Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§1. Көліктегі қылмыстық күкык бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы

Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар жаңа Қылмыстық кодекстің 14-тара-уында орналасқан. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда, бұл тарауда көліктің барлық түрлері — темір жол, эуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай, не басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол козғалысы қауіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін кылмыстық құкык бұзушылық үшін жауаптылығы жинақталып берілген.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе келік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық қүкьтқ бұзушылыққа заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-эрекеттерді кінэлі түрде бұзып, көліктің біркалыпты қызмет етуін бұзатын, соның нэтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-эрекеттер жата-ды.

Көлік қылмыстық қүқық бұзушылықтарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігін жэне көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі — жол қозғалысы қауіпсіздігі жэне көлік құралдарының накты түрін (теміржол, су, эуе немесе автомобиль) пайда­лану ережелері, ал қосымша тікелей объектісі - кейбір кұрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ак меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - теміржол, су, эуе, автомобиль көліктері жэне басқа да механикалық көлік құралдары.

Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің 14-тарауындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарының көпшілігі эрекет немесе эрекетсіздіктен, зардаптан жэне олардың арасындағы себепті байланыстардан тұрады (материалдық құрам). Тек қана екі түрлі қылмыстық құқық бұзушылық құрамы (357, 360-баптар) құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі жэне көлік құралдарын пайдалану ережелері сан килы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан. Мұндай заңдарға – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазакстан Республикасының жбл қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының теміржол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол жүру ережелері жэне тағы басқалар.

Осыған орай көлік қылмыстық құкық бұзушылықтарының нақты құрамдарының дис-позициясы бланкеттік болып табылады. Әрбір жеке құрам үшін жауаптылық арнаулы заң, басқадай нормативтік-құқықтық актілердің тиісті талаптарына нақты негізделуі тиіс.

Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы қылмыстық қү_қық бұзушылықтың заты болып табылатын көлік құралдарының түріне дэлме-дэл анықтама берудің маңызы ерекше. Көлік деген үғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, заңда айтылғандай — теміржол, эуе немесе су көлігі жэне автомобиль көлігі жатады.

Көліктегі қылмыстық құкық бұзушылықтарының нақты құрамдары өздерінің объек-тивтік, субъективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, эрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдарды жеке-жеке талдау арқылы олардың зандылық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік туады.