Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§1. Экономикалык қызмет саласындағы қылмыстық құқық бүзушылықтардың жалпы сипаттамасы

Қылмыстық кодекстің 8-тарауы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың» арналған.

Осы тарауға енген қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі — экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстық құкық бұзушылыктардың барлығы дерлік экономикалық кызметтің эр түрлі саласында көрініс табады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі — экономикалық қызмет сала-сын реттейтін нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы қосымша тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.

Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгісі — оның заты болып табылады. Мысалы: жалған ақша немесе бағалы қағаз (231-бап); тауарлық белгі (222-бап); осы топқа жататын қылмыстық құқык бұзушы-лықтардың объективтік жағы эрекет немесе эрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамының міндетті белгісі - қоғамға қауіпті іс-эрекеттерді істеу тэсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабандыны істеу тэсілдері (234-бап); салық төлеуден жалтару (244, 245-баптар); кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тэсілдері (236-бап).

Көптеген қылмыстық кұқық бұзушылықтардың объективтік жағының белгісі -қоғамға қауіпті зардаптың - зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру -едэуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілген, (Мысалы, 214, 215, 221-баптар).

Субъективтік жағынан экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құкық бұзушылықтардың барлығы кінэнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Брі т^рғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істелген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ. Бірақ жекелеген қылмыстық құіу>іқ бұзушылық түрлері кінэнің екі нысанымен жасалады (іс-эрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен). Мысалы, 230-бап.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - жалпы, сондай-ақ арнаулы субъект болуы мүмкін. Осы тараудағы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін субъектінің жауаптылығы 16-жастан басталады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстык құқық бұзушылықтардың арнаулы субъектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекетгік органның лауазым-ды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары не-месе жеке кэсіпкерлер танылуы мүмкін.

§2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері

214-бап. Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет

1. Көсіпкерлік немесе банктік қызметті (банк операцияларын) тіркелусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынган түрлерімен айналысу, егер бул іс-арекеттер азаматқа, уйымга немесе мемлекетке ірі за-лал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе айтарлыңтай мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен үштасса -

2. Мынадай:

1) қылмыстық топ жасаган;

2) аса ірі мөлшерде табыс алумен уштасқан;

3) бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Кэсіпкерлік немесе банктік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шүғылдану, егер осы эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауарлар-ды өндірумен, сақтаумен не тасымалдаумен не өткізумен байланысты болса - іс-эрекет заңсыз кэсіпкерлік, заңсыз банктік қызмет деп танылады (ҚК-тің 214-бабы).

Азаматгардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тэртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тиісті бабында көрсетілген. Осыған орай азаматтар арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, занды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап кэсіпкерлік қызметпен айналысуға қү_қылы. Сондай-ақ шаруа (фер-мер) қожалығы; мердігерлік шарт жэне өзге де азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жү_мыс атқаратындар; көтерме жэне бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді оған қоса импорттық өнеркэсіптік жэне азық-түлік тауаряарын сол үшін арнайы бөлінген жерлер-де немесе комиссиялык дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс істеп, қызмет көрсетуден түскен түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан ас-пайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметгі жүзеге асырады (АК-тің 19-бабының 4-тармағы).

Азаматтық кодекстің 42-бабына сэйкес заңды тріғаларды мемлекеттік тіркеудің тэртібі көзделген. Осы жэне жеке кэсіпкерлік туралы 1997 жылғы 5 маусымдағы Заңға, «Лицензиялау туралы» Заңға сэйкес кәсіпкерлік қызметті атқару арнаулы рұқсат ли-цензия болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осыған орай осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі кэсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мемлекет белгілеген бірқалыпты дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстық қү_қық бұзушылық объективтік жағынан мынадай балама эрекеттерден құралады: 1. Кэсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кэсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей жүзеге асыру заңда белгіленген rip-Key тэртібін бүзып, Бұл әрекетті жүзеге асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға — заңда белгіленген қайсыбір кэсіпкерлік қызметті атқаруға арнаулы рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бү_зып кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға: лицензияда көрсетілмеген қызметгі жүргізу; немесе оның жүзеге асырылуы тэртібін бұзу, лицензияны бөтен адамға беру; қолданылу, мерзімі өтіп кеткен лицензияны пайдалану жэне т.б.

2. Кэсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Заңда кейбір қызметтің түрлерімен кэсіпкерлікпен шұғылдануға тыйым салынған. Осыған қарамастан кэсіпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кэсіппен шүғылданады.

3. Жоғарыда көрсетілген эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал кел-тірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауар-ларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен немесе өткізумен байланысты болса.

Заңсыз кэсіпкерлік қылмыс кұрамы жөнінен материалдық құрамға жатады. Осыған орай қылмыс заңда керсетілген ірі зиян келтірілумен немесе ірі мөлшердегі табыс та-бумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінэлінің қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі жалпы немесе арнаулы болуы мүмкін.

Ақша-несие жүйесіндегі қылмыс экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бү_л қылмыс заңсыз кэсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады.

Қылмыстық заңда: «Банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицен-зиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы эрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-эрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген (ҚК-тің 214-бабы).

Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол сүғу болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыстық қү_қық бұзушылықтың құрамы мынадай бірнеше, жеке дара эрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды) тір-кеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген эрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиян кел-тіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады.

Банктік қызметті (банктік операцияларды) лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз эрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы заңда көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұксат етілген банктік қызметті (операцияларды) істемей басқа қызметпен шұғылдану эрекеттері танылады. Көрсетілген іс-эрекеттер занда көрсетілген ірі зиян келтірумен не-месе ірі мөлшерде табыс алумен ұштасуы қажет. Егер заңда көрсетілген қылмыстық sap-flan орын алмаса, онда кінэлі адам экімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Ірі зиян немесе ірі мөлшердегі табыстың түсінігі Қылмыстық кұқық бұзушылықтың кодекстің 3-бабының тиісті тармақтарында көрсетілген. Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі болып заңсыз банктік қызметпен айналысқан Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады.

Субъективтік жағынан кылмыстық құқық бұзушылық кінәлінің қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасаканалықтың тікелей немесе жанама түрі де орын алады.

Қылмыстық топ жасаған; аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан; бірнеше рет жасалған эрекеттер заңсыз кэсіпкерлік қызмет жүргізу құрамының ауырлататын түріне жатады (219-бап 2-тармағы). Қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабында, бірнеше рет жасалған эрекетгер осы ҚК-тің 12-бабында; ірі залал — сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс (ҚК-тің 3-бабы, 3-тармақшасы);

Айтарлықтай мөлшер құны бір мың айлық көрсеткіштен асатын тауарлар саны (ҚК-тің 3-бабы, 2-тармағы) арнайы көрсетілген.

215-бап. Жалған кәсіпкерлік

1. Жалган кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, кредиттер-ді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру не-месе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жөрдемдесу маңсатында жеке кәсіпкерлік субъектісін қуру не басқа заңды тулгалардың олардың шешімдерін айқындау құқыгын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайла-рын) иемдену, сол сияқты оларга басшылық ету, егер Бұл іс-әрекеттер азаматқа, үйымга немесе мемлекетке ірі залал келтірсе -

2. Мынадай:

1) бірнеше рет;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) мемлекеттік функцияларды орындауга уакілеттік берілген адам не оган теңестіріл-ген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган дәл сол іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен үштасса;

4) басңа жеке (заңды) тұлганың келісімінсіз оның ңужаттарын не жалган қужаттар пай-даланып жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде кәзделген, қылмыстық топ жасаган немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер -

Жалған кэсіпкерлік, яғни кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, кредиттер-ді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру не-месе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жэрдемдесу мақсатында жеке кэсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тріғалардың олардың шешімдерін айқындау кұқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайла-рын) иемдену, сол сияқгы оларға басшылық ету, егер бұл іс-эрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе, - деп белгіленген.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі кэсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық эрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың басты шарты - азаматтың, ұйымның неме-се мемлекеттің құкықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объектив-тік жағынан осы бапта көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы: кэсіпкерлік немесе банктік қызметгі жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты келтіре отырып коммерциялық ұйым кұру әрекеті арқылы сипат-талады. Қылмыстық құқық бұзушылық тек эрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ү_йым кұру үшін оны тіркету жэне оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық қүжаттарды дайындайды. Қүрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік немесе банктік қызмет занды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы жэне есептесу шоты белгіленеді.

Осымен кэсіпкерлік ұйымның барлық занды қызметі доғарылады да жалған кэсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке злян келтіруге бағытталған басқа эрекеттермен шүғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражатгарын жи-найды, сөйтіп тыйым салынған қызметпен айналыса бастайды. Осындай эрекеттердің нэтижесінде қоғамға қауіпті зардап — азаматка, ү_йымға қауіпті зардап немесе мемлекетке ірі залал келтіріледі. Осы уакыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы зандылық мэні жөнінен материалдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық қасақаналықпен (тікелей неме-се жанама) жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субьективтік жағының қажетті белгісі - тыйым салынған қызметті жасыру, заңсыз несие алу, салық төлеуден босатылу немесе өзге де мүліктік пайда табу мақсаты болады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - кез келген есі дұрыс, 16-ға толған аза-мат.

Жалған кэсіпкерліктің ауырлататын түрлеріне: 1) бірнеше рет; 2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасалса; 3) мемлекеттік функцияларды орындауға уэкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып 4) басқа жеке (заңды) түлғаның келісімінсіз оның құжаттарын не жалған кркаттар пай-даланып жасалған дэл сол іс-эрекеттер жасаса (215-бет 2-бөлігі) ауырлататын түріне; ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не-месе аса ірі залал келтірген іс-эрекеттер — аса ауырлатып түріне жатады.

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау

1. Мүліктік пайда any маңсатында жеке квсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жүмыстар орындалмай, қызметтер иөрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әреиеттерді азаматқа, үйымга немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы -

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) бірнеше рет;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалган;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оган теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган іс-әрекет, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен үштасса;

5) жалган кәсіпорынды пайдалану арқылы жасалған іс-әрвкет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер -

Мүліктік пайда алу мақсатында жеке кэсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша эрекеттерді азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы ҚК-тің 216-бабындағы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының негізі болып табыла-ды.

Қылмыстық қүдық бұзушылықтың тікелей объектісі — экономикалық қызмет аясындағы қоғамдық қатынастарға қол сүғу. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты -шот-фактуралар, жалған мэміле құжаттары.

Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық белсенді эрекет арқылы жеке кәсіпкерлік қызметті эдейі, орындамай, құқыққа қарсы эртүрлі амалдарды қолданып, азаматқа, үйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіре отырып эртүрлі заңсыз мэмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.

Бұл қылмыстық қү-Қық бұзушылық көбінесе шот-фактураларды пайдалану, жалған мэміле қркаттарын іске асыру арқылы істеледі. Яғни қылмыстық құқық бұзушылық ар-найы алаяқтық құрамының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - материалдық. Ірі залал келтірген мэміле жасау қылмыстың аяқталғанын біл-діреді. Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 3-бабының 3-тармағында айтылған. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік ни-етпен жүзеге асырылады. Қылмыс субъектісі — арнайы жеке кэсіпкерлікпен шүғылдануға құқығы бар 16 жасқа толған есі дұрыс адам.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) бірнеше рет;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалған;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уэкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-эрекет, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

5) жалған кэсіпорынды пайдалану арқылы жасалған іс-эрекет қылмыстың ауырлата-тын түрі (216-бап, 2-бөлігі), ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе аса ірі залал келтірген іс-эрекеттер (216-бап, 3-бөлігі) қылмыстық аса ауырлататын түрі болып табылады. Ауырлататын, аса ауырлататын қылмыс құрамының белгілері ҚК-тің 215-бабындағы көрсетілген осындай белгілермен бірдей.

217-бап.Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету

1.Қаржылық (инвестициялың) пирамиданы қуру, ягни тартылған қаражатты қабылданган міндеттемелерді қамтамасыз ететін кэсіпкерлік қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлгалардың ақшасын немесе өзге мүлкін не оган құқығын қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы осы ак-тивтерді тартудан табыс any (мүліктік пайда табу) жөніндегі қызметті уйымдастыру, сол сияқты қаржылық (инвестициялың) пирамидага немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалган дөл сол іс-әрекеттер –

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) ңылмыстық топ жасаган;

2) аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған;

3) мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адам не оган теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен уштасса, -

Ескерту.

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құруға дем берушілік немесе оған немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ оның қызметін ашуға немесе жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастырушыдан басқа адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кэсіпкерлік қызметке пайдаланбай, жеке жэне (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкін не оған құқығын қайта бөлу жэне бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы осы ак-тивтерді тартудан табыс алу (мүліктік пайда табу) жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сол сияқты қаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету.

Қылмыстық күктдқ бұзушылықтың объектісі — қаржылық (инвестициялық) пирамида-ны құру жэне оған басшылық етуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан эрекет арқылы қаржылық пирамиданы құрып, кэсіпкерлік қызметке пайдала-нып заңда, жеке ттріғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін активтерге тартып табыс алуды пайда табуды ұйымдастыруды көздеп, пирамиданы құру және оған басшылық ету қызметін заңсыздық іс-эрекеттерге пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бұзушылык субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған дэл сол іс-эрекеттер (217-бап, 2-бөлігі) қылмыстық ауырлататын түрі, ал осы баптың бірінші неме-се екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстьщ топ жасаған;

2) аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған;

3) мемлекеттік функцияларды орындауға уэкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-эрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, (217-бап, 3-бөлігі) қылмыстық құқық бұзушылықтың аса ауырлататын түрі болып табылады.

217-баптың ескертуіне сәйкес:

Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы қүруға дем берушілік немесе оған немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету туралы өз еркімен мэлімдеген, сондай-ақ оның қьізметін ашуға немесе жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастырушыдан басқа адам, егер оның эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

218-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)

1. Қылмыстық және (немесе) әкімшілік қуқық бузушылыңтардан түскен табыстар бо-лып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынган ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымга тарту, егер мұндай мүлік қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқың бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оган билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүліике қуңықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе ңылмыстық жолмен алынган ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруга делдалдық ету, егер Бұл іс-әрекеттер айтарлыңтай мөлшерде жасалса -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесв екінші бөліктерінде көзделген:

1) мемлекеттік фунщияларды орындауга уәкілеттік берілген адам не оган теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

2) қылмыстық топ жасаган;

3) ірі мөлшерде жасалган іс-әрекеттер -

Ескерту.

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не оның жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс қурамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қылмыстық жэне (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыстар бо-лып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мэмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны жэне (немесе) өзге мүлікті занды айналымға тарту, егер мрідай мүлік қылмыстық жэне (немесе) экімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сиякты осы мүлікті иелену жэне пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, егер Бұл іс-эрекеттер айтарльщтай мөлшерде жасалса - қылмыстық жолмен ақшаны жэне өзге мүлікті заңцастыру (жылыстату) қылмысының құрамын көрсетеді (218-бап, 1-бөлігі).

Занда мүлдай эрекеттер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті зандастыру деп аталады.

Қылмыстық құқық бү-зушылықтың тікелей объектісі экономикалық қызмет аясындағы ақша қаражат айналымын реттеудің қоғамдық қатынастары болып табылады.

Осы қылмыстық құқық бұзушылық қү_рамының міндетті белгісі — оның заты болып табылады. Қылмыстық қүдық бұзушылықтың затына акдіа қаражаты немесе заңсыз жол-мен алынған өзге мүліктер жатады. Ақша қаражаты теңгелік немесе валюталық көріністе болады. Мүлік қозғалатын немесе қозғалмайтын (ғимараттар, құрылыстар, кешендер), сондай-ақ меншікке немесе жалға алынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 218-бабындағы көрсетілген эрекеттер нысаны бойынша занды мэнге ие болған сияқты болып көрінеді, бірақ мазмүлы жөнінен алып қарағанда Бұл эрекеттердің бэрі қылмысты эрекетке жатады, өйткені қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - ақша жэне мүлік заңсыз жолмен - жымқыру, қызмет бабында пайдакүнемдікпен қиянат жасау, есірткі немесе қару-жарақты заңсыз сату, заңсыз кэсіпкерлік немесе банк қызметі, жалған кэсіпкерлік, салықты төлеуден жалтару арқылы алынған.

Қылмыстық күуьттс бұзушылықтың объективтік жағы — занда белгіленген мынадай нысандар арқылы: 1) ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операцлялар жасау; 2) басқа да мэмілелер жасау; 3) қаражатты немесе өзге де мүлікті кэсіпкерлік не-месе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану. Ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар жасау деп заңсыз жолмен алынған ақша каражаттарын пайдаланып банктік есеп ашу немесе жүргізуді, оны төлем қаражаты ретін-де пайдалануды, осы қаражатқа акция, вексель, облигация, басқадай бағалы қағаздарды алуды немесе оларды басқадай айырбас құралы ретінде пайдалануды айтамыз.

Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүліктерді пайдала-ну арқылы азаматтық қү-қық жэне міндеттерді белгілейтін, өзгертетін немесе жоятын эрекеттерді (сатып алу, сату, айырбастау, сыйға беру, т.б.) істеуді басқа да мэмілелер жа-сау деп айтамыз.

Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті кэсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті одан эрі дамытуға жұмылдыру, жарғылық қорға айналдыру кэсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті заңсыз жүзеге асыру үшін пайдалану деп танылады.

Қылмыстық кү-қық бұзушылық құрамы жағынан формальдық қүрамға жатады. Қылмыстық қү-қық бұзушылық объективтік жақтың осы белгілерінің біреуі жасалған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық қүкьтк бұзушылык субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам көрінеу заңсыз жолмен аталған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды ұғынады жэне соны тілейді. Қылмыстық қу-Кық бұзушылық ниет субъективтік жақтың қажетті белгісі болып табылмағанымен, ол сөз жоқ соттың жаза тағайындау барысында есепке алынады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі -16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 218-бабының 2-тармағында мынадай ауырлататын белгілер көрсетілген: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 2) бірнеше рет; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған эрекеттер.

Егер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды бірлесіп жасау туралы күні бұрын - қылмыстық қү_қық бұзушылық істелгенге дейін уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. Тапданып отырған қылмыстық кұкьтк бұзушылықтың объективтік жағынан белгілерін екі немесе одан да көп жасау, егер адам бұрын жасалған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен қылмыстық кұқық бұзушылық үшін жауаптылықтан босатылмаса, не соттылығы жойылмаса немесе қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтпесе онда қылмыстық кұқьіқ бұзушылық элденеше рет істелген деп танылады. Осы бап бойынша қызмет бабын пайдаланып жасаған эрекетке мемлекеттік органның, коммерциялық немесе өзге де ұйымның заң бойын-ша лауазымды адамы деп танылғандардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жата-ды. Қылмыстық кодекстің 218-бабының 3-бөлігінде осы қылмыстың өте ауырлататын белгілері көрсетілген. Олар қылмыстық топ жасаған немесе ірі мөлшерде жасалған эрекеттер. Қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында берілген. Осы бап бойынша жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қылмыстық жол-мен алынған ақша жэне (немесе) өзге мүлік (ҚК-тің 3-бабы, 38-тармақшасы) ірі мөлшер деп танылады. Осы 218-бапта көрсетілген ескертуге сэйкес қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті зандастыру дайындалып жатқаны не жасалғаны тура-лы ез еркімен мэлімдеген адам, егер оның іс-эрекетіне осы баптың екінші жэне үшінші тармағында көзделген кылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

219-бап. Кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану

1. Дара кәсіпкердің немесе үйымның шаруашылық жагдайы, ңаржылық жай-күйі немесе кепіл мүлкі туралы немесе кредитті, дотацияны, кредиттеудің жеңілдікті шарттарын any үшін елеулі мәні бар өзге де мән-жайлар туралы көрінеу жалган мәліметтерді банкке немесе өзге де кредиторга ұсыну арқылы дара кәсіпкердің немесе үйым басшысының кредитті, дотацияны не кредиттеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сол сияқты кре-диттеуді, дотация беруді тоқтатуга, жеңілдіктерді жоюга не бөлінген кредит пен дота-ция мөлшерлерін шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін мән-жайлардың туындаганы туралы ақпаратты банкке немесе өзге кредиторга хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе -