Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.69 Mб
Скачать

2. Абайсызда жас баланың өліміне өкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

Жас балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді қызметі бойынша өзіне осындай міндеттер жүктелген адамның не осы мін-деттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісінше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсыз-да ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге экеп соқса - жауаптылық ҚК-тің 141-бабы бойынша шешіледі.

Қылмыстық құқықтағы бұл бап мүлдем жаңа құрам болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың тікелей объектісі-балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдык қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жэбірленушісі - балалар.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан - қызметі бойынша өзіне балалардың өмірі мен денсаулығының кауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның не осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушының не-месе мұндай міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісінше орындамауы арқылы көрініс береді. Яғни көрсетілген қылмыс эрекетсіздік аркылы істеледі. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар өз міндеттерін тиісінше орындамайды. Мысалы, балабакша меңгерушісі жас балаларды қараусыз тастап, дүкен аралап кетеді, осы кезде баланың бірі көшеге шығып кетіп, көлікке қағылып, орташа ауырлықтағы дене жарақатын алады. Бұл жерде кызметі бойынша өзіне жүктелген мін-детті балабақша меңгерушісі орындамау салдарынан баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Немесе арнайы тапсырмамен мектеп оқушыларын саяхатқа апарған адамның бейқамдығынан, оқушы суға құлап, ауыр дене жарақатын алады. Бұл жерде арнайы тап-сырма алған адам өз қызметіне жауапсыз қараудан бала денсаулығына зақым келген. Осын-дай міндетті ерікті түрде өзіне алған адамдарға - панасыз балаларды өз қамқорлығына алғандар, қорғаншылар, бала асырап алғандар жатады. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық жэне ол занда көрсетілген зардап - баланың денсаулығына абай-сызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілген сэтген бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстық құқық бұзушылықты эрекетсіздік пен орын алған зардаптың ара-сында себепті байланыс болуы хақ. Субъективтік жағынан қылмыс абайсызда істеледі. Егер мұндай іс-эрекет қасақана істелсе, онда кінэлінің жауаптылығы жэне адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жөніндегі тараудың тиісті бабымен сараланады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы — жасы 16-ға толған, өзіне осы міндеттер қызметі бойынша жүктелген адам; осы міндеттерді арнайы тапсырма бойын-ша орындаған адам; мұндай міндеттерді өзіне ерікті түрде алған адам. Абайсызда жас баланың өліміне экеп соққан эрекет осы қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын түрі болып табылады (141-баптың 2-тармағы).

142-бап. Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану

Қорганшылыгындагы (қамқорлыгындагы) баланың қуқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі түрде қысым жасауға әкеп соққан, қорганшылықты немесе ңамқоршылықты пайдакүнемдік немесе ңорғаншылығындағы (қамқорлыгындагы) балага зиян келтіріп өзге де ұждансыз пигылмен пайдалану немесе қорганшылыгындагы (қамқорлыгындағы) баланы қадагалаусыз немесе қажетті көмексіз қасақана қалдыру –

Қылмыстық құқык бұзушылықтың объектісі - қамқоршы немесе қорғаншы тағайындалған баланың денсаулығы, дұрыс тэрбиесі, сондай-ақ олардың материалдық мүдделері. Объективтік жағынан қылмыстық кұдық бұзушылық қамқоршылықты не-месе қорғаншылықты пайдакүнемдік немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтіру үшін өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажетті көмексіз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдцелеріне еле-улі нұқсан келтіруге әкеп соғу эрекеттерін істеу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайда табу мақсатымен - яғни балаға тиісті меншікті талан-таражға салу үшін пайдалану немесе балаларға тиімсіз келісімдер жа-сау; балаларды көмексіз, қадағалаусыз қалдырып қаңғытып жіберу, оларды ү_рып-сабау, қорлық көрсету, аш ұстау, оқытпау сияқты завды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіру.

Қылмыстық құқық бұзушылык материалдық құрамға жатады. Заңда көрсетілген баланың қүқықтары мен занды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіру мэселесі нақты жағдайларға байланысты сот органдары арқылы анықталады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді. Қылмыстық құқық бұзушыльщтың мақсаты - пайдакүнемдік немесе өзге де арам пиғылдар. Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі — заң бойынша белгіленген қамқоршы немесе қорғаншы.

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету