Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§4. Талан-тараждың түрлері

Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодексте бөтеннің мүлкін үхақ-түйек жымқыруға салғаны үшін қылмыстық қүқық бұзушылық үшін жауаптылық ҚК-тің 187-бабында көрсетілген. Мүлдай іс-эрекет қылмыстық қүдық бұзушылық ретінде қарастырылады. Тонау немесе қарақшылық жасағанда талан-таражға салынған заттың құнына қарамастан ондай іс-эрекет қылмыстық құқық бүзушылық деп танылады.

Қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда жымқырудың түрі негізінен үшке бөлінеді: а) жай — яғни талан-таражға түскен мүліктің қүлы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен белгілі бір еседен асып түсетін (бү_л тонауға жэне қарақшылыққа жатпайды); б) жымқырудың екінші бір түрі - азаматтарға едэуір залал келтірген (негізі-нен үрлық қүрамы бойынша); в) жымқырудың - үшінші түрі ірі мөлшер немесе ірі залал, яғни заңмен белгіленген есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің қү_ны немесе залалдың мөлшері. Жымқыруға түскен мүліктің құны қылмыс істеген уақыттағы зиянмен белгіленген айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді. Жымқыруға ұшыраған мүліктің бағасы мем-лекеттік өткізу бағасымен, егер мүлік нарық немесе комиссиялық бағамен алынса, осы бағалармен есептелуі қажет. Жымқыруға түскен заттың бағасы белгісіз болса, онда оның бағасы сарапшының қорытындысы бойынша аньщталады.

193-бап. Ерекше қундылығы бар заттарды жымқыру

1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылыгы бар заттарды немесе құжаттарды жымқыру, оларды жымқыру тәсіліне қарамастан, -

2. Мынадай:

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган;

2) бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) ңылмыстық топ жасаса;

2) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген заттарды немесе құжаттарды жоюға не Бұлдіруге әкеп соқса -

Қазіргі жаңа Қылмыстық кодексте жымқырудың ерекше түрі - ерекше құнды заттар-ды немесе құжаттарды жымқыруға салуды қылмыстың затының ерекшелік белгісіне бай-ланысты жеке құрам ретінде бөліп қараған.

Қылмыстық кодекстің 193-бабының 1-тармағында ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құңды заттар мен құжаттарды жымқыру, жымқырудың жымқыру тэсіліне қарамастан осы қылмыс қүрамын құрайды деп белгіленген. Жымқырудың осы түрінің заты болып ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құнды затгар мен құжаттар танылады. Бұларға археологиялық қазбалар нэтижесінде табылған ерекше затгар, көркемдік маңызы ерекше заттар (картиналар, скульптуралық шығарма, эр түрлі нэрселерден жасалған көркем бұйымдар), көне кітаптар, сирек қолжазбалар, ар-хивтер, сирек кездесетін коллекциялық байланыс маркалары, көне мэнеттер, ордендер, ғылым немесе мэдениет үшін аса құнды құжаттар жатады.

Заттар мен құжатгардың ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құндылығы, олардың ақшалай бағасымен бірге тарихи, ғылыми немесе мэдениет үшін жэне бар немесе жоғына байланысты сарапшылық қорытындысы арқылы анықталады.

Қылмыстық куқьіқ бұзушылық объективтік жағынан ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құнды заттар мен кркаттарды талан-таражға салу, талан-тараждың тэсіліне (ашық, жабық, күш қолдану арқылы, алдау немесе сенімге қиянат жасау) қарамастан жүзеге асырылады. Мұндай эрекеттерді істеу ұрлық, алаяқтық, иеленіп кету немесе ысырап ету, тонау я болмаса қарақшылықпен жасалуы да мүмкін.

Қылмыстык кодекстің 193-бабы ерекше құлды заттарды мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарды, мекемелер мен кэсіпорындардан, сондай-ақ заңды немесе заңсыз жолмен осы заттарға иелік етуші азаматтардан талан-таражға салғаны үшін қылмыстық құдық бұзушылық үшін жауаптылықты қарастырып отыр.

Ерекше құнды заттар мен құжаттарды талан-таражға салу сол заттарға кінэлі адам толық иелік еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Қарақшылықта бұл қылмыстық құқық бұзушылық шабуьш жасаған сэтінен бастап аяқталған деп есептеледі. Мұндай ретте оның эрекеті осы 193-баппен косымша сараланбайды. Осы көрсетілген қылмыстық қүдық бұзушылық қүрамын - ұрлық, тонау немесе қарақшылық нысандары арқылы істеген 14-ке толған адам осы қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі бо-лып танылады, ал талан-тараждан басқа нысандармен осы кылмысты істеген жағдайда -қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып - 16-ға толған азаматтар танылады.

Көрсетілген қылмыс қүрамы субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатпен жүзеге асырылады.

Қылмыстық кодекстің 193-бабының 2-тармағында осы қылмыс құрамының мынадай ауырлататын түрлері көрсетілген:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) бірнеше рет жасалса;

Ал баптың 3-бөлігінде 1) қылмыстық топ жасалса;

2) Жымқыруға түскен ерекше құнды заттарды немесе қүжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе Бұлінуіне экеп соғуы болып табылады (ҚК-тің 193-бабының 4-бөлігі). Бүл жерде ерекше қүлды заттар мен құжаттардың жойылуы деп оның іске мүлдем жа-рамсыз болып қалуы айтылады. Мүлдай ретте аталған нэрселердің тарихи, ғылыми жэне мэдени қүндылықтары түкке тұ_рғысыз болып қалады да, өз мақсатында пайдалануға жа-рамайды.

Ерекше қүндьт заттар мен құжаттардың бұзылуы немесе Бұлінуі деп дүрыс сақтамаудан олардың тарихи, ғылыми немесе мэдени қүлдылықтарының едэуір то-зуы, іске жарамдылығының кемуі, оларды бұрынғы қалпына келтірмесе немесе қайта өңдемесе, түзетпесе пайдалануға жарамайтындығын айтамыз.

Қылмыстық топтың түсінігі 31-баптың 31-тармақшасында көрсетілген.