Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОММЕНТАРИЙ УК (Ерекше блік) - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дел сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі — өрт қауіпсіздігі ережелерін рес-ми белгілеп, реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі - адам өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты болып өрт қаупін туғызатын кез келген көздер - электр энергиясы, жанар-жағар май материалдары, жарылғыш заттар, өрттің ашық өрістеуі танылады.

Объективтік жағына талданып отырылған қылмыстық қү_қық бұзушылық (292-баптың 1-тармағы) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге экеп соғу арқылы сипатталады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу эрекет аркылы (тез тұтанатын заттарға жақын от жағу, пісіру, күйдіру жұмысын жүргізу) не­месе эрекетсіздік арқылы (өрт қаупі бар жерде темекі тарту, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етпеу, тұрғын-жайды, қоймаларды өрт қаупі бар заттардан тазаламау т.б.) жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабы - өрт қауіпсіздігі ережелерін сактамаудан адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (ҚК-тің 106, 107-баптарын қараңыз) келтіру немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян кел-тіру. Жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген за-лал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштің бір мың айлық есе алатын сомада келтірілген залал (ҚК-тің 3-бабы 38-бөлігі).

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу мен одан пайда болған зардаптың арасында себепті байланыс болады. Қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрам.

Субъективтік жағынан қылмыс кінэлінің абайсыздық нысаны (менмендікпен немесе немқұрайдылыкпен) жасалады.

Қылмыстық кұқық бұзушылыктың субъектісі — арнаулы, 16-ға толған өзіне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндеті жүктелген адам.

Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-тармағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауаптылықтың ауырлататын түрі көзделген. Бүған абайсызда кісі өліміне неме­се өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан жағдайлар жатады. Өзге де ауыр зардаптарга, мысалы коймалардың, жұмыс орындарының өрттен тұтас жанып кетуі, ұзақ уақытқа кэсіпорын жріысының тоқтап қалуы жэне т.б. әрекеттер жатады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп сокдан іс-эрекет - қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 292-бабы, 3-бөлігі).

§3. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық куқық бұзушылықтар

Мемлекет қоғамдық тэртіпті сақтауға, адамдардың тыныштығын, олардың заңды мүдделері мен қү-қықтарының бұзылмауына ерекше мэн береді. Осыған орай Қылмыстық кодекстің жекелеген тарауы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тэртіпті реттеуге, қорғауға арналған. Қоғамдық тэртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері жаппай тәртіпсіздіктер (272-бап), бұзақылық (293-бап), тағылық (295-бап) болып табылады. Осы қылмыстардың топтық объектісі - қоғамдық тэртіп. Өйткені көрсетілген қылмыстардың кез келгенін істеу арқылы объект ең алдымен қоғамда қалыптасқан тэртіпке қол сұғады. Қоғамдык тэртіпке көрсетілген осы қылмыс құрамдарының тіке-лей объектісі де болады. Осы кұрамдардың қосымша тікелей объектісі - адамдардың денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, меншігі болуы да мүмкін.

Енді осы құрамдардың эрқайсысына жеке-жеке талдау жасайық.

272-бап. Жаппай тәртіпсіздік

1.Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бузумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылгыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне ңарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікті уйымдастыру -