Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§1. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне карсы қылмыстық күқык бұзушылыктарлын жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың денсаулығына жэне имандылыққа қарсы қылмыстық кұкық бұзушылықтар жеке тарау болып бірге беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты қызмет атқаруы үшін халыктың денсаулығының, имандылық қасиеттерінің кү-қықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық қүқық) арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи жэне мэдени мүраларды, имандылық нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мэн берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау — эркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып, қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, психотроптық заттарды заңсыз айналымға айналдыру, имандылыққа жат іс-эрекеттермен шүғылдану сияқты қылмыстық кұқық бүзушылықтардың етек алуы алаңдатушылық туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына жэне имандылығына қарсы қылмыстық қүқық бүзушылықтармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы түрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.

Тікелей объектісіне байланысты Бұл тарауда көрсетілген қылмыстық қүкық бүзушылықтар негізінен екі түрлі топқа: 1) халықтың денсаулығына жэне 2) адамгер-шілікке қарсы қылмыстық кү_қық бү_зушылықтар болып бөлінеді.

Халықтың денсаулығына карсы қылмыстарга: есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жүмыс істеу (296-бап), есірт-кі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымал-дау, жөнелту немесе сату (297-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды жымқыру не қорқытып алу (298-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптык заттарды түтынуға көндіру (299-бап). Қү_рамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (300-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды түлыну үшін при-тондар үйымдастыру немесе үстау (302-бап). Есірткі заттарды, психотроптық эсер ететін немесе улы заттарды үстау ережелерін бүзу (303-бап). Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бүзу (304-бап). Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мэн-жайлар туралы акдаратты жасыру (305-бап). Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жүмыс орындау не қызмет көрсету (306-бап) жатады.

Имандылықкд қарсы қылмыстар: заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (307-бап). Жезөкшелікпен айналысуға тарту (308-бап). Жезөкшелікпен айналысуға арналған при-тондар үйымдастыру немесе үхтау жэне жеңгетайлық (309-бап). Дэрілік немесе басқа қүралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар үйымдастыру немесе ұстау (310-бап). Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (311-бап). Кәмелетке толмағандардың порнографиялар бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау жэне айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шарала-рына қатысу үшін тарту (312-бап). Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттай-тын туындыларды заңсыз тарату (313-бап). Өлгендердің мэйіттерін жэне олар жерленген жерлерді қорлау (314-бап). Адам мэйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (315-бап). Жануарларға катыгездік жасау (316-бап) жатады.