Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.Теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін иеленіп алу мақсатында күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп шабуыл жасау -

2.Бірнеше рет не қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалган дәл сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өліміне немесе өзге дө ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Теңіз царацшылыгы - ертеден белгілі жэне қауіпті қылмыстық құқық бүзушылықтардың бірі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрі үшін халықаралық құкық норма-сы да жауаптылық белгілеген. Женева конвенциясы (1953 жэне 1958 жылдары) теңіз қарақшылығымен халықаралық күрес шараларын белгілеген. Теңіз қарақшылығы ту-ралы қылмыстық қүқықтық норма Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде халықаралық құқық нормасына сәйкес орын алып отыр (ҚК-тің 271-бабы).

Теңіз карақшылығы (271-бап) күрамының диспозициясы эуе немесе су көлігі не жылжымалы темір жол составын айдап экету оны немесе сондай мақсатта басып алу (270-бап) құрамына сырттай ү_қсас.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - теңізде жүзудің халықаралық қауіпсіздігі жэне бөтеннің меншігі. Қосымша тікелей объект - адамдардың өмірі. Қылмыстық құқық бү_зушылықтың заты — бөтеннің меншігі (жүк, кеме, жанар май, отын,т.б.).

Объективтік жағының қылмыстық құқық бұзушылық теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қоркытып, шабуыл жасау эрекетімен сипатталады.

Қылмыстық қү-қық бұзушылық күрамы формальдық. Ол шабуыл жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы қылмыстық қүқық бү-зушылықтың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстық кұ_қық бұзушылықтың жасалу орны болып табы-лады. Теңіз қаракдіылығы ашық теңізде немесе көлде, не өзенде, я болмаса өзен, көл жағалауында жасалуы мүмкін.

Субъективтік жағынан қылмыстық қүқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасап, теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында қарақшылық жасай-тынын сезеді жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъективтік жағының міндетті белгісі — бөтеннің мүлкін басып алу (кеме, катер, жүктерді, жабдықтарды ақша, басқа заттарды) болып та-былады.

Қылмыстық қү_қық бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 271-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған эрекет.

Қылмыстық кодекстің 271-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық белгіленген. Олар егер теңіз қаракшылығы қылмыстық топпен жасалса (ҚК-тің 31-бабының 3-тармағын қараңыз), не абайсызда кісі өліміне не өзге ауыр зардаптарға (мысалы ауыр дене жарақатына, кеменің күйреуіне, ірі материалдық залалға) экеліп соқса. Егер теңіз қарақшылығы эрекетінен кісі өлімі орын алса, онда іс-эрекет қылмыстардың жиынтығы (99 жэне 271-баптар) бойынша сараланады.

273-бап. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дайындалып жатқан терро­ризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау - алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасын-да абыржу, тэртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кэсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мүлдай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар эбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні той-тару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мэжбүр болады. Осыған байланысты Бұл қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыстық қүқық бүзушылық адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға өзге де қауіпті зардаптардың болуы қаупін тудыратын жарылыс, өрт қою немесе өзге іс-эрекеттердің дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлау эрекеттері арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 273-бабы).

Бұл жерде хабарлау деп жоғарыда көрсетілген жалған мэліметтерді тиісті органдарға, лауазым адамдарына жеткізу туралы сөз болып отыр. Бұларға қү_қық органы немесе басқа мемлекеттік органдар, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдары жатады. Хабарламада түрғын-жай, крймаларға, көлікке немесе басқадай объектілерді жаратын немесе жандыратын кондырғылар қойылғаны туралы айтылады.

Мұндай хабарлама кайсыбір реттерде жекелеген адамдарға да жеткізілуі мүмкін. Мы­салы, өзі түрған мекен-жайға немесе мінетін көлігіне жарылғыш заттар қойылғаны тура­лы хабар алған адамдар.

Хабарлама жасаудың тэсілі сан қилы (ауызша, жазбаша, телефон арқылы) жэне т. б. болады.

Қылмыстық құқық бү_зушылық үшін жауаптылықтың басты шарты - жеткізілген хабарламалардың шындыққа сай емес, көрінеу ойдан шығарылғандығы, жалғандығы бо­лып табылады.

Қылмыстык құқық бүзушылық құрамы формальдық, сондықтан ол заңда көрсетілген органдардың немесе адамдардың көрінеу жалған хабарлама алған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.

Субъективтік жағынан қылмыстық қүқық бүзушылық тікелей қасақаналыкпен істе-леді. Адам терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді, бірақ соны тілеп эрекет жасайды. Қылмыстық ниет сан түрлі болуы мүмкін. Көп жағдайларда мұндай әрекет бұзақылық ниетпен істеледі, ал кейбір реттерде кек алу, жұмысты немесе окуды болғызбау ниетімен жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бүзушылық субъектісі - жалпы, жасы 14-ке толған кез келген азамат.

274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

1.Қогамдық тәртіпті бузу немесе азаматтардың немесе уйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қогамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру ңаупін төндіретін көрінеу жалган ақпарат тарату -

2. Мынадаи:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) буқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттың-коммуникациялық желілерді пай­далана отырып жасалган дал сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, уйымга немесе мемлекетке ірі запал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарга өкеп соққан іс-әрекеттер-

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаган;

2) төтенше жагдай кезінде немесе урыс жагдайында немесе сотые уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалган іс-әрекеттер -

Көрінеу жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауаптылық жаңа қабылданған Қылмыстық кодексте түңғыш рет көзделіп отыр. Жалған ақпараттың адам, қоғам және мемлекет мүддесі үшін қауіптілігі орасан.

Объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік жағынан қылмысты іс-эрекет қоғамдық тэртіпті бү_зу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату арқылы белсенді эрекеттермен жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы формальдық жалған ақиқатты тарату адам, қоғам, мемле­кет мүддесіне зиян келтіру қаупін төндірген сэттен аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен, ақпараттық жалған екенін біле түра таратылады.

Қылмыстық ниет сан-алуан.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) бұқаралық ақпарат қүралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дэл сол іс-эрекет үшін ауырлататын қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 274-бабының 2-бөлігінде, ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан іс-эрекеттер үшш аса ауырлататын қылмыстық құқық бү_зушылық үшін жауаптылық ҚК-тің 274-бабының 3-бөлігінде көрсетілген. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) төтенше жағдай кезінде немесе ү_рыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жа­рия іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-эрекеттер — қылмыстық құқық бұзушылық құ_рамының ерекше ауыр түрі болып саналып, ол үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 274-бабының 4-бөлігінде қарастырылған.

Қылмыс субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс адам.

275-бап. Жаппай қырып-жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезін де пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз эксперты

Жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткізу қуралдарын, қару-жарақты және әскери тех­никаны жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін жене оларға қатысты арнайы экспорттық бақылау орнатылган технологиялардың, гылыми-техникалық ақпараттың жене көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты -

Жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткізу құ-ралдарын, қару-жарақты және эскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін жэне оларға қатысты арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты - (275-баптың 1-бөлігі) үшін қылмыстық кұ-қық бұзушылық үшін жауаптылық көрсетілген.

Қылмыстық кұқық бұзушылыктың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметіндегі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерінің орындалуын реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық қүдық бұзушьшықтың заты жаппай зақымдау қаруын, кару-жарақ жэне эскери техника жасау үшін қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат жэне қызмет көрсетулер болып табылады. Технологиялық құжаттандыруды, сондай-ақ технологиялық циклдарды жандандыруға мүмкіндік беретін жабдықтарды технология деп айтамыз.

Қызмет көрсетулерге - шетелдік эріптестерге ұйымдастырушылық, ғылыми-техникалық, өндірістік-технология жөнінен жэне басқадай тұрғыда әр түрлі көмектер берулер жатады.

Қылмыстық құ-кьіқ бұзушылық объективтік жағынан эрекет арқылы заңсыз экс-порттау жолымен жүзеге асырылады.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың жауаптылығы заң тыйым салған заттарды экспорттык бақылаусыз шетелге шығарғаны үшін туындайды. Экспорттық бақылаусыз шетелге шығарылуға тыйым салынған технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпаратты жэне қызметтердің, сондай-ақ жаппай зақымдау қаруларының, қару-жарақ жэне эскери техниканың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы белгіленеді.

Қылмыстық қүдық бұзушылық кү_рамы формальдық. Сондықтан да қылмыс жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, эскери техника жасауда пайдаланылатын технологиялық, ғылыми-техникалық акдаратты жөнелткен немесе шетелде нақты бір і?ызметті көрсеткен уақыттан бастап аякталған деп танылады. Қылмыстық қү_қық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен істе-леді. Кінэлі адам жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ, эскери техника жасау кезінде пайдаланылатын арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық акпаратты жэне қызметтерді заңсыз экспорттауды жүзеге асырып отырғанын сезеді, біледі жэне соны заңсыз түрде жүзеге асыруды тілейді.

Осы қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - тиісті бағдарлама өзіне лауазымдық жағдайы немесе сарапшылық қызметі бойынша мэлім болған, жасы 16-ға толғандар бо-лып танылады.

276-бап. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу

1. Атом энергиясы пайдаланатын объектілерді орналастыру, жобалау, сапу, пайдалануга беру, пайдалану, жөндеу, пайдаланудан алып тастау кезінде, сол сияқты ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен неме­се иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қагидаларын бұзу, егер бұл іс-өрекет абайсызда адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -