Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§3. Соғыс қылмыстары

163-бап. Соғыс жүргізудің тыйым салынған қүралдары мен әдістерін қолдану

1.Әскери тұтқындарга немесе азаматтық тұргындарга қатыгездікпен қарау, азаматтық тұрғындарды депортациялау, оккупацияланған аумаңта улттық мүлікті жою немесе тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынган қуралдар мен әдістерді қарулы қақтыгыста қолдану -

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынган жаппай қырып-жою қаруын қолдану-

Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра зандылық күші бар халықаралық актілер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сэуірде Парижде қабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте қабылданған жары-латын немесе күйдіретін қаруды қолдануды жою жөніндегі Декларация, 1899 жэне 1907 жылдары Гаагада қабылданған Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мэдени құндылықтарды қорғау туралы) жэне тағы басқалары.

Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық қү_қық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен эдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан эскери түгқындарға немесе эскери емес тұтқындарға қатыгездікпен қарау, эскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған қү_ралдар мен эдістерді әскери жанжалда қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Әскери түгқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерінің қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтарының мүшелері, қарсыласу қозғалыстарының қатысушылары, азаматтық немесе үлт-азаттық қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен эскери журналистер, эскери-медициналық, эскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. 1949 жылғы «Соғыс тұгқындарымен қатынас жөніндегі» Женева конвенциясына сэйкес соғыс тұліалндарына ізгілікпен қарау белгіленген, оларға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес тұтқындарға - соғысқа қатыспаған, бірақ жау қолына түсіп қалған бейбіт түрғындар жатады. Женева конвенциясында бейбіт тұрғындарға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес түрғындарды күштеп көшіруге бейбіт тұрғындарды өздері мекендеген жерлерден басқа жаққа зорлықпен еріксіз көшіру, қоныс аудартулар жатады.

Басып алынған аумақта үлттық мүлікті тонауға - соғысушы жақтың өзі басып алған мемлекеттің мүлкін жою, қирату немесе оларды талан-таражға салып, өз мемлекетінің меншігіне алу эрекеттері жатады. ¥лттық мүлікке - материалдық жэне рухани игіліктер жатады. Қазақстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым салынған кұралдар мен әдістерді, эскери жанжалды қолдануға адамзатқа қасірет экелетін жэне қоршаған ортаны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдандыратын шараларды жүзеге асырулар жа-тады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сэйкес күйдіретін, жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын немесе басқадай бактериологиялық заттарды, жаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялық, биологиялық қаруларды соғыс жағдайында қолданбауға міндетті.

Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану осы қылмыс қүрамының ауырлататын түрі болып табылады (163-баптың 2-тармағы).

Қылмыс қүрамы формальдық, сондықтан да ол осы баптың диспозициясында көрсетілген эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.

164-бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу

1.Оккупацияланган аумақта немесе согыс қимылдары ауданында қаруын тапсырган немесе қорғану қуралдары жоқ, жараланган, ауру, корабль апатына ұшыраган адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, әскери тутқындарды, азаматтық тургындарды, согыс қимылдары уақытында халықаралық қоргауды пай-даланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуга мәжбүрлеу не олардың тәуелсіз және бейтарап сотқа қуқыгынан айыру не қылмыстық com ісін жүргізуде осы адамдардың ңорғану құқыгын шектеу -