Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Есірткі, психотроптық немесе улы заттарды жымқыруга не өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан дел сол іс-әрекет -

Осы қылмыстық кұкьщ бұзушылықтың тікелей объектісі жэне заты Қылмыстық кодекстің 297-бабындағы қылмыстық құқық бұзушылык құрамына ұқсас.

Объективтік жағынан көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы есірткі заттарды, психотроптық немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, экелу, экету және жөнелту не жою ережелерін бұзу арқылы сипат-талады. Қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік. Көрсетілген ережелерді бұзуды анықтау үшін Қазақстан Республикасының «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар жэне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары ту-ралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына, Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 «Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құралдар жэне прекурсорлар туралы» каулысын, басқа да арнаулы нормативтік-құкьіқтык актілерді, Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы нұсқауларын басшылыққа алу қажет. Қылмыстық кодекстің 265-бабының 1-тармағымен жауапка тарту үшін көрсетілген заттармен айналысу ере-жесін бұзу фактісі жеткілікті болып табылады. Қажет болған жағдайда ережені бұзу фактісін анықтау сараптама жасау арқылы айқындалады. Қылмыстық кұқық бүзушылық құрамы формальдық, заңда көрсетілген заттармен айналысу ережесін бұзған уақыттан бастап кьшмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп саналады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналыкден (тікелей неме­се жанама) істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - өздеріне ұқсас жұмыс немесе қызмет бабы бойынша тиісті ережелерді сақтау міндеті жүктелген лауазымды немесе лауазымды емес адамдар болып табылады.

Лауазымды адам есірткі, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзумен бірге қызмет мүддесіне қарсы қылмыс жасаса (пара алу, қызмет өкілдігін теріс пайдала-ну, заңсыз сыйлық алу т.б.), онда оның эрекеті Қылмыстық кодекстің 265-бабымен жэне лауазымдық қылмыстары үшін басқа баптардың жиынтығы бойынша сараланады.

Қылмыстық кодекстің 303-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстың ауыр түрі: есірткі заттардың, психотроптық немесе улы заттардың жымқыруға түсуі не өзге де ауыр зардаптарга экеп соққан эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Жымқырудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 17-тармағында берілген. Есірткіні, психотроптық жэне улы заттарды қолдану тэртібін бұзу жымқыру мақсатымен жасалса немесе жымқыруға ұласатын болса, онда кінэлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 303-бабының 2-тармағы жэне 298-баптың осыған сәйкес бөлігінің жиынтығымен сара-ланады.

Қылмыстық кодекстің 3 04-бабының 2-тармағы бойынша ауыр зардаптарға адамдардың дертке ұшырауы, ғимараттардың, қоршаған ортаның ластануы, жұмыстың тоқтауы неме-се өндірістік циклдың бұзылуы жатады. Абайсызда адам өліміне экеліп соққан неме-се адам өміріне ауыр зиян келтірумен ұштасқан эрекеттер Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша саралануға жатады.

304-бап. Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бузу