Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне багынбау -

2. Төтенше жагдай жарияланган жерлерде жасалган дал сол іс-әрекет -

Қылмыстың объектісі, субъективтің жағы жэне субъектісі ҚК-тің 378-бабындағы түсіндірмеге сэйкес. Бұл тұрғыдағы қылмыс объективтік жағынан - билік өкілінің занды талабына немесе өкіміне бағынбау іс-эрекеттері арқылы көрініс табады.

Биліктің заңды талабына, өкіміне бағыну — эрбір азаматтың міндеті. Егер бұл талап, өкім заңға кайшы болса, оны орындамау, онда өкімге бағынбау қылмыс құрамына жат-пайды.

Субъективтік жағынан іс-эрекет заңды талапқа, өкімге біле тұра бағынбау арқылы көрініс табады. Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Осы құрамның ауырлататын түрі - төтенше жағдай жариялаған жерлерде жасалған осындай іс-эрекеттер арқылы (ҚК-тің 379-бабы 2-тармағы) көрініс табады. Қылмыс жа-салу орны — төтенше жағдайлар жарияланған жерлер.

380-бап. Билік өкіліне қатысты күш қолдану

1. Билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты оган немесе оның жақындарына ңатысты өміріне немесе денсаулыгына қауіпті емес куш қолдану не куш қолдану қатерін төндіру -

2. Осы баптың бірінші бөлігінде атапган адамдарга қатысты олардың өміріне немесе денсаулыгына қауіпті куш қолдану -

Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-тармағында билік өкілінің өз қызметтік мін-деттерін орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - өкімет өкілдерінің дұрыс басқару қызметі, ал қосымша тікелей объектісі олардың өзінің жэне жақын туыстарының өмірі мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жэбірленушісі болып табылады.

Өкімет өкілінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 378-бабында айтылған.

Қьшмыстық құ_қық бұзушылық объективтік жағынан мына эрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:

а) билік өкілінің өзіне немесе оның жақын туыстарына қатысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану (380-баптың 1-тармағы);

б) осы көрсетілген адамдарды күш қолданбақ болып қорқыту (380-баптың 1-тармағы); в) аталған адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану.

Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның өзінің немесе жақындарының өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолдануға жәбірленушінің киімін жырту, оларды сабау, денесіне жеңіл жарақат келтіру, бостандығын иіектеу, өміріне не­месе денсаулығына қауіп келтірмейтін жағдайда жэбірленушінің ағзасына есеңгірететін нэрселер егу сияқты эрекеттер жатады.

Осы көрсетілген адамдарға күш қолданбақ болып қорқытуға жеңіл, орта дене жарақатын келтіремін, қамап қоямын, сабаймын, үй-жайынды өртеймін деген жалпыла-ма анықталмаған сипаттағы, бірақ жэбірленушінің пайымдауынша кінэлі адам оларды жүзеге асырады-ау деген негізі бар қорқытулар жатады.

Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты олардың өміріне неме­се денсаулығына қауіпті күш қолдану — (ҚК-тің 380-бабы 2-тармағы) осы қылмыс қү_рамының ауырлататын түрі болып табылады.

Аталған адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға — жәбірленушіге ауыр дене жарақатын келтіру, өлім халіне жеткізіп ұрып-соғу, азаптау, жүдпалы ауруды адам ағзасына егу т.б. эрекеттер жатады. Бұл эрекеттен кісі өлімі болған жағдайда кінәдінің әрекеті Қылмыстық Кодекстің 380 және 99-баптарымен қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады.

Қылмыс қү_рылысы жағынан формальдық-материалдық құрамға жатады Жәбір-ленушілерге күш қолданбақ болып қоркыту — формальдық құрамға, ал басқа эрекеттер материалдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан қылмыстық кү-қық бұзушылық тікелей касақаналықпен істе-леді. Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.

381-бап. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау

Прокурорлық қадагалау актілерін орындамау, сол сияқты оның қызметіне кедергі жа­сау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқыктары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса -

Прокуратура органдарының қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясында жэне Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау туралы завдық күші бар жарлығымен бел-гіленген.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың тікелей объектісі - прокуратура органдары туралы заңымен белгіленген қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық кұқық бұзушылық объективтік жағынан прокурорлық қадағалау ак-тілерін орындамау, сол сияқты оның кьізметіне кедергі жасау аркылы жүзеге асыры-лады. Прокурорлық қадағалау актілеріне осы органның наразылық қаулысы немесе басқадай үсыныстары жатады. Объективтік жағынан қылмыс осы қадағалау актілерін орындауға байланысты болады. Прокуратура органдарының қызметіне кедергі жасауға осы мекеменің заңды қүдықтарын жүзеге асыруға ашық түрде қарсылық білдіруі жата­ды. Мысалы, қажетті құжаттарды көрсетуден, беруден бас тарту, қылмысты істі оқып танысуға бермеу, дер кезінде тексерілуге жататын іс-қағаздарын көрсетпеу жэне т.б.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық. Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі - қылмыстың зардабы: прокурорлық қадағалау актілерін орын­дамау немесе оның қызметіне кедергі жасау азаматтардың немесе ұйымдардың құкықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге экеліп соғуы болып табылады. Елеулі зиян нақты жағдайларға бай­ланысты аныкталады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінэлі адам прокурордың заңды қызметіне кедергі жасағанын немесе оның занды талаптарын орындамағанын ұгады, се-зеді, солай бола тұрса да заң талаптарын орындамайды. Қылмыстық ниет эр түрлі болуы мүмкін, ол қылмысты саралауға эсер етпейді.

Қылмыстық құ-қық бұзушылықтың субъектісі - жасы 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

382-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамга, сондай-ақ оның жақындарына қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді, осы мәліметтер оның қызметтік жумысына байланысты сеніп тапсырылган немесе белгілі болган адамның жария етуі -