Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.Тұрақты қарулы топты (банданы) құру, сол сияқты осындай топқа (бандага) басшылық ету -

2.Тұрақты қарулы топқа (бандага) немесе ол жасап жүрген шабуылдарга қатысу -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер -

Бандитизм - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды қү_рылымы жөнінен тү_рақты, қаруланған топ болып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.

Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік.

Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері.

Объективтік жағынан бандитизм бірнеше эрекеттердің жиынтығы бойынша сипатта-лады: 1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында түрақты қарулы топ (банда) құру; 2) осындай топтық (банданы) басқару; 3) тұрақты қарулы топқа (бандаға) қатысу; 4) бандылық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.

Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп, азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында кү-рылған қаруланған, түрақты топты айтамыз.

Банданы қү_ру деп бандыны жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, бандының құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рөлдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Банданы құрушы, эдетте, оның ұйымдастырушысы болып табы-лады.

Банданың түрақтылығы қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-эрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімінің нәтижесі аркылы анықталады.

Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-эрекет деп айтамыз.

Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ак эр түрлі жарылғыш қүралдары да жатады.

Бандитизм қүрамы қүрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (банданы) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан, бандитизм құрамы аяқталған деп табылады.

Банданы басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-эрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді тандап алу, шабуыл-ды жүзеге асыратын тэсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен «тэрбиелік» сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жэбірленушілер мен куэлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру эрекеттерін айтамыз.

Шабуыл жасау деп қылмыстық нэтижеге жету үшін бандалық топтың жэбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын айтамыз.

Егер шабуыл жасау барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян кел-тірілуі орын алса, онда іс-эрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 268-бабында көрсетілген эрекеттерді істейтінін сезеді жэне оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - эр түрлі болуы мүмкін, оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет. Қылмыс қү_рамының субъективтік жағының міндетті белгісі - арнаулы мақсат азаматгарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар адам өлтіргені, эйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 268-бабының 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.

Бтдага цатысу деп - олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бір-ге банданы қаржыландыру, карумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.

Шабуылга цатысу деп — бандалық топпен бірге қылмыстық нэтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қаупін туғызуды айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 268-бабының 3-тармағы бандитизм эрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгілеген. Мүлдай эрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жетік білетін по­лиция қызметкерлері, эскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (268-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі - лауазым адамдары (ҚК-тің 3-бабының 26-тармағы), коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары (ҚК-тің 3-бабының 19-тармағы).

269-бап. Ғимараттарға, қурылыстарға, қатынас және байланыс қуралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу

1. Ғимараттарга, қурылыстарга (оның ішінде Қазақстан Республикасының континент-тік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларга шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;

4) қаруды не ңару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау бойынша;

6)мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің гимараттарына ңатысты жасалған дәл сол іс-врекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды ңылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өліміне немесе езге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Ғимараттарға, қүрылыстарға (оның ішінде Қазақстан Республикасының континент-тік қайраңында орналасқан стационарлық платформаларға), қатынас жэне байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларга шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу - (26-баптың, 1-бөлігі).

Қылмыстық кұқық бұзушылыктың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Объек-тивтік жағынан қылмыс: а) үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс кұралдарына өзге де комуникацияларға шабуыл жасау; б) сол сиякты оларды басып алу аркылы сипат-талады.

Кінэлі адам көрсетілген объектілерді заңсыз басып алады немесе заңсыз басып алған объектілерін одан эрі үстап түрады.

Кінэлі адам осы заңсыз басып алынған объектілерді жоямын немесе Бұлдіремін деп қорқыту эрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жерде қорқытуға - басып алынған немесе үстап түрған объектілерді шын мэнінде жоюды немесе Бұлдіруді нақты жүзеге асыруға жеткілікті негіздердің бар болуы жатады.

Қылмыстық қү-Қық бұзушыльщ субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жа-салады. Кінэлі адам үйлерді, қүрьшыстарды, қатынас жэне байланыс қүралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе үхтап түруды, оларды жоямын немесе Бұлдіремін деп қорқытудың қоғамға қауіпті екенін сезеді жэне соның болуын тікелей тілейді. Қылмыстық қүқық бүзушылықтың субъективтік жағының қажетті белгісі - мақсаты заңда басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай бір іс-эрекет жасауға немесе қандай да бір іс-эрекет жасаудан тартынуға мэжбүр ету деп көрсетілген. Яғни көрсетілген объектілерді басып алудың, үстап түрудың, оларды жоямын немесе қүртамын деп қорқытудың негізі - белгілі бір шарт қою. Ол шарт мем-лекетке, ұйымға, жеке адамға қойылады. Шарттың мэні эр түрлі болуы мүмкін. Тұтқын орнынан адамды немесе адамдар тобын босату, жүмысқа қайта қабылдауды талап ету, жеке адамның белгілі бір іс-эрекетті істеуін (қарызды кешіру, алған затын кайтарып беру, қаражат беру тілегін қанағаттандыру т.б.) талап етулері болуы мүмкін.

Қылмыстық қүдық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, есі дүрыс кез келген адам.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтық Кодекстің 269-бабының 2-тармағында осы қыл-мыстың ауырлататын түрлері:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) өмірге немесе денсаульщқа қауіпті күш қолдана отырып;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды крлдана отырып;

д) пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау арқылы; е) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалған, ал осы баптың 3-тармағында: осы қылмыстың өте ауырлататын түрлері: қылмыстық топ немесе абай-сызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соққан эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 269-бабының 2, 3-тармақтарында көрсетілген осы белгілердің анықтамасы ҚК-тің 261-бабының 2, 3-тармақтарындағы қьшмыстардың анықтамасымен ұксас.

270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу

1. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол составын айдап экету, сол сияқты айдап әкету мақсатында осындай кемені немесе составты басып алу -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті куш қолданып не осындай куш ңолдану қатерін төндіріп;

4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өліміне немесе езге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Эуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын өз бетімен айдап экету, со-ларды қолға түсіру арагідік көрініс беретін күбылыс. Бұл тұрғыдағы қылмыстың тіке-лей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік. Көрсетілген қылмыстық қү_қық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі - адамдардын өмірі, денсаулығы сондай-ақ меншігі болады.

Қылмыстык кұқық бұзушылықтың объективтік жағы екі түрлі эрекеттен тұрады: эуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын айдап экету; осы көлік құралдарын айдап экету мақсатында басып алу.

Эуе көлігі кемесіне - адамдар немесе жүк тасуға бейімделген газ, ауа қысымы күшімен қозғалатын үліу аппараттары жатады. Оған үліақтың, тікүліақтың барлық түрлері, сондай-ақ спорттық эуе шарлары, дирижабильдер, планерлар да жатады.

Су көлігі кемесі — мұхиттарда, теңіздерде, өзен көлдерде адам немесе жүк тасуға арналған көлік күралы. Бүған теплоходтардың сан түрі, су асты қайығы, катерлер, теңіз яхталары, өзі жылжитын баржалар жатады. Жылжымалы темір жол составына - рель-стер арқылы қозғалатын, адам немесе жүк тасуға арналған көліктер жатады. Бүған: локомотивтің барлық түрлері, электр күшімен қозғалатын вагондар, платформалар жа­тады.

Осы көрсетілген көлік күралдарына өз бетінше иелік етіп, оны өзінің қалауынша пай-далану айдап экету деп табылады.

Көлік қүралдарын жүргізуші адамдардың басқа адамдардың көлікті рү_қсатсыз, бел-гіленген маршруттарды өзгерте отырып, өз қажетіне пайдаланса мүлдай эрекеттер айдап экетуге жатады.

Басып алуға күш қолдану, қорқыту, немесе алдау арқылы эуе, су кемесін немесе жыл­жымалы темір жол составын қүқыққа қайшы түрде иелік етулер жатады.

Күш қолдану экипаж мүшелеріне, жолаушыларға дене жарақатын келтірумен көрініс табады. Қорқытуға, өлтіруге, көлікті апатқа ұшыратуға, жарылыс жасауға байланысты ниет білдірушіліктер жатады. Алдауға эр түрлі амал-айлалар қолдану (экипаж мүшелерін, көлік жүргізушілерін, жолаушыларды жаңылыстыру аркылы маршрутты өзгерту, т.б.) эрекеттер жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық формальдық қүрамға жатады жэне ол жоғарыда көрсетілген эрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бүзушылық тікелей қасақаналықпен жаса-лады. Адам көлікті заңсыз айдап экеткенін немесе көлік құралын басып алғанын сезеді жэне соны істеуді тілейді. Басып алудың мақсаты — көлік қүралын айдап экету болып табылады.

Қылмыстық қү_қық бүзушылыктың субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 270-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлерін жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: а) адамдар тобының алдын ала сөз байла-суы бойынша (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз); б) бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз);

в) өмірге немесе денсаулықка қауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып (ҚК-тің 192-бабын қараңыз);

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса (ҚК-тің 192-бабын қараңыз).

Қылмыстық кодекстің 270-бабының 3-тармағында өте қауіпті қылмыс үшін жауап-тылық белгіленген. Онда осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде. көзделген эрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарга экеп соқса делшген көрсетілген үйымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 261-бабының 3-тармагындагы осыган ұқсас құрамдарды талдағанда толық берілген.

271-бап. Теңіз қарақшылығы