Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.Азаматтың паспортын, жеке басының куәлігін немесе басқа да жеке басының құжатын заңсыз альт кою -

2. Азаматтың паспортын, жеке басының куәлігін немесе оның баска да жеке басының құжатын жымқыру -

3.Ресми құжаттарды, мертабандарды немесе мөрлерді пайдакүнемдік немесе жеке бастың взге де мүддесіне орай жасалган жымңыру, жою, Бұлдіру немесе жасыру –

Азаматтың паспортын, жеке басының куэлігін немесе басқа да жеке басының қүжатын заңсыз алып қою осы қылмыстың негізгі құрамын күрайды (ҚК-тің 384-бабы 1-тармағы)

Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі — ресми құжаттардың айналым тэртібіне қол сұғу.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты азаматтьщ төлқүжат, жеке басының куэлігі немесе жеке басының басқа маңызды құжаттары (эскери билет, білімі жөніндегі куэлік, зейнетақы куэлігі, қызметтік куэлік т.с.с. 384-баптың 1 жэне 2-тармағы), ресми кұжаттар, мөртаңбалар, мөрлер (384-баптың 3-тармағы).

Қылмыстық кодекстің 384-бабының 1-тармағында азаматтың төлқұжатын, жеке басының куэлігін немесе жеке басының басқа маңызды құжаттарын жымқырғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан алғанда көрсетілген құжаттарды азаматтардан жымқыру арқылы жүзеге асырылады. Жымқыру деп көрсетілген құжаттарды кез келген құқыкда қайшы тэсілмен заңсыз алуды айтамыз. Қылмыс құрамы жөнінен формальдық қүрамға жатады. Ол қүжаттарды жымқырғаны уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 384-бабының 3-тармағында пайдакүнемдік мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесі үшін ресми құжаттарды, мөртаңбаларды немесе мөрлерді жымқыру, жою, Бұлдіру немесе жасыру үшін жауаптылық белгіленген.

Бұл жерде көрсетілген ресми қүжаттарға мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардан, кэсіпорындардан, жеке түлғалардан шыққан зандылық мэні бар эр түрлі құжаттар жатады. Яғни Қылмыстық кодекстің 384-бабының 2-тармағының затына кез келген ресми құжаттар жатады.

Қылмыстың затына ресми құжаттармен қатар мөртаңба, мер де жатады.

Мөртаңба - мекеме, үйым, кэсінорынның, жеке түлғалардың атауларын, түрғылықты жерлерін немесе басқа да реквизиттерін көрсететін зат. Мөртаңба тікбұрышты, төртбүрышты, үшбү-рышты болуы мүмкін. Мөртаңбаларда қүжаттың берілу уақыты, но­мер! көрсетіледі.

Мөр - кәсіпорын, ү_йым, мекеменің атауы жэне басқадай реквизиттер бейнеленген зат (мысалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы), мер эдетте дөңгелек күйде дайындалады жэне күжатты куэландыратын адамның қолының жанына басылады.

Көрсетілген кьілмыс құрамы (384-баптың 3-тармағы) объективтік жағынан мынадай әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады: а) ресми кұжаттарды, мөртаңбаларды не­месе мөрлерді жымқыру; б) заттарды жою; в) оларды Бұлдіру, немесе г) жасыру.

Көрсетілген заттарды жымқыру деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес меке­ме, кэсіпорын, ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды кез келген құкыққа қарсы тәсілмен алу болып табылады. Осы заттарды жою деп оны жарамсыз етіп тастау немесе мүлдем жоқ қылып жіберуді айтамыз. Оның тэсілі эр түрлі болуы мүмкін: өртеу, үхақтап жыртып тастау, затқа ерітінді қүйып жарамсыз ету жэне т.б.

Көрсетілген заттарды Бұлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету болып табылады. Мыса­лы, жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломның бір шетін жыртып немесе мөрі бар жерін былғап, жазуын оқуды қиындату.

Жасыру - деп кінэлі адамның мемлекеттік немесе мемлекеттік емес үйымдардағы, кэсіпорын, мекемелердегі лауазымды адамдардан олардың иелігіндегі осы айтылған рес­ми қүжаттарды, мөртаңбаларды немесе мөрлерді оларға көрсетпеу эрекеттері саналады.

Қылмыстық құқық бүзушылықтын объективтік жағының осы көрсетілген эрекеттері-нің бірі жасалған жағдайда кьілмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс формальдық қүрамға жатады.

Қылмыстық құқык бұзушылық субъективтік жағынан алғанда тек қана тікелей қасақанальщпен жасалады. Өйткені заңның өзінде көрсетілген заттарды ұрлау, жою, Бұлдіру немесе жасыру пайдакорлықпен немесе басқа да өз басының мүддесін көздеп жасалады деп тікелей көрсетіліп отыр. Осыған байланысты кінэлі адам осы қылмысты қасақаналықпен істегенде белгілі бір мақсатты бетке ұстайды немесе соны басшылыққа алады. Мысалы, айыпкер өзінің қылмысын әшкерелейтін күжатты жойып жіберу арқылы қылмысты жауаптылықтан қүлылады немесе дипломды ү_рлап алып, сол арқылы жоғары ақы төлейтін қызметке тұрады. Егер кінэлі адамның іс-әрекетінде пайдақорлық неме­се басқа да өз басының мүддесін көздейтін жағдайлар болмаса, онда оны 384-баптың 2-тармағымен жауапқа тартуға негіз жоқ.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс саралау үшін кінәлінің қылмысты істеу ниетінің бағытын анықтаудың маңызы ерекше. Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін ұрлау-мен бірге оның жеке қүжаттарын да үрласа, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің тіке-лей бағытына сэйкес мүлікті ұрлағаны (ҚК-тің 188-бабы) үшін жауаптылықты көздейтін баппен ғана сараланады. Сондай-ақ дэл осындай жағдайда бөтеннің мүлкінің орнына басқа бір ресми қүжатты, мөрді немесе мөртаңбаны ұрлап қолға түссе, онда кінэлінің эрекеті бөтеннің мүлкін үрлауға оқталғандық ретінде сараланады. Егер кінэлі ресми қүжат, мер немесе мөртаңба үрлаймын деп оның орнына бөтеннің мүлкін ұрласа, онда оның эрекеті осы заттарды (ресми қүжаттарды, мөрлерді немесе мөртаңбаларды) ұрлауға оқталғандық деп танылады.

Егер кінэлінің қылмыстық қүқық бүзушылық ниеті нақтыланбаған болса, онда жоғарыда көрсетілген іс-эрекеттерді істеген жағдайда ол қылмыстың жиынтығы бойын-ша бөтеннің мүлкін жэне ресми қүжаттарды, мөрлерді немесе мөртаңбаларды үрлағаны үшін қылмыстық қүқық бүзушылық үшін жауапқа тартылады.

Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылады.

385-бап. Жалған қужаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта телемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

1. Қуқыңтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де рес­ми қужатты қолдан жасау не мұндай қужатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалган мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, Қазаңстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу -