұлдіру, жою, өрт қою, су жіберу арқылы оларды қирату, ластау,

осы аумақтардағы ағаштар мен бугаларды кесу сияқты қоғамға қауіпті іс-эрекеттер жатады. Заңның бабы бланкеттік диспозицияға негізделген. Осыған байланысты ере-кше қорғалатын табиғи аумактардың режимін реттейтін, қолданылып жүрген арнаулы құқықтық-нормативтік актілерді дэл анықтап, оның қайсы талаптарының бұзылғанын анықтау қажет.

Айтарлыктай зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 337-бабының түсінігінде берілген.

Қылмыстық құқык бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстық күкьтк бұзушылық субъектісі — 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 342-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи қорық қорының объек-тілерін айтарлықтай залал келтіре отырып қасақана зақымдағаны немесе жойғаны үшін жауаптылық белгіленген.

14-тарау. КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ Б¥ЗУШЫЛЫҚТАР