Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бүзу, егер бұл абайсыз­да адамның денсаулыгына ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -

2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет-

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соңқан іс-әрекет -

Бұл қылмыстьгқ қү-қық бұзушылық қү_рамы жаңа Қылмыстық кодексте тү_ңғыш рет көрсетіліп отыр. Ғарыш қызметінің кауіпсіздік ережелерін реттейтін қатынастарды бұзу

- қылмыстың объектісі болып саналады. Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан —

Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл абай­сызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соқса

— әрекеттер арқылы сипатталады.

Қылмыстық құқық бұзушылық эрекетсіздік арқылы - ғарыш іфізметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын толық сақтамай, абайсызда бұзу арқылы керініс табады.

Қылмыстық құқық бұзушылық кұрамы материалдық, осындай эрекетсіздік салда-рынан абайсызда адамның денсаулығына ауыр емес ауырлығы орташа зиян келтірілсе, кінэлі адам 282-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Осы баптың 2-болігінде:

Абайсызда адам оліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга экеп соққан дэл сол іс-эре-кет — үшін, ал баптың 3-бөлігінде;

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да коп адамньщ өліміне экеп соққан іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықтың көтеріңкі түрі белгілен-ген.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға міндетті 16-ға толған, есі дұрыс адам.

283-бап. Радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу

1.Радиоактивті заттарды, радиоактивті ңалдықтарды немесе ядролық матери-алдарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, пайдалану, беру, қайта өңдеу, ыдырату, тозаңдату немесе көму -

2.Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материал-дарды заңсыз өткізу, сол сияқты радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымал­дау-

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга экеп соққан іс-әрекеттер -

Радиоактивті материалдарды нормативтік-кұқыктык жэне технологиялық талаптарға сай дү_рыс пайдалану қоғамға, адамзатқа зор пайда келтіруі мүмкін. Бірақ радиоак-тивті материалдармен үдыпсыз немесе қылмысты түрде жү_мыс істеу аса зор қауіпті зардаптарға экеліп соғады.

Қылмыстық қүкык бұзушылықтың тікелей объектісі — радиоактивті материалдар­мен кауіпсіз жүмыс істеуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объект-адамдардың өмірі немесе денсаулығы.

Осы қылмыстық кү-қық бұзушылықтың заты болып - тек қана радиоактивті мате-риалдар танылады. Оларға радиоактивті нэрселер, радиоактивті қалдықтар т. б. заттар жатады. Радиоактивті заттармен жү_мыс істеу тэртібі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сэуірдегі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген».

Қылмыстық кодекстің 283-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстың объектив-тік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз иеленіп алу, сақтау, тасымалдау, пайда­лану, Бұлдіру немесе көму эрекеттері арқылы сипатталады. Мү_нда көрсетілген заңсыз алуға - радиоактивті материалдарға ҚК-тің 284-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тэсілмен (сатып алу, айырбастау, сыйға алу) арқьшы қолға түсіру немесе радиоактив-тік материалдарды үшінші жаққа тегін немесе белгілі бір ақы алып беру жатады, бү_л эрекеттер заңға негізделмеген болуы қажет.

Сақтауға - көрсетілген заттарға шын мэнінде иелік етіп, қожалықта ұстау эрекеттері жатады.

Радиоактивті материалдарды пайдалануға оны максатты немесе басқадай мақсатсыз қолданып, игілікке жарату эрекеттері жатады.

Бұлдіру деп - радиоактивті материалдар сақтаған ыдыстар мен басқа да бұйымдарды қиратуды, сындыруды айтамыз.

Заңсыз тасымалдау немесе көму деп — занда белгіленген талаптарды көрінеу бұза отырып, қауіпті жағдайда радиоактивті материалдарды тасу немесе көму эрекеттерін ай­тамыз.

Қылмыстық қү_қық бұзушылық формалдық құ_рамға жатады. Қылмыс жоғарыда көрсетілген балама эрекеттердің біреуін заңсыз істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құкық бү-зушылық субъективтік жағынан тек кана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істейтінін сезеді жэне соны тілеп эрекет істейді.

Қылмыстық құкьіқ бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дү-рыс адам.

Радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактив-ті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-бөлігінде көрсетілген. Қылмыстың мақсаты - заңсыз өткізу не­месе осындай мақсатпен радиоактивті материалдармен заңсыз эрекеттер жасау.

Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану жөніндегі», сол сияқты «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңдарға жэне басқа арнаулы нормативтік-қүху>іктық актілерге қайшы іс-эрекеттер заңсыз деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 283-бабының 3-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: қылмыстық топ жасаган не абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соққан нақ сол эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Өзге ауыр зардаптарға бір-неше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, қоршаған ортаны радиоактивті уланды-ру, ірі материалдық залал келтірулер жатады.

Қылмыстық кодекстің 283-бабының 3-тармағындағы қылмыстың субъективтік жағы кінэның екі нысаны арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 22-бабын караңыз).

284-бап. Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материал-дарды жымқыру не қорқытып алу

1.Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материал-дарды жымқыру не қорңытып алу -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып не сондай куш қолдану қатерін төндіріп жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1)өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай куш қолдану қатерін төндіріп жасалган;

2) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып радиоактивті материал-дардың белгіленген айналым тэртібін реттейтін қоғамдық қатынастар, ал қосымша тіке-лей объектісі - адамның өмірі немесе меншік қатынастары болады. Осы қылмыстың затына радиоактивті материалдар жатады. Қылмыстың жэбірленушісі - радиоактивті материалдар заңды түрде өз иелігінде немесе күзетінде болған адамдар болады.

Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс радиоактивті материалдарды жымқыру не­месе қорқытып алу арқылы сипатталады.

Жымқыру деп заңға қайшы тегін, пайдакүнемдікпен радиоактивті материалдар­ды алып, оны өз пайдасына немесе үшінші жақтың пайдасына айналдыруды айтамыз. Жымқырудың тэсілі эр түрлі (жасырын, ашық, күш қолданып, алдау немесе сенімге қиянат жасау) болуы мүмкін. Қылмыстың істелу тәсілдерінің іс-эрекетті саралауға эсері болмайды.

Қорқытып алу - яғни бөтеннің радиоактивті материалдарын күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе Бұлдірумен қорқыту арқылы, сол сияқты жэбірленуші немесе оның жақындарын маскдралайтын мэліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жакьшдарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мэліметтерді жа-риялау арқылы талап етуі болып табылады.

Радиоактивті материалдарды жымқырудың қүлдылығы ерекше. Осыған орай жымқыруға байланысты пайда болған құрам - материалдық болып табылады. Қылмыс радиоактивті материалдарға талан-тараж арқылы иелік еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Осы қылмыстың басқа нысаны - қорқытып алу формальдық құрамға жа­тады. Қорқытып талап ету уақытынан бастап ол кылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жүзеге асьфылады. Қылмыстық ниет пайдакүнемдік және басқадай эр түрлі болуы мүмкін.

Қылмыстық қү_қық бұзушылықтың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 284-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын мынадай түрлері көрсетілген адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; адам өз қызмет бабын пайдаланып жасаса (мысалы инженерлер, лабо-ранттар, қоймашылар жэне т.б.); өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаса (Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-тармағының «1» тармақшасын қараңыз). Ал осы баптың үшінші бөлігінде осы құрамның төмендегідей өте ауырлататын түрлері үшін жауаптылық көзделген: өмірге немесе денсаулықка қауіпті күш қолдана отырып неме­се осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып; қылмыстық топ жасаған эрекеттер (ҚК-тің 284-бабы 3-бөлігі).

285-бап. Радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдар-мен жумыс істеу қағидаларын бузу

1.Радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролың материал-дарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау қагидаларын жене олармен жумыс істеудің басқа да қағидаларын бузу, егер буп адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соғуы мүмкін болса -