Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§2. Бағыныштылық тәртібіне жэне эскери қызметшілердің жарғылық ережелерге сай қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстық құқық бүзушылықтар

437-бап. Буйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау

1.Бағынбау, ягни бастықтың буйрыгын орындаудан бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіппен берілген буйрыгын бағыныштының өзгедей қасақана орында-мауы -

2.Қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген дал сол іс-арекеттер -

3.Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамдар тобы немесе алдын ала сөз байпасу арңылы адамдар тобы жасаган, сол сияқты ауыр зардаптарга әкеп соққан іс-әрекеттер –

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган, үрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалған іс-әрекеттер -

5.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, сотые уақытында жасалган іс-әрекеттер -

6.Қызметке ұқыпсыз қарау не адал ңарамау салдарынан бұйрықты ауыр зардаптарға әкеп соққан орындамау -

7.Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, согыс уақытында, үрыс жагдайында не­месе төтенше жагдай кезінде жасалган іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқгы бастықтың белгіленген тэртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, өзгедей қасақана орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыстық құқық бұзушылык қүрамы көрсетіліп тұр. Оның бірін-шісі бағынбау, яғни бастықтың занды бұйрығын орындаудан ашык, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей эдейі орындамау - яғни бастықтың белгіленген тэртіппен, зан­ды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының эдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талап-тарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа эрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.

Бағынбау мен бұйрықты өзгедей эдейі орындамау іс-эрекетінен қызмет мүдцесіне елеулі зиян келтірілуі қажет (ҚК-тің 437-бабының 2-тармағы). Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-эрекеттен әскери тәртіптің ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына эр түрлі дэрежедегі жарақат келтірілсе немесе эскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады.

Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны эдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасын-да себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыстық қүкътқ бұзушылық құрамы материалдық.

Субъективтік жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық қасақаналықпен (тікелей неме­се жанама) жүзеге асырылады.

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған сол сияқты ауыр зардаптарға экеп соққан іс-эрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (437-баптың 3-тармағы).

Әскери қылмыстарды адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасау белгісі бойынша саралаған кезде ҚК-нің 31-бабының ережелерін ескеру қажет.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бір-біріне бағыныштылык қатынастарының маңызы жоқ екі жэне одан да көп эскери қызметші қатысқан жағдайлардағы эрекеттер аталған саралаушы белгілер бойынша саралануы тиіс, сондай-ақ олармен бірге қылмыс жасауға қатысқан эскери қызметші болып табылмайтын адамдардың эрекеттері ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші ретінде эскери қылмыс жасауға қатысу деп саралауға жатады (ҚР Жоғарғы Сотының аталған қаулысының 8-тармағы).

Ауыр зардаптарға қасакана денеге орта дэрежелі жарақат келтіру, абайсызда кісі өлімінің орын алуы; эскери дайындықты қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге аспай қалуы; эскери техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілу т.с.с. жатады.

Осы баптың бірінші жэне екінші немесе үшінші бөліктеріндегі көзделген эрекеттер қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалса, онда Бұл осы қьшмыстың аса ауырлататын түріне жатады (467-баптың 4-тармағы).

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 5-тармағында көрсетілген.

Қызметке ұқыпсыз не адал қарамаудың салдарынан ауыр зардаптарга экеп соққан бұйрықты орындамау үшін жауаптылық ҚК-тің 437-бабының 6-тармағында көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың түсінігі осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген ауыр зардап-пен бірдей болуы да мүмкін. ҚК-тің 437-бабының 6-тармағындағы қылмыс құрамы субъ-ективтік жағынан тек қана абайсыздықпен (немқү_райдылық немесе менмендік) жүзеге асырылады.

Егер осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекет соғыс уақытында немесе ұрыс жагдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалса, онда кінэлінің жазасы арта түседі, ол үшін жауаптылық ҚК-тің 437-бабының 7-тармағында көзделген.

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәж-бүрлеу

1. Бастыққа, сол сияңты өзіне жүктелген әскери қызмет міндетін орындайтын өзге адамга қарсылық көрсету немесе оны осы міндеттерді бузуга куш қолдану немесе оны қолдану ңатерін төндіру арқылы мәжбүрлеу -

2. Мынадай:

1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаган;

2) қару немесе арнайы құралдар қолданып;

3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіріп жасалган дәл сол іс-әрекет-

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган, ұрыс жагдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалган, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, сотые уақышында жасалган іс-әрекеттер -

Қылмыстық құкық бұзушыльщ объективтік жағынан бастыққа, сол сияқты эскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы міндеттерді бұзуға күш қолдану жэне күш қолданамын деп қорқыту арқылы, мэжбүр ету арқылы сипатталады.

Қарсылық көрсету деп бастықкд, сол сияқты эскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның занды талабы-на мэн бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Мыса-лы, патрульдің мае күйдегі эскери қызметшіні ұстауға байланысты әрекетіне соңғының қарсылық керсетіп бағынбауы.

Бастықкд немесе эскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға күш қолдану жэне күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы олардың міндет-терін бұзуға бағытталған белсенді эрекет мэжбүрлеу деп танылады. Мысалы, қатардағы эскери қызметшінің тэртіп бұзып қолға түсіп қалған екінші бір эскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып босатып алуы.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдык, көрсетілген іс-эрекеттердің бі-реуін істеген сэттен қылмыстық қү_қық бұзушылық аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

Дэл сол эрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған;

б) кару немесе арнайы құралдар қолдана отырып жасаса;

в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіріп жасалған іс-эрекеттер - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (438-баптың 2-тармағы).

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының түсінігі ҚК-тің 31-бабында көрсетілген.

Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мэжбүр етушілік жатады.

ҚК-нің 438-бабы екінші тармағының 2) тармақшасында, ҚК-нің 439-бабының екінші тармағының 2) тармақшасында жэне ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 4) тармақшасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамында қолданылатын қару деп «Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сэйкес конструкциялық жағынан алғанда тірі ныса-наны жоюға арналған құрылғылар мен заттар: атыс қаруы, суық кару, газды-қару электр-лі қару, пневматикалық қару, лақтырылатын қару түсінілуі тиіс. Оларға соғыс қол атыс қаруы мен суық қару (автомат, пулемёт, пистолет, карабин, винтовка, қанжар, шолақ қанжар) жэне қолдан дайындалған (шолақ мылтық, фин пышағы, кастет, стилет жэне т.б.) өзге атыс жэне суық қарулар жатуы мүмкін.

Шаруашылыққа немесе басқа да мақсатка арналған заттардың өзге де түрлерін (бэкі, шаппа, ас үй пышақтары, балта, таяқ жэне т.б.) пайдалану қылмыстың жасалу белгілері бойынша қару қолданалып жасалынған деп саралауға негіз бола алмайды

ҚК-нің 438-бабының екінші тармағында, ҚК-нің 439-бабының екінші тармағында, ҚК-нің 440-бабының үшінші тармағында жэне ҚК-нің 452-бабының екінші тармағында көрсетілген ауыр зардаптарға жэбірленушінің денсаулығына кдсақана ауыр зиян келтіру, оның ішінде абайсызда кісі өліміне соқтыру, адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізу, эскери тапсырманы орындауды болдырмау, апат не­месе аварияның болуы, эскери техниканы істен шығару, ірі материалдық залал келтіру жэне т.б. жатады.

Мұндай салдарлар ҚК-нің осы баптарының диспозицияларымен қамтылады жэне өзге қылмыстар құрамымен қосымша саралауды талап етпейді. Егер кінэлінің осы эскери қылмыстарды жасаған кезде кісі өлтірумен ұштасса, онда олар ҚК-нің 99-бабы бойынша қосымша саралауға жатады.

Жэбірленушінің өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтірген бастықтың немесе лауазымды адамның билікті асыра сілтеуі немесе қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы осы ереже бойынша саралануы тиіс1.

1 (Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотыньщ «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тэжірибесі туралы» 28 қазан 2005 жылғы нормативтік қаулысынын 9, 10-тармақтары).

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қьшмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған сол сияқты адам өліміне экеп соққан іс-эрекеттер талданып отырылған қылмыс құрамының өте ауырлататын түріне жатады (438-баптың 3-тармағы).

Соғыс уақытында жасалған осындай эрекеттер үшін жауаптылық қылмыстық топ жасаған 438-баптың 4-тармағында көрсетілген.

439-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері

1. Бастықтың әскери қызмет міндеттерін орындауы кезінде немесе осы міндеттерді орындауга байланысты оган қатысты жасалган урып-согу, денсаулыққа жеңіл зиян кел-тіру немесе өзае де куш қолдану -

2. Мынадай:

1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

2) қару қолданып;

3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіріп жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган, ұрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалган, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, сотые уақытында жасалған іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан алғанда бастықтың эскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оган қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану эрекеттері екі түрлі жағдайда: 1) бастықтың эскери қызмет міндеттерін атқару кезінде 2)немесе осы міндет-терді атқаруына байланысты жүзеге асырылады.

Әскери қызмет міндеттерін атқару деп бастықтың ұрыс эрекеттеріне қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, эскери кезекшілікті атқаруы, қызметтік жағдайына бай­ланысты эскери бөлімнің аумағында белгіленген уақыт ішінде міндетін өтеуі, қызметтік іссапарда болуы кезінде өз борышын өтеуін айтамыз.

Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-эрекеттеріне кінэлінің оның кызмет бабын атқаруына көңілі толмаудан немесе одан кек алу, я болма-са басқадай өзара қақтығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген кылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Жэне оған қарсы күш қолдану әрекетімен үласады. Күш қолдану ү_рып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян кел-тіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап қою, бетін тырнау т.с.с) арқылы көрініс табады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жаса­лады.

Дэл сол эрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы топ жасаса;

б) қару қолданып жасаса;

в) денсаулывда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардап-тар келтірсе, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. Бү_л көрсетілген жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 438-бабын талдағанда тоқталғанбыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кылмыстық топ жасаған, үрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған. Сол сиякты адам өліміне экеп соққан эрекеттер көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (469-баптың 3-тармағы).

Соғыс уақытында бастыққа қатысты күш қолдану іс-эрекеттері үшін жауаптылық ҚК-тің 469-бабы 4-тармағында белгіленген.

440-бап. Эскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу

1.Әскери қызметшілер арасында багыныштылық қатынастар болмаган кезде олардың арасындагы өзара қарым-қатынастардың жаргылың ңағидаларын жәбірленушіні урып-соғудан, денсаулыгына жеңіл зиян келтіруден немесе өзге де иүш қолданудан көрінген не оның абыройы мен қадір-қасиетін түсіруге немесе қорлауга байланысты бұзу -

2. Бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) екі немесе одан да көп адамга қатысты;

2) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арңылы адамдар тобы жасаган;

3) қару немесе арнайы құралдар қолданып;

4) денсаулыққа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіріп жасалган іс-әрекеттер –

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган не адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде эскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жэбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу арқылы сипатталады.

Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде эскери қызметшілердің арасындагы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, Бұл ережелерді бұзып осы баптың диспозициясында көрсетілген эрекеттердің біреуін істеу көрсетілген қылмыстық қү_қық бү_зушылықтың құрамын құрайды.

Бір-біріне бағынышты емес эскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастарын рет-тейтін жарғылық ережелерді бү_зу деп, бір эскери қызметшінің басқаларға қызметке байла­нысты немесе олардың ең болмағанда біреуінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде, сондай-ақ басқа да жағдайлар кезінде, бірақ эскери ұжымға көрінеу құрмет көрсетпеуге, бөлімшенің ішкі тэртібін өрескел бұзуға ұласқан ҚК-нің 440-бабының диспозициясында көрсетілген күш көрсету түсініледі. Күш қолдану - эскери қызметшіні ұрып-соғу жэне денесін ауырту, сондай-ақ масқаралау, ар-ождан мен кадір-қасиетін кемсіту, азық-түлікті,

арнайы киім бұйымдарын, сондай-ақ эскери қызметшіге берілген заттар жэне өзге де қажеттілік мүліктерін алып қою немесе айырбас жасау түрінде болуы мүмкін.

Мүліктік некелік-отбасылық жэне басқа да азаматгық қүқықтық катынастарға неме­се міндеттемелерге байланысты күш қолданушылық, әскери-қүдықтық тэртіпке қатысы жоқ жеке адамға, бөтеннің мүлкіне карсы қылмыстар жэне эскери қызметке катыссыз қылмыстық кұкьіқ бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделген ҚК-нің баптары бойын-ша сараланады.

Дәл сол әрекеттер:

Бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз, 440-бабының 2-тармағы).

1) екі немесе одан да көп адамға катысты жасалса;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-бабы).

3) қару немесе арнайы құралдар қолданып жасаса;

4) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлыктағы зиян келтірсе (ҚК-тің 106, 107-бабы), осы талданып отырылған қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (440-баптың 3-тармағы).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» каулысының 7-тармақшасына сәйкес:

ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстың бірне-ше рет жасалу белгісі бойынша, егер адам бұрын жасаған эрекеті үшін жауаптылықтан босатылмаса не ол үшін соттылығы алынбаса, не жойылмаса жэне қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі етпесе, әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін екі немесе одан да көп бұзу деп саралау қажет.

Қылмыстың жалғаспалы белгісі болмаған кезде эр түрлі уақытта белгілі бір адамға қатысты жасалған эрекеттер бірнеше рет жасалған әрекеттер деп саралауға жатады.

Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған қылмыстық кдмылдар бір ниетпен қамтылып жалғасқан болса, бірақ эр түрлі себептермен бір мезгілде жүзеге аспаса, бір уақытта, сол секілді эр мезгілде бірнеше адамдарға қатысты жасалған эрекет деп таны-лып, ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 2) тармақшасы бойынша саралауға жатады. Осы орайда соттар кінэлінің ниетінің бағытталуын, жасалған қылмыстың нақты мэн-жайын жэне оның себептерін, эр түрлі жэбірленушілерге қатысты жасалған эрекеттердің арасындағы уақыт шегінің ұзақтығын жэне т.б.зерттеуі тиіс.

Осы баптың бірінші, екінші жэне үшінші тармақтарында көзделген қылмыстық топ жасаған не адам бөліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан әрекеттерге (440-баптың 4-тармағы) талданып отырылған қылмыстың өте ауырлататын түріне жата­ды. Ауыр зардаптарға жэбірленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсы-зда кісі өлімінің болуы, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-эрекеттен қасақана кісі өлтіру болса, онда іс-эрекет Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша саралануға жатады.