Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§2. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі

Заңға сэйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта кінэлінің бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына қүқыққа қарсы өтеусіз алып қоюдың жэне (немесе) жэне айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 3-бабының 17-тармағында арнайы көрсетілген.

Осы анықтамаға сэйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.

Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақгы нысандары, мемлекеттік, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады.

Талан-тараждың заты болып адам еңбегі арқылы істелген материалдық түрғыдағы бү_йымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жа-тады.

Талан-тараждың затына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған эр түрлі табиғи байлықтар жатпайды.

Талан-тараждың объективтік жағының белгілеріне: 1) мүлікті алу, 2) мүлікті заңсыз алу, 3) мүлікті тегін алу жатады.

Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен шын мэнінде кінэлінің өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның құқыққа қарсы істелуі, яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды қү_қығын өз бетінше жүзеге асыру талан-таражға емес, өз бетінше билік ету (389-бап) немесе басқа қылмыстық құқық бұзушылық қү_рамын құрайды.

Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай қүнын телемей алу немесе болмашы күлын төлеу арқылы, қү_ны бағалы мүлікті эдейі қүлсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы — меншік иесіне немесе өзге де занды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс қүрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген залалдың мөлшері талан-таражға үліыраған мүліктің, заттың қүнымен есептелінеді.

Қылмыстық кодекстің 187-бабында ұсак-түйек жымқыру туралы түсінік берілген.

Меншік қүқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін үрлау, алаяқтық жасау, иемденіп алу немесе талан-таражға салу жолымен жасалған үсақ-түйек жымқыру қылмыстық қүқық бү_зушылық үшін жауаптылыққа әкеп соғады. (187-баптың 1-бөлігі). Ал осы баптың 2-бөлігінде бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру үшін көтеріңкі түрдегі қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Оны жасауға кінәлі адам заңға сэйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылады.

Талан-тараждың міндетті белгілерінің бірі - негізінен заңға қайшы іс-эрекетімен кел-тірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс болып табылады.

Талан-тараждың субъективтік жағы кінәлінің тікелей қасақаналык нысанымен сипат-талады.

Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет жэне пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен максаттың орын алмауы — іс-эрекетті талан-та-ражды қылмыстық қү_қық бұзушылық қү_рамына жатқызуға жол бермейді.

Талан-тараждың субъектісі — 14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-таражга салудың субъектісі болып 16-ға толған арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленген, ысырап еткен) адам танылады.

Қылмыстық занда бөтеннің меншігіне қылмыстық құқық бұзушылықпен қол сүғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына қол сұғу тэсілдеріне байланысты дараланып, жікке - нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш қолданып неме-се күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тэсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тэсілдері істелген іс-эрекеттің қоғамға қауіптілігіне тікелей эсер етеді, сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда жымқырудың мынадай алты түрлі нысандарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.

Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының эрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас қүрамдардан ажыратылады. Сондықтан да жымқырудың әрбір нысанына жататын қылмыс қү_рамының заңдылық белгілерін дүрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.