Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, пикет, өзге де заңды көпшілік іс-шара ұйымдастыруга немесе өткізуге немесе оларга қатысуға заңсыз кедерәі жасау не оларға қатысуга мәжбүрлеу -

2. Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган не күш қолданып немесе оны қолдану ңатерін төндіріп жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының Конституциясының 32-бабында көрсетілген азаматтардың бейбіт эрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тү_ру құқығы. Қылмыстық қүқық бү.зушылықтың факультативтік тікелей объектісі жэбірленушілердің өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті.

Қылмыстық қүдық бұзушылық объективтік жағынан жиналыс, митинг, демонстра-ция, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мэжбүрлеу, егер бұл әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдала-нып не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен жасауы арқылы сипат-талады.

Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергіні лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалану арқылы жүзеге асырады. Мысалы, заңды рұқсат алынған митингіні, шеруді, пикетті өткізуге тыйым салу.

Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға мэжбүрлеуге күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып эр түрлі тэсілдерді пайдаланған эрекеттер жатады. Жеке адамдар тарапынан да осындай қорқытулар орын алуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылық қү_рамы формальдық жэне ол баптың диспозициясын-да көрсетілген кез келген эрекеттердің біреуін істеген сэттен бастап аяқталған деп та-нылады. Жиналыс, митинг, демонстрация, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасалса ғана кылмыс құрамы орын алады. Мұндай эрекеттерді заңсыз жүзеге асырғанда оларға кедергі келтіру заңға сыйымды, қоғамға пайдалы іс-эрекет деп саналады.

Жиналыс, митинг, шеру өткізу, пикет жасаудың тэртібі арнаулы қүқықтық-нормативтік актімен реттеледі.

Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты - жиналыс, митинг, демонстрация, шеру өткізуді, пикет жасауды заңсыз тоқтату, болдырмау немесе осындай эрекеттерге заңсыз қатысуға мэжбүрлеу болып табылады.

Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған дэл сол іс-эрекеттер (ҚК-тің 155-бап, 2-бөлігі) осы қылмыс құрамыныі ауырлататын түрі болып табылады.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың субъектісі қылмыстың істелу тэсіліне қарай - жай немесе лауазымды адам болады.

157-бап. Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

1. Ереуілге қатысуга немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуга мәжбүрлеу -

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган не күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық қүқық бүзушылықтың кодекстегі Бұл бап мүлдем жаңа норма болып табылады. Қылмыстық қүдық бұзушылықтың тікелей объектісі заңмен белгіленген азаматтардың ереуілге қатысу немесе қатысудан бас тарту қү_қығы.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі азаматтардың өмірі, денсаулығы, адамгершілігі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жәбірленушісі - ереуілге мэжбүрлеу арқылы қатысқан немесе соған қатысудан бас тартқан адам.

Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жағынан адамның басқа біреуді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мэжбүрлеу немесе өз қызмет бабын пай-даланып не күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асырылады (ҚК-тің 157-бабы 2-бөлігіне).

Қылмыстық құқық бүзушылықтың істелу тэсілі - күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартқызуға мэжбүрлеу болып табылады. Мәжбүрлеудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 155-бабында толық беріледі. Мүлдай мэжбүрлеу лауазым адамы немесе жай адамдардың тарапынан орын алуы мүмкін. Ереуіл өткізу арнаулы нормативтік-құқықтық актімен реттеледі. Яғни Қылмыстық кодекстің 157-бабы бланкеттік диспозицияға негізделген. Қылмыстық құқық бүзушылық формальдық құрамға жатады және ол заңның диспозициясында көрсетілген эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық қүдық бүзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық қүдық бұзушылықтың мақсаты - заңсыз ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мэжбүрлеу.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған жай немесе арнаулы субъект (лауазымды адам).

154-бап. Жумыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау

Жүмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып кедергі жасауы, сол сияқты олардың заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган, олардың қуқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бүзуга әкеп соққан араласуы -

Қылмыстық кодекске бү_л бап алғаш рет 2007 жылғы 15 мамырда енгізілді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі заңмен белгіленген қызметкерлер өкілдіктерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объект — қызметкерлердің ар-намысы, адамгершілігі.

Қылмыстық құкық бүзушылық объективтік жағының қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамнан қызмет бабын пайдаланып, кедергі келтіруі, сол сияқты олардың қүқықтары мен заңцы мүдделерін елеулі түрде бүзуға экеп соққан лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып заңды қызметіне араласуы арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыскерлер өкілдігі заңмен, нормативтік-құқықтық заңнамалармен белгіленеді, оларды жүзеге асыруға лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі немесе олардың занды кызметіне негізсіз араласуы, нэтижесінде лауазым адамының осындай теріс іс-әрекетінен жұмыскер мүддесіне елеулі зиян келтірілсе іс-эрекет ҚК-тің 154-бабында көрсетілген қылмыстық құкық бұзушылық қүрамына жатады.

Қылмыстык күдық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстық кұкық бұзушылык ниет әртүрлі (пайдакүнемдік, жек көрушілік, күншілдік т.б.) болады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - арнаулы қызмет бабын пайдаланған лау-азымды түлға. Лауазымды тұлғаның түсінігі ҚК-тің 3-бабының 26-тармағында берілген.

3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық қүкыктары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

152-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бузу

1. Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоңтату не соттың жұмысқа қайта орна-ластыру туралы шешімін орындамау, сол сияқты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын азаматтың қүқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан өзге де бұзу

2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тар-ту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмагандыгы себебі бойын-ша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату -

3.Басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдала-нуына байланысты жалақының толың көлемде және белгіленген мерзімде төленуін бір-неше рет кідіртуі-

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сэйкес Республика азаматының еңбек ету бостандығына, қызмет пен кэсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар, сол эрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне жэне арнаулы даярлығына сэйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды. Еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беріледі. Сондай-ақ осы бапта көрсетілгеніндей Республика азаматының қауіпсіздік жэне тазалық талаптарына сай ке-летін еңбек жағдайына, сондай-ақ жұмыссыздықтан элеуметтік қорғалуға құқы бар. Кон-ституцияда бекітілген осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қылмыстык заңның атқаратын маңызы бар. Қылмыстық заң Қазакстан Республикасындағы «Еңбек туралы» 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған заңды жэне еңбек қорғау ережелерін бұзғандық үшін арнау-лы баптар бойынша жауаптылық белгілеген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жү-мыскерді жеке пиғылмен жүмыстан заңыз босату, соттың жү_мысты қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне экеп соққан еңбек туралы заңдарды өзге де бүзу үшін жауаптылық көзделген (152-баптың 1-тармағы).

Қылмыстық қүқық бұзушылыктың объектісі болып азаматтардың еңбек қүқығын бүзу болып табылады. Объективтік жағынан алғанда еңбек жөніндегі заңды бүзу эрекет немесе эрекетсіздік арқылы жасалады. Қылмыстық қү_қық бұзушылықтың кодекстің осы 152-бабында еңбек туралы зандарды елеулі бұзудың мынадай үлгі тізбегін көрсетіп отыр:

1. Жү-мыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату. Заңда көрсетілген негіздерден тысқары жағдайда қызметкерді жү_мыстан шығару заңсыз болып табылады. Егер лауазымды адам заңсыз, жүмыстан шығаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниеті-мен өзін сынағаны үшін кекшілдікпен, өзара үрыс-керістің салдарынан, босаған жүмыс орнына өз танысын немесе туысын орналастыру мақсатын көздеп, адамды жүмыстан шығарса қылмысты жауаптылыққа тартылады.

2. Жүмысты қайта қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамауы. Яғни кінэлі адам қылмысты түрде эрекетсіздік жасап, соггың қайтадан жұмысқа алу туралы занды күшіне енген шешімін орындамайды. Бұл жерде қылмыстық қүқық бүзушылық екі бір-дей объектіге: еңбек құқына және эділсоттылық мүддесіне қол сүғады.

3. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын өзге де бұзу деп еңбекке дүрыс ақы төлемеуді, жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сақтамау, демалыс беруден бас тарту, жүмысқа алудан негізсіз бас тарту, жекелеген қызметкерге заңды белгіленген жеңілдіктерді қолданудан бас тарту, тағы осы сияқты эрекеттер жатады.

Жоғарыда көрсетілген еңбек туралы зандарды бұзу - қызметкерді жеке пиғылмен жүмыстан заңсыз босату; жүмысты қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамау; еңбек туралы заңды өзге де бүзу эрекеттері мен әрекетсіздігінен азаматтардың қүқықтары мен завды мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі қажет. Елеулі зиян болғанда ғана іс-эрекет қылмыстық құқық бұзушылык қатарына жатады. Елеулі зиянның мөлшерін сот-тергеу органдары нақты жағдайларға карап отырып анықтайды. Әдетте елеулі зиянға - адамның елеулі мөлшерде материалдық, моральдық зардап шегуі, ұзақ уақыт, негізсіз жүмыссыз қалуы, денсаулығына зиян келтірілуі т.с.с. жатады.

Қылмыстық қүқық бұзушылық қүрамы материалдық. Еңбек туралы заңдарды бүзу нэтижесінен заңда белгіленген зардап орын алғанда ғана қылмыс аяқталған деп табы-лады. Субъективтік жағынан Бұл қылмыс қасақаналықпен жасалады. Кінэлі адам өзінің әрекетімен еңбек жөніндегі заңды өрескел бүзғанын сезеді жэне осыны тілеп істейді. Бұл жерде қылмыстық ниет эр түрлі (мысалы, сынағаны үшін кектену, осы орынға өзіне қажетті адамды орналастыру т.б.) болуы мүмкін. Қылмыстық құқық бүзушылық субъек-тісі болып тек қана мемлекеттік немесе мемлекеттік емес аппаратқа жүмысқа алу немесе жүмыстан шығару қү_кы бар лауазымды адамдар танылады.

Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасаудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі баласы бар эйелді нақ сол себеппен жүмысқа кабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жүмыстан босату, сондай-ақ мүгедек адамды оның мүгедектігі үшін кэмелетке толмағанды оның кэмелетке толмағандығы себепті жүмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе негізсіз жу_мыстан босату - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (152-баптың 2-тармағы). Бұл жерде қылмыстың жэбірленушісі - жүкті эйел немесе үш жасқа дейінгі баласы бар эйел немесе мүгедектермен кэмелетке толмағандар болады.

Объективтік жағынан кылмыстык құкық бұзушылық занда көрсетілген адамдарды: 1) жріысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту; 2) немесе негізсіз жұмыстан босату арқылы көрініс табады. Қылмыстық құқық бұзушылық осы эрекеттердің біреуін жасаған сэттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс кұрамы формальдық. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам екіқабат немесе үш жасқа дейінгі баласы бар эйелді, мүгедек адамды кэмелетке толмағандарды негізсіз жұмысқа алудан бас тартады немесе осы адамдарды негізсіз жұмыстан босата-тынын сезеді жэне соны жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылық ниет - мұндай адамдарға заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды бергісі келмеу т.б. жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы — жұмысқа алу немесе одан босатуға кұқығы бар лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).

Қылмыстық құқық бұзушылықтың кодекстің 152-бабының 3-тармағында басқару қызметін атқарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланы-сты жалақының толық көлемінде жэне белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідір-туі үшін жауаптылық белгіленген. Ақша қаражатын өз мақсатына пайдалануына байла-нысты заңда белгіленген мерзімнен екі немесе одан көп рет жалақыны беруді себепсіз кідіртуді бірнеше кідірту деп айтамыз. Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі басқару қызметін атқаратын лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).

156-бап. Еңбекті қорғау қағидаларын бузу

1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қоргаудың өзге де қагидаларын осы қагидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаган, абайсызда денсаулыққа ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқңан бұзуы -

2. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соңқан дәл сол іс-әрекет -белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет-

4.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соңңан іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылыктың кодекстің 156-бабында еңбекті қорғау ережелерін бұзғандық үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстык кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - еңбектің қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі жэбірленушінің өмірі, денсаулығы.

Қылмыстық кодекстің 156-бабындағы норма бланкеттік диспозицияға негізделген.

Еңбекті қорғау Ережесі сан қилы және эр түрлі. Сондықтан Т^ілмыстық құқық бұзушылықтың кодекстің бір бабында еңбекті қорғауға байланысты қолданылып жүрген барлық Ережелерді тізбектеп жату қиын. Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау туралы арнаулы заңы 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған, осы заң қызметкерлердің еңбегін қорғау құқығын камтамасыз етуге бағытталған; өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті жэне зиянды өндірістік факторлар-ды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын бел-гілейді жэне меншік түріне карамастан еңбекті қорғау жөнінде шаруашылық қызметі мен кэсіпорындардың барлық түрін қамтиды.

Объективтік жағынан алғанда сөз болып отырған қылмыстық құқық бұзушылық қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін, осы ережелерді сактауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге әкеп соғу арқылы көрініс табады.

Көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық эрекет күйінде, яғни еңбекті қорғау, тех-ника қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерін бұзу арқылы немесе эрекетсіздік күйде, яғни еңбекті қорғаудың өзге де ережелерінің талаптарын орындамау жағдайында жасалуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл құрамы материалдық қүрамдағы қылмыс болып табылады. Сондықтан Қылмыстық құқық бұзушылықтың кодекстің 156-бабы бойынша жауаптылыққа тарту үшін еңбекті қорғау ережелерін анықтаумен бірге орын алған ережені бұзудың себепті жэне кінэлі байланысынан болған зардапты анықтау өте қажет.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың тэсілдері эр түрлі, ол заңда (156-баптың 1-тармағында) нақты көрсетілген.

Қылмыстың зардабы - денсаулывда абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіргендік үшін жауаптылық ҚК-тің осы баптың 2-бөлігінде көзделген. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 106, 107-баптарында берілген. Субъективтік жағынан қылмыс кінэнің абайсыздық нысаны (менмендік неме-се немқұрайдылық) аріфілы істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы - еңбекті қорғау ережелерін сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген 16-ғатолған адам. Осы баптың 3-тармағында (156-бап) осы қылмыстың ауыр-лататын түрі - еңбекті корғау ережелерін бұзудан абайсызда адам өліміне экеп соққан эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Осы баптың 1-бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне экеп соқса, жауаптылық ҚК-тің 150-бабы, 4-бөлігі бойынша белгілеу. Абайсызда адам өлімінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген.

153-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңна-масын бұзу

1. Жумыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын он сегіз жасқа толмаган жүмыскерлердің еңбегін ңолдануга тыйым салынган жумыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде бузуы -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын апа сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) екі немесе одан да көп адамга қатысты;

4) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;

5) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаган адамга қатысты жасалган дәл сол іс-әрекет -

1.Жүмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынған жүмыстарға кэмелетке толмағандарды тарту бөлігінде бұзуы (ҚК-тің 153-бабы).

Қылмыстың объектісі еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, қосымша тікелей объект кәмелетке толмағандардың өмірі денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс эрекеттері арқылы тиым салыған жұмыстарға кэмелетке толмағандарды тарту арқылы істеледі. Қылмыстың ниет эртүрлі: тегін жұмыс істету, акы аз төлеу, өз мүддесін тез қамту т.б.

Қылмыс субъектісі — жұмыс беруші немесе лауазымды адам. Лауазымды адамның түсінігі ҚК-тің 3-бабында көрсетілген. Ал жұ_мыс берушіге келген 16-ға толған есі дұрыс адам жатады. ҚК-тің кодекстің 153-бабының 2-бөлігінде.

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

4) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;

5) кінэлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дэрменсіз күйде екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дэл сол іс-әрекет үшін қылмыстың ауырлататын түрі үшін жауаптылық көрсетілген.

4. Жеке қүқықтар мен бостандыктарға қарсы қылмыстық құқық бүзушылықтар

147-бап. Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын қурайтын, жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру -

2. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың қуқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет ба-бын немесе ақпаратты жасырын алуға арналган арнайы техникалық құралдарды пай-далана отырып жасаған не электрондық ақпараттық ресурстарга, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзі немесе басқа адамдар немесе уйымдар үшін пайда мен артықшылықтар any мақсатында жасалган іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін шыгармада, буқаралық аңпарат құралдарында немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып тарату-

Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 1-тармағында «Әркімнің жеке өміріне, өзінің жэне отбасының қүлиясына қол сүғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына қүқығы бар», - делінген. Жеке өмірге қол сүғушылықты бұзу қылмыстық құқық бүзушылық болып табылады. Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылықты реттейтін қоғамдық қатынастар, қылмыстың жэбірленушісі — жеке өміріне қол сүғылған адамдар.

Қылмыстық құқық бүзушылыктың заты — жеке адамдар туралы немесе оның отбасы туралы эр түрлі мэліметтері (адамның денсаулығы, өмір сүру салты, дінге көзқарасы, жеке творчестволық жоспары, баска адамдармен қарым-қатынасы т.с.с).

Қылмыстық құқық бүзушылык объективтік жағынан адамның жеке өмірі туралы, оның жеке немесе отбасы қүпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жи-нау немесе тарату, егер осы эрекеггер жэбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Адамның жеке өмірі, оның отбасы туралы құпиясын құрайтын мағлұматтарды жинауды заңсыз мәліметтер жинау деп айтамыз. Осы жиналған мэліметтерді үшінші жавда хабарлауды оны тарату деп бағалаймыз. Мүндяй ха-барлау басқа жолдармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы эрекеттерден жэбірленушінің қрс;ықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілуі қажет. Келтірілген зиян мөлшері мүліктік немесе моральдық немесе басқа тұрғыда (отбасындағы келеңсіз жағдайлардың пайда болуы, жүмысқа орналаса алмау, т.с.с.) болуы мүмкін. Зиян мөлшерін нақты жағдайға байланысты тергеу, сот органдары анықтайды. Қылмыстық қу_қық бүзушылық заңда көрсетілген зардап — жэбірленушінің ісұқықтары мен заңды мүдделеріне зиян кел-тірілген сэттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан Бұл қылмыстық кұкьіқ бұзушылық тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық ниет - пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделік.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Дербес деректерді қорғау женіндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер Бұл іс-эрекет адамдардың қү_қықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, (147-бап, 2-бөлігі) осы қылмыстың ауырлататын түріне, ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық қү_ралдарды пай-далана отырып жасаған не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе ақпараттык-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз үстап қалу арқылы не өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың бірін-ші бөлігінде көрсетілген мэліметтерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін шығармада, бұқаралык ақпарат құралдарында немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып тарату - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (147-баптың 3-тармағы). Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жеке өміріне байланысты қүлияларды таратуы немесе пайдакүнемдікпен басқаға өткізуі мүмкін. Аталған мэліметтерді көпшілік алдын-да (жиылыстарда, жиындарда) сөйлеген сөздер, көпшілікке көрсетілетін шығармаларда (сурет, бейнефильм, жазба шығарма) немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, теледидар т.б.) арқылы таратылса кінәлі адам 147-баптың осы тармағы бойынша жауапқа тартылады.

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу